Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Алматының таулары кімнің меншігіне өтіп кеткен?!»: Бақытжан Базарбек депутаттық сауал жолдады

28.06.2023
КҮЛТӨБЕ
"Алматының таулары кімнің меншігіне өтіп кеткен?!": Бақытжан Базарбек депутаттық сауал жолдады
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды иеліктен шығару мәселелері бойынша депутаттық сауал жолдады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеп хабарлайды.

Алматының таулары кімнің меншігіне өтіп кеткен?! АИС ГЗК базасы бойынша Алматы қаласының Бостандык ауданындағы «Іле Алатауы» ұлттық саябағымен шекаралас «Ерменсай» ықшам ауданының тау бөктерінде орналасқан 18 кадастрлік номерлі жер жеке меншікке өтіп кеткен. Ең сорақысы, осы аталған жерлердің бір ғана иесі бар және жердің жалпы көлемі 1 мың шаршы метрден асып кеткен. Жалпы 18 жер учаскесінің аумағы таудың 14, 6 шаршы километрін құрайды. Басқаша айтқанда, Алматы қаласының Бостандык ауданының жалпы жер көлемінің 5/1 бөлігін қалыптастырады. Аталған жерлердің жерге байланысты құқығы 2016 жылы қаңтарда, яғни жеке меншік құқығы сол уақытта Алматы қаласының әкімі болған Бауыржан Байбектін тұсында пайда болған. Ал бұдан бұрын аталған жерлер мемлекеттік меншіктен жеке меншікке Алматы облысының Қарасай ауданына өтіп кеткен болатын, — деді депутат.

Оның айтуынша, барлық жеке меншікке өткен жерлердің нысаналы мақсаты – ауыл шаруашылық тауарлының өндірісін жүргізу.

Мені жер саласындағы сарапшы заңгер ретінде және Алматыдан Мәжіліске сайланған депутат ретінде толғандыратын дүние – неліктен бұл жерлерге Жер ресурстарын басқару комитеті мен оның Алматы қаласының Департаменті тексеріс тағайындап, осы уақытқа дейін мемлекеттік меншікке қайтармағаны. Не себепті осы уақытқа дейін Алматы қаласы Прокуратурасы мен Әкімдігі аталған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтармағаны көп сұрақты туындатады. Айта кететін жағдай, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңға сәйкес аталған жерлер «Іле Алатауы» ұлттық саябағының 2 километрлі қорғалатын аймағына кіруі тиіс еді, бірақ, Алматы қаласының Әкімдігінің әрекетсіздігі салдарынан қорғалатын аймаққа кірмей қалып отыр. Жағдайдың сорақылығы соншалық, Іле Алатауы баурайындағы тау бөктерлері Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында жеке меншікке беріліп кеткен. Екі ортада халық тау бөктерінде мал жаю мүмкіндігінен айырылған және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға еркін кіріп-шығу құқығынан шектелген, — дейді Бақытжан Базарбек.

Осыдан кейін ол аталған жағдайдың өзектілігі мен көкейкестілігін ескере отырып, ұсыныс айтты.

Біріншіден, Алматы қаласының Медеу және Бостандық, Наурызбай аудандарының шегінде «Іле- Алатауы» ұлттық саябағының 2 шақырымын қорғалатын аймақ етіп бекіту керек. Екіншіден, «Іле Алатауы» ұлттық саябағының Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандары мен Алматы қаласы Медеу және Бостандық, Наурызбай аудандарының шегінде жерлердін нысаналы мақсатын елді мекен шегінде шаруа қожалығы мен ауыл шаруашылық тауарлы өндіріс қызмет түрінен жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жеке қосалқы үй шаруашылығы үшін ауыстыруға ресми мораторий енгізу қажет. Үшіншіден, «Іле Алатауы» ұлттық саябағының Алматы облысының Енбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандары мен Алматы қаласы Медеу және Бостандық, Наурызбай аудандарының аумағындағы жерлерді және қорғалатын аймақтардығы елді мекендерді бас жоспарлары мен егжей-тегжей жобаларында (ПДП) рекреациялық аймаққа аударуды талап етеміз! — деді ол.

Осы ұсыныстарын айтқаннан кейін ол депутаттық сауалын Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Бас прокурор Берік Асыловқа жолдады. 

Фото: ашық дереккөзден

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.