Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Алтын-Емел – құландар мекені»: табиғатпен жүздесуге шақыратын фестиваль

9 қазан 2026
КҮНДЕРЕК
«Алтын-Емел – құландар мекені»:  табиғатпен жүздесуге шақыратын фестиваль
WhatsAppTelegramFacebook

17 қазанда «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі табиғат пен мәдениет тоғысқан ауқымды экологиялық-мәдени фестивальдің алаңына айналады. Шараның басты мақсаты – ұлттық парктің бірегей табиғи және тарихи-мәдени мұрасын таныту, экологиялық туризмді дамыту және табиғатты қорғаудың маңызын кеңінен насихаттау.

Фестивальдің басты ерекшелігі – келушілерге құландарды өздерінің табиғи мекендеу ортасында бақылауға бірегей мүмкіндік берілуі. Бір кездері саны күрт азайған бұл жануарлар бүгінде «Алтын-Емелдің» басты символына айналып отыр. Айта кетсек, 1982 жылы парк аумағында небәрі 32 құлан болса, 2026 жылы олардың саны 3 571 басқа жетіп отыр. Бұл – еліміздегі сирек кездесетін жануарлар популяциясын қалпына келтірудің және табиғатты қорғау жұмыстарының жарқын көрінісі.

Фестиваль бағдарламасы мен негізгі шаралар:

  • Тау жолындағы эко-жарыс (09:30): Шара таңғы сағат 09:30-да Шолақ тауларының бөктеріндегі 5 және 10 шақырымдық жүгіру жарысымен басталады. Қатысушылар тау ландшафтары аясында бәсекеге түсіп, белсенді демалыс пен экологиялық мәдениетті ұштастырады.

  • Ресми ашылуы (12:00): Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі мен мәдени бағдарламасы басталады.

  • Ұлттық өнер және жауынгерлік дәстүр: Сахнада «Қылыш айналдыру» және «Айбалта шоуы» көрсетіліп, көшпелілердің жауынгерлік өнері паш етіледі. Музыкалық бағдарламада Arkaiym тобы, қобызшы Ләйла Тәжібаева және шаңқобыз орындаушылары өнер көрсетеді.

  • Петроглифтерге экскурсия (13:30): Қонақтар Шолақ тауларындағы ежелгі жартас суреттеріне аттанады. Мыңдаған жыл бұрын қашалған аңшылық көріністері мен арбалар бейнесі Жетісу өңірінің көне тарихынан сыр шертеді.

Бір күнге жоспарланған мерекелік бағдарлама аясында келушілер төмендегі шараларға қатыса алады:

  • Петроглифтер мен көне түркі жазуына арналған шеберлік сабақтары;

  • Табиғат жағдайында өмір сүру дағдылары мен дәстүрлі қолөнер түрлері;

  • Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен «Қолөнер жәрмеңкесі»;

  • Балаларға арналған танымдық ойындар мен квесттер.

«Алтын-Емел – құландар мекені» фестивалі – бір күндік мереке ғана емес, табиғатпен қайта байланыс орнатуға, ұлттық мәдениетті терең тануға және туған өлкеміздің тарихын сезінуге мүмкіндік беретін маңызды мәдени-танымдық алаң.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.