Талдықорған: +35°C
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҮНДІСТАН ҚЫТАЙДАН ОЗДЫ

12.02.2023
КҮЛТӨБЕ
ҮНДІСТАН ҚЫТАЙДАН ОЗДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемде әр минут сайын орта есеппен 250 бала дүние есігін ашады. Яғни, бұл жыл сайын 130 миллионнан аса сәбидің өмір сүретінін білдіреді. Қазіргі 8 миллиард халық ХХ ғасырдың ортасынан бастап 3 еседен аса өскен.

Азия елдері Үндістан мен Қытай жүздеген жыл бойы әлемдегі ең көп елдің рейтингінде 1-орынға шықты. Қытай бұл тізімде 1- орында, бірақ Үндістан оны биылғы жыл соңына дейін басып озып, 2050 жылы 1,67 миллиард адамға жетеді деп күтілуде. Айта кетейік, Үндістан халқының жартысы 30 жасқа толмаған жастар. Бүгінде аталған мемлекет үкіметі халқының біраз бөлігін тегін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл әлемдегі ең ірі бағдарлама.

Ал қытай үкіметі бірнеше жыл бойы халқының көбірек балалы болуына тұрғындардың қартаюынан туындаған демографиялық дағдарыстың алдын алуға тырысты. Жаңа саясат бала тәрбиесінің қаржылық және әлеуметтік ауыртпалығын жеңілдетуге немесе субсидиялар мен салықтық жеңілдіктер арқылы балалардың тууын белсенді түрде ынталандыруға бағытталды. Кейбір провинциялар мен қалаларда екінші немесе үшінші баласы бар ата-аналарға ақшалай төлем жарияланды. Таяуда Шэньчжэнь қаласы 3 баласы бар отбасы үшін барлығы 375200 юань болатын қаржылық ынталандыру берілген. Алайда, бірнеше баланың тууына және қазіргі өмір сүру құнының өсуіне байланысты, оның үстіне ондаған жыл бойы жүргізілген бір бала саясатынан кейін қазіргі ерлі-зайыптылар арасында жаңа демографиялық саясатқа қарсылық сақталуда.

Сол сияқты Жапония елі де демографиялық проблемаға тап болды. Соңғы онжылдықтарда олардың өмір сүру ұзақтығы өсіп, егде жастағы адам саны көбейген. Сөйтіп, қазір оларды қамтамасыз ететін жұмысшылар азюда. Сарапшылардың пікірінше, өткен жылы Жапонияда 800 мыңнан аз бала дүниеге келіпті. Мысалы, 1970 жылдары туу көрсеткіші 2 миллионнан асқан. Жапония 65 жастан асқан адам саны бойынша әлемде 2-орында. 1- орынды Монако алады. Осы тұрғыда ел басшылары балаларға қатысты саясатқа назар аудару және балаларды тәрбиелеу – бұл кезек күттірмейтін және кейінге қалдырылмайтын үлкен мәселе екенін алға тартып, дабыл қағуда.  

2020 жылы зерттеушілер Жапония халқы 2017 жылы 128 миллионнан 53 миллионға дейін төмендейді деп болжады. Жапония кейбір жеңілдіктерге қарамастан қатаң иммиграциялық заңдарды енгізуді жалғастыруда, бірақ сарапшылар қазір қоғамның қартаю мәселесін шешуге көмектесу үшін ережелерді одан әрі жеңілдету керектігін айтады. Елдегі бала туудың төмендеуі негізінен өмір сүру құнының өсуі, білім алушылар мен жұмыс істейтін әйелдердің көптігі, сондай-ақ контрацепцияға қол жетімділіктің жоғарылауы, бұл әйелдердің ана болуды кейінге қалдыруға немесе мүлде бала көтермеуге шешім қабылдауына әкелуде.

Өткен жылы АҚШ, Нигерия, Пәкістан және Индонезия ең көп халқы бар елдер қатарынан табылды және бұл көрсеткіш 2050 жылға дейін сақталады деп болжануда. Десек те, алғашқы екі көшбасшыны басып озу үшін бұл елдер талай белестен өту керек.

Өйткені олардың жалпы халқы Үндістан мен Қытайда тұратын адамдардың жартысына жетпейді. Нигерия халқы 2050 жылға қарай 375 миллионға дейін өсіп, АҚШ елімен салыстыруға болады деп есептеледі. Өткен жылы Африка елінің халқы шамамен 219 миллионды құраған. Бұл көрсеткіш туудың жоғары деңгейін көрсетеді. Мұндай өсім экономикаға да әсерін тигізіп, ауылды жерден қалаға көшу үрдісін қалыптастыруда.

Алдағы үш онжылдықта көптеген мемлекетте адам санының өсуі күтілсе, бірқатар елдің халқы азаяды деген болжам бар. Оның ішінде қытай да тұр. Бұған туу көрсеткішінің төмендеуі себеп. Мәселен, дүние жүзіндегі туу деңгейі ең аз Оңтүстік Корея халқының 12 пайызға жуығы күрт азайып, 2050 жылға қарай 46 миллионға дейін түспек. Әлемдік демографиялық тенденциялардың осылайша өзгеруі бүкіл әлем экономикасына қиындық тудыруы мүмкін. Мысалы, ол жұмыс күшінің жетіспеушілігі, қарт адам санының жоғарылауы және жас ұрпақ үшін қаржылық жүктеменің артуы.

