Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Кітапхана қызметкерлерін тегін медициналық қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты

05.07.2023
КҮЛТӨБЕ
Кітапхана қызметкерлерін тегін медициналық қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты
WhatsAppTelegramFacebook

ҚРКФ төрағасы Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Талдықорған қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада болды. Сатыбалды Дәулеталинмен облыс орталығында өткен кездесуге облыс аудандарынан кітапханашылар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, мәдениет саласындағы әлеуметтік әріптестер келді.

Мәдениет, ақпарат және спорт қызметкерлері салалық кәсіподағының облыстық филиалының жетекшісі Сәуле Ахмадиеваның айтуынша, Жетісу өңірінде 147 кітапхана бар, оларда 399 адам еңбек етеді. Сәуле Ахмадиева кәсіподақ ұйымдарының қызметіндегі жетістіктердің бірі ретінде 2022 жылдан бастап жыл сайын 24 қазанда аталып өтетін кәсіби мереке – Кітапханашылар күнін атап өтті. Кітапхана қызметкерлерінің негізгі проблемалары – жалақының төмендігі, субсидияланған тұрғын үй бағдарламасының жоқтығы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, кәсіби аттестаттау мәселелері.

«Кітапхана қызметкерлерін аттестаттау үш жыл сайын өткізіледі. Оның үстіне 20-25 жыл еңбек өтілі бар кітапханашылар жас мамандармен тең дәрежеде аттестациядан өтеді. Аттестаттау сынақтарының мазмұнының өзі күмәнді, көбінесе кәсіби қызметке мүлдем қатысы жоқ сұрақтар туындайды. 20 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар кітапханашыларды аттестациядан босатуды көптен сұрап келеміз», – дейді кітапханашы Ғалия Ешенова.

Оның әріптесі Әсем Ишамбаева кітапханашыларға медициналық көмек көрсету мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, кітапханашылар жыл сайын өз қаражаты есебінен міндетті медициналық тексеруден өтуі керек, бұл қалтаға айтарлықтай зиян тигізеді. Салада орташа жалақы 120-140 мың теңгені құрайды.

«Қазіргі заманғы кітапханалардың жұмысын бағдарламашыларсыз елестету мүмкін емес, олардың жалақысы 80 000 теңгеге әрең жетеді. Сондықтан кітапханаларда көмекші кадрлардың ауысуы жиі орын алады», – дейді облыстық кітапхана директоры Самал Шаяхметова.

            Салада қордаланып қалған мәселелерді талқылау барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Еңбек» депутаттық тобының арқасында кітапханашыларды тегін медициналық тексеруден өткізу мәселесі қаралып, келесі сессияда мәслихаттың шешімімен кітапханашылардың пайдасына бекітілетіндігін жеткізді.

«Біз сіздердің салаларыңыздағы қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін тұрақты бақылауда ұстаймыз. Кәсіподақтар бюджеттік сала қызметкерлеріне базалық лауазымдық жалақы – БЛЖ негізіндегі жалақыны алып тастауды талап етуде. Әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылдың арқасында бұл мәселеде ілгерілеушілік бар, яғни, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен тиісті ведомствадағы әлеуметтік әріптестер тиісті есеп-қисаптарды жүргізіп жатыр деп сендіреді. Кадр мәселесін шешу тікелей жалақы мөлшеріне байланысты екенін де түсінеміз. Бұл мәселелер тығыз байланысты және жүйелі шешімді талап етеді, біз үкіметке тиісті заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар пакетін енгіздік», – деді ҚРКФ басшысы.

Салада әлеуметтік әріптестікті дамытудағы кәсіподақтардың рөлін Жетісу облыстық мәдениет басқармасының мониторинг бөлімінің басшысы Жанар Талханова атап өтті.

«Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мәселелерін шешу үшін облыстың кәсіподақ орталығымен бірлесе отырып көптен бері жұмыс істеп келеміз. Осыдан төрт жыл бұрын кәсіподақ ұйымдары мен мәслихаттың қолдауының арқасында мұрағат қызметкерлеріне өтемақы төлеу мәселесі шешілді. Қазіргі таңда басқарма бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсынысы бойынша кітапхана қызметкерлерін қызметтік баспанамен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруға дайын», – деді облыстық мәдениет басқармасының өкілі.

Сала кәсіпорындары мен ұйымдары қызметкерлерінің мүдделерін қорғау бойынша әлеуметтік әріптестермен бірлескен жұмыс тақырыбын жалғастырған Сатыбалды Дәулеталин заманауи қазақстандық қоғамдағы Еңбек адамы мәртебесін анықтау бойынша кәсіподақтардың ұстанымымен бөлісті.

«Әділетті Қазақстанды құру мақсатын қоя отырып, әлеуметтік әріптестер ең бастысы – Еңбек адамының мәртебесін көтеруден, еңбек идеологиясын жаңғыртудан бастауы керек. Кәсіподақтар үшін Әділетті Қазақстан – Еңбек адамы үшін әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, еңбекке деген әділ қатынас, әділ еңбек қатынастары, әділ еңбекақы. Кітапханашылар – ұлттың рухани дамуы тікелей байланысты еңбек адамдары», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

ҚРКФ медиаорталығы

 

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.