Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР: СУДЫ ҮНЕМДЕЙТІН ФЕРМЕРЛЕРГЕ ҒАНА СУБСИДИЯ БЕРІЛСІН

4 шілде 2023
КҮЛТӨБЕ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР: СУДЫ ҮНЕМДЕЙТІН ФЕРМЕРЛЕРГЕ ҒАНА СУБСИДИЯ БЕРІЛСІН
WhatsAppTelegramFacebook

Суды үнемдеу технологияларын қолданған фермерлерге ғана субсидия берілуі тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты деп хабарлайды 7su.kz желілік баслымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Егіс алқаптарына жіберілетін судың біраз бөлігі ескірген каналдардың салдарынан ысырап болып жатқанына тоқталған Үкімет басшысы: «Негізінде, жаз айларында судың шығыны 10-15 пайыздан аспауы тиіс. Ол үшін барлық суару каналдары мен су қоймаларын жөнге келтіру қажет. Ондағы барлық процестерді міндетті түрде автоматтандырып, цифрландыру керек. Әсіресе, суды барынша ұтымды пайдалану мәселесі басты назарда болуы тиіс. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, дақылдарды әртараптандыру жұмыстарын күшейтуі қажет», — деді.

Оның айтуынша, суармалы егіс алқаптарындағы су тарифтеріне қатысты мәселе көп.

«Мемлекет басшысы қолданыстағы тарифтер суды үнемдеп жұмсауға ынталандырмай отырғанын баса айтты. Сондықтан бұл саладағы тарифтік саясатты қайта қарап, адамдардың суға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру қажет. Жалпы Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен өңір әкімдіктері вегетациялық кезеңде белгіленген барлық жоспарларды орындау бойынша жұмысты күшейтуі тиіс», — деді Премьер-Министр.

Осы орайда ол министрліктерге бірқатар тапсырма берді.

«Біріншіден, Экология, Сыртқы істер министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су дипломатиясы бойынша нақты позицияны айқындап, оны үкіметаралық комиссиялар аясында біздің мүдделерімізді ескере отырып қорғауды қамтамасыз етуі қажет. Экология министрлігі мен әкімдіктер су шаруашылығы объектілерін салу және күрделі жөндеу жобаларын, сондай-ақ суды есепке алудың цифрлық жүйелерін енгізу жұмыстарын жалғастыруы керек. Екіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі суару тәсілдеріне байланысты Субсидияларды саралау ережелерінің тез арада қабылдануын қамтамасыз етуі қажет. Яғни, суды үнемдеу технологияларын қолданған фермерлерге ғана субсидия берілуі тиіс. Суды тиімді пайдалануға ынталандыру, оның ішінде үнемдеу және тамшылатып суару технологияларын енгізу мен жаңбырлатып суару қондырғыларын пайдалану бойынша жұмысты күшейту қажет», — деді Әлихан Смайылов.

 

Мұнымен қоса облыс әкімдіктеріне «Қазсушар» филиалдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы дақылдарын кезекпен суаруды ұйымдастырып, қайтарымды суларды қайта пайдаға жаратуы жүктелді. Бұл каналдардағы су шығынын азайтуға және суды үнемдеп тұтынуға мүмкіндік береді.

 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.