Кейбіреулер әлем халқының көбеюі аштық пен эко-апаттың тууына әкелемей ме деп үрейленеді. Ал енді біреулер туу деңгейінің төмендеуі өркениет үшін жаһандық жылынуға қарағанда, әлдеқайда қауіпті ме деп сескенеді. Бірақ, оған еш негіз жоқ. Себебі жаһан халқының өсу қарқыны тез төмендейді. Мәселен, жер шарындағы халықтың 6 миллиардтан 7-ге дейін өсуі үшін 12 жыл қажет болды (1998 жылдан 2010 жылға дейін). Келесі бір миллиардты табу үшін тағы көп уақыт керек.

Әлем халқының көбейіп, өмір сүру жасының ұзаруына негізінен ойдағыдай тамақтану, денсаулыққа көңіл бөлу, босану кезінде нәресте мен ана өлімін болдырмау, аурудың төмендеуі оң септігін тигізуде. Әлем халқы COVID-19 пандемиясы кезінде өсуін тоқтатпады. 1963 жылы халық саны 2,3 пайызға өссе, былтыр небары 0,8 пайызды құраған, бұл 1950 жылдардан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қазіргі тенденцияларға сәйкес, жер шары халқының саны 2037 жылы 9 миллиардқа, ал 2080–2100 жылдар аралығында 10,4 миллиардқа жетеді деп күтілуде.

2022 және 2050 жылдар арасындағы әлем халқының болжамды өсімінің жартысына жуығы тек 8 елге тиесілі болмақ. Олардың бесеуі Африкада (Конго, Египет, Эфиопия, Нигерия және Танзания). Қалғаны Азияда (Үндістан, Пәкістан және Филиппин).

Ғалымдардың айтуынша, 2030–2050 жылдарға қарай, жер бетіндегі әр бесінші азамат африкалық, жаңа туған сәбилердің жартысы азиялық болмақ. Ал еуропада, керісінше, туу саны азаюына байланысты жан саны 1 пайызға кемиді. Бала туу мен адам өлімі бойынша төмен көрсеткіш Болгария, Сербия, Литва, Латвия, Украина, Венгрия, Германия елдерінде байқалады. Қазіргі кезде 60 жастан жоғарылардың қатары тез артып келеді. Бұл үрдіс, әсіресе, Еуропа мен Солтүстік Америкада ерекше байқалуда. Аталған құрлықтағы дамыған елдерде әрбір бесінші тұрғынның жасы 60-та немесе одан асқан. Алдағы уақытта көптеген елде орташа өмір сүру ұзақтығының артуына байланысты әлем бойынша егде жастағы жандардың қатары өсіп, 2030 жылы бұл буын әлем халқының 16 пайызын құрамақ. Сондықтан, жастар мәселесі қай елде де өзекті. Одан бөлек, қала тұрғындарының саны күрт өсуде. Бұл үрдіс алдағы кезде де жалғасып, қала маңына шоғырлану үрдісі бұрынғыдан да қарқынды жүрмек.    

Ал экология жағынан қарайтын болсақ, Үндістан мен Африкадағы адамдар әлемді Америка мен Еуропадағы немесе Қытайдағы халыққа қарағанда әлдеқайда аз ластайтын көрінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша кедей және орташа табысы төмен елдер әлемдегі көмірқышқыл газ шығарындыларының жетінші бөлігін ғана құрайды. Ал келесі онжылдықта халық санының 90 пайызы ластану деңгейі төмен осы елдерге тиесілі болмақ. Дүние жүзіндегі адамдардың үштен екісі халық саны теңестірілген немесе азайып бара жатқан және жалпы тууы көбею деңгейінен төмен елдерде тұрады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2050 жылға қарай бай елдердегі халық 1 пайыз немесе одан да көп төмендейді деп есептейді. Германия сияқты елде 2100 жылы 1950 жылмен бірдей халық болуы мүмкін екені айтылады. Келесі сегіз, онжылдықта өнімділіктің өсуі зейнеткерлердің белгілі бір санын ұстау үшін аз жұмысшыларды қажет ететінін білдіруі мүмкін. Қалай десек те мұның бәрі әлемнің қоршаған ортаның нашарлауы мен саяси күйзелістердің үлкен проблемаға әкелетінін жоққа шығаруға болмайды.

Айгүл Байбосынова

Қатысты жаңалықтар

Заман талабына сай жаңғырған

Тарихи белес

29.07.2026
Сирек дертке шалдыққандарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Қазақстанда онкологиялық ауруды анықтаудың жаңа әдісі енгізіледі

29.07.2026
Жапонияда жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Жапонияда жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

29.07.2026
1 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

1 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

29.07.2026
Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде сөз сөйлейді

Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде сөз сөйлейді

29.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.