Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сұмдық. Мектеп оқушылары жүкті болып қалған

5 мамыр 2023
КҮЛТӨБЕ
Сұмдық. Мектеп оқушылары жүкті болып қалған
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында үш мектеп оқушысы жүкті болып қалды. Олар Текелі, Сарқан қалалары мен Үшарал ауылында оқитын 9-шы және 10-сыныптың қыздары екен. Жасөспірімдердің балаларын дүниеге әкелу-әкелмеуін ата-аналары шешеді.

Қазір екі оқушының жүктілік мерзімі үш айдан асқан, мектепте сабақтарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жүкті болған қыздардың бірі Текелі қаласындағы №5 орта мектептің 10-сыныбында оқиды екен. Өзі толық отбасынан шыққан. Мектеп басшылығының айтуынша, ата-анасы ажыраспаған. 

“Текелі қалалық полиция бөлімі сіз айтқан іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде заңды шаралар қабылданады”, – деді Текелі қаласы №5 орта мектебінің директоры Жанар Жақыпбекова. 

Өзге екі оқушының бірі Панфилов ауданының Үшарал ауылындағы мектепте 9-сыныпта, екіншісі Сарқан қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында 10-сыныпта оқиды. Екеуінің де жүктілік мерзімі үшінші айда екен. Бойжеткендер қазір сабақтарын оқып жүр. Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, оқушыларға түсік жасатыңдар деп айтуға құқығы жоқ.

“Баласының өмірі және баласының қауіпсіздігі үшін әрбір ата-ана жауапты екенін ұмытпау керек. Баланың кіммен, қандай қарым-қатынаста болып жатқандығын, оның және достарының кім екендігін, ол кешкі уақытта әлеуметтік желіде немесе басқа жерлерде кіммен байланысып отыр, содан кейін баланың мінез құлқына да баса назар аударып отыру керек”, – деді Жетісу облыстық білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі бас маманы Руслан Арсланов. 

Ерте жүктілік бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дауға қалған да дәл осы Текелі қаласындағы №8 мектеп. Мұнда шараны ұйымдастырушылар балаларға жезөкшелерге берілетін кеңес жазылған брошюраны таратып берген. Мұны көрген оқушылардың ата-аналары наразылық білдірген соң мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөгіс алды. Ал жезөкшелерге арналған брошюраны оқушыларға таратып берген аурухана психологы жұмыстан кетті. 

Фото: ашық дереккөзден

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда энергетиктерді өндіру мен сатуға толық тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда энергетиктерді өндіру мен сатуға толық тыйым салу ұсынылды

Бүгін, 14:02
«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін, 10:12
Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Бүгін, 10:04
Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Бүгін, 10:00
Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Бүгін, 09:58

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.