Талдықорған: +35°C
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҒДАЙ ЖАСАЛСА, НӘТИЖЕ БОЛАДЫ

03.02.2023
КҮЛТӨБЕ
ЖАҒДАЙ ЖАСАЛСА, НӘТИЖЕ БОЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтің қатысуымен Талдықорғанда «Жетісу» волейбол клубына спорттық база және спортшылардың тұруына арнайы үй салу мәселесі бойынша жиын өтті. Жиынға жауапты басқарма басшылары «Жетісу» волейбол клубының жаттықтырушылары мен спорттық директоры және құрлысты жүргізетін жоба жетекшілері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына келген сапарында өңірдегі спорт саласына көңіл бөлуді тапсырған еді. Өз сөзінде Талдықорғанның волейболы мен футболын ерекше атап, республикада өзіