Талдықорған: +19°C
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда суару маусымы қорытындыланды

09.10.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда суару маусымы қорытындыланды

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Өңірдің осы жылғы вегетациялық кезеңнің қорытындысы шығарылып, 2027 жылғы суару  маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Бұл туралы Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатта «Қазсушар» РМК Жетісу филиалының директоры Медет Керімжанов пен Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы бөлімінің басшысы Ринар Алмас айтты.

Жетісу облысы – еліміздегі ауыл шаруашылығы жақсы дамыған ірі аграрлық өңірлердің бірі. Мұнда егіс алқаптарының едәуір бөлігі суармалы. Өңірдегі суармалы жерлердің шамамен 98 пайызы тау өзендері арқылы қамтамасыз етілетіндіктен, су көлемі табиғи-климаттық жағдайларға тікелей байланысты. Брифинг барысында «Қазсушар» РМК Жетісу филиалының директоры Медет Керімжанов 2026 жылғы вегетациялық кезең баяндады.

Биылғы вегетациялық кезең барысында су көздеріндегі жағдай тұрақты бақылауда болды. Су тапшылығы байқалған жекелеген кезеңдерде суармалы суды тиімді бөлу, каналдар арасында су айналымын ұйымдастыру, су өлшеу жұмыстарын жүргізу және тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастыру бойынша қажетті шаралар қабылданды, – деді ол.

Спикердің айтуынша, Қаратал ауданында су деңгейінің төмендеуіне байланысты 31 шілде мен 7 тамыз аралығында Көксу бөгетінен Қаратал өзеніне тәулігіне 12 текше метр су тұрақты жіберілген. Нәтижесінде жағдай тұрақтанған. Бүгінде филиалдың қызмет көрсету аумағында 183,133 мың гектар суармалы жер бар. Филиал теңгерімінде 19 гидротехникалық құрылыс және 4569 шақырым магистралды және су таратушы каналдар мен коллекторлық-дренаждық желілер орналасқан.

Мамандардың айтуынша, суармалы суды есепке алу мен бөлу үдерісін жетілдіру мақсатында электрондық келісімшарт пен биллинг жүйесі толық енгізілді. Бұл су ресурстарын пайдаланудың ашықтығын арттырып, су беру көлемін есепке алу мен бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді. 2027 жылғы вегетациялық кезеңге филиал өндірістік учаскелер бөлінісінде 125,2 мың гектар суармалы жерді қамтуды және суармалы суды тасымалдау көлемін 885,9 млн текше метр деңгейінде жоспарлап отыр.

Алдағы кезеңнің міндеті – суармалы суды үнемді әрі тиімді пайдалану. Осы бағытта су үнемдеу технологияларын енгізу, монодақылдар үлесін азайту және ауыспалы егісті сақтау мәселесі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен түсіндіру жұмыстары жалғасады. Біздің мақсатымыз – тұтынушыларды қажетті су көлемімен тұрақты қамтамасыз етіп, су ресурстарын тиімді басқару, – деді Медет Керімжанов.

Брифингте су заңнамасының сақталуы және су ресурстарын пайдалануға жүргізілген бақылау жұмыстары да сөз болды.

Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы бөлімінің басшысы Ринар Алмас атап өткендей, 2026 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша су қатынастарын реттеу саласындағы жұмыс екі негізгі бағытта жүргізілген. Жыл басынан бері бөлім тарапынан 76 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 15 млн 915 999 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар 7 іс бойынша материалдар сот тәртібімен қаралған. Тексерудің негізгі бөлігі судың қара нарығымен күреске бағытталған. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 141-бабының 2-бөлігі бойынша 62 тексеру жүргізіліп, 11 млн 569 375 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Биыл Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 514 мың гектарды құраса, оның 200,7 мың гектары суармалы жерлерге тиесілі. Ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 285,8 мың гектар, майлы дақылдар – 105,4 мың гектар, қант қызылшасы – 13 мың гектар, картоп – 6,6 мың гектар, көкөніс және бақша дақылдары – 8,4 мың гектар, мал азықтық дақылдар 92,3 мың гектарды құрайды. Рұқсат етілген 1,799 млрд текше метр су көлемі кезінде 1,593 млрд текше метр су алуға және 154 723 гектар алқапты суаруға 8817 шарт жасалған. Нақтысында 1,231 млрд текше метр су алынып, 146 194 гектар алқап суарылған.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Жерді игеру басталды: Аграрлық салаға жаңа талаптар қойылды

Жерді игеру басталды: Аграрлық салаға жаңа талаптар қойылды

09.10.2026
Алакөл ауданында жаңа кәсіпорын іске қосылды

Алакөл ауданында жаңа кәсіпорын іске қосылды

09.10.2026
Елдегі әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1 973-ке жетті

Елдегі әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1 973-ке жетті

09.10.2026
Текеліде жасөспірімдер қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығы артуда

Текеліде жасөспірімдер қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығы артуда

09.10.2026
Қазақстан мен Грекия экономикалық әріптестікті жаңа сатыға көтерді

Қазақстан мен Грекия экономикалық әріптестікті жаңа сатыға көтерді

09.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.