Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Мұхтар Әуезовтың мақаласы

24.06.2023
ҰЛТ ҰЯТЫ
Мұхтар Әуезовтың мақаласы
WhatsAppTelegramFacebook

…Ал енді қазақтың рухы, мінезі, талабы, жігері қандай? Мәдениетті Еуропаға, тез жетілген Жапонияға қазақтың мінезі жанаса ма? Еуропа адамы табанды. Жабысқақ, ісшіл, зерек, ерінбейтін жансебіл келеді. Жапония да сондай тірі, пысық, жігерлі жұрт. Біздің қазақ ше? Өзімізден озық жұрттарда жоқ «жақсы» мінездің бәрі бізде: керенау, кежір, жалқау, салқам, табансыз, басын бастап, аяғын тастап жүре беретін, жуырда селт етіп ұмтылмайтын, өзіне-өзі сенбейтін, өлі сүйектік, ездік – бәрі біздің ауылда, қайтіп үміт қыларсың?! 

Адамшылық, кісіге пайда тигізу, ел қамын ойлау, өнер, білімге ұмтылу деген сияқты жақсы ой, таза ниет қазақта әлі жоқ. Бас пайдасы, құлқын, мақтан, атақтан басқа қасиетті жоғары мақсат аз. Оқығандар болмаса, жалпы жұртқа кірген жоқ. Жазылған, айтылған жақсы ақыл, шын сөз желге кеткенмен бірдей, жұқпай өте шығады. Баспасөзге құмар болып, қолтықтап, қаламы, қаржысымен көмек керсетуші аз, бұл нені көрсетеді? Қамыңды қыл, балаңды оқыт, милиция бол, қазына толтыр, шаруа түзет, уақ қарыз серіктігін, ұйым дүкендерін аш, бірік, сыбағаңды жіберме, малыңды бір қолдан өткіз, пұл алсаң елге әділдікпен тарат, бірлік қыл, партияны таста, араздықты қой, ұрлығыңды жой, аурудан сақтан, таза бол деген сияқты талай қамқорлық сөздер айтылып жатыр. Бұларды орындаған жұрт қанша? Білгені істемейді, наданы білмейді, білейін деп ұмтылмайды. Жұртта жапатармағай оянған бір сезім, өзгеше бір ұмтылыс, бұлқыныс артық байқалмайды. Партиясын қойған, ұрлығын тыйған, береке қылған ел бар ма? Бұл халықтың рухын мәдениетке даяр еместігін, әлі тұнық жатқанын, жуырда қатарға кіре алмайтынын көрсетеді. 
Қазақты жуырда жетілдірмейтін тағы бір себеп – діни фанатизм, надандық, ескі ғұрып, ғадат. Бұл қашаннан бойға сіңген дерт. Ескі молдамен алысып, елді адастырған қатесін жойғанша, тіршілік жұмысының барлығын дінге байлағанын қойғызғанша, жаңа оқу харам, жаңа мұғалім кәпір дегенін тоқтатқанша, талай заман өтер. Ақыл мен адамшылық сыйғызбайтын надан атаның ескі ғұрып-ғадатын жоғалту да оңай емес. Бұлар күшті тұрғанда мәдениет кірмейді. 
Тәртіпті мектеп-медреселер жаңа ашылғалы жатыр. Олардың бөгетсіз іске асып, қандай жеміс беруі әртүрлі мәдени, мағлұм, саяси шарттарға байлаулы. 
Саясат жүзінде һәр халықтың өз билігі өзінде болуы  бәсекелесіп, тез жетілуіне бір үлкен себеп. Қазіргі саяси қаліміз, мемлекет құрылысымыз не болары әзір белгісіз. Автономия алу мәселесі мен қазақтың тез жетілу мәселесі байлаулы деуге болады. Осы уақытта Россияда неше түрлі үкімет туып отыр. Олардың ішінде қазаққа автономия бергісі келмей отырғаны да бар. Ішіп-жеп, азық қылып үйреніп қалған жұрт тіліне тәтті, тісіне жұмсақ қазақтан айырылғысы келмейді. Қазақ сияқты жұрттар автономия болса, Россия бөлек-бөлек мемлекет болса, күші азаяды деп ойлайды. Ол адасқандығы, Россияны тез жетілсін демегені. Германия, Северный Американский Соед Штат, Швейцария неше автономиялы халықтардан құралған мемлекеттер. Олар кімнен осал болып отыр. Бізге автономия бермеймін дегені – жерімізге, елімізге қызыққаны, қомағайлығы, өзімшілдігі. 
Ішке айбар, сыртқа қорған болатын ғаскерсіз қай жұрт болсын. Жұрттығын сақтап, ілгері баса алмайды. Онан соңғы зор керек қазына пұл. Екеуі де жуырда көңілдегідей бізде самдай болады деуге болмайды. 
Ілгері тез басуға себеп болатын көршілес халықтардың мәдениетті болмағы. Бір көршіміз Япония өнерлі болғанмен жері шалғай, Қытай өзі ылғи қотан ақсақ, шылғи надан. Бұхара о да тоғышар, Ауған, Фарсы шала, орыс өзі шикі, не қылса тәуір көршіге жарығамыз жоқ.  Міне, осы жоғарғы айтылған себептерді дәлел қылып, қазақ жақын арада жұрт қатарына кіре қояды деген пікірді асығыс көремін. Батпандап кірген дерт мысқалдап шығады. Сүйекке сіңіп, бойға жайылған қараңғы надандық қазақтың бойынан тез шығып, қазақ буынын бекітіп, оңалып жүріп кеткенше тамыздықтап талай жыл өтіп кетуі мүмкін. Қатты ұйықтаған алыпты қатты соққан боран, шатырлаған жай, сатырлаған оқ оятпаса, ірге желінің түрткенін, масаның ызыңдағанын, бүргенің шаққанын, тұрымтайдың шоқығанын елең қылып серпіліп оянбайды. Жұрт – сол ұйықтаған алып. Ызыңдаған тиіп-қашпа сөзіңді, кемеліне келмей, ұйқысы қанбай құлағына алмайды, міз бақпайды. Қазақ шаң жұтып, тесік өкпе болып соғыс көрсе, ер басына күн туса, қысылса, тез серпіліп оянар еді, ерленер еді, білімге тез бет қояр еді (қырғын көріп жатқан Жетісу елінің жансебіл ерлігі бұған дәлел) бірақ ғылымсыз, өнерсіз надан жұрт соққы көтере алмай шаруасы күйзелген соң басқа кәсіп тауып, жан сақтай алмай азып, тозып, құрып қалуы мүмкін. Ондай күнді қазақтың басына салмасын, мимырттап жетер. 

Мұхтар Әуезов, 
«Абай» журналы 
1918 жыл, №9

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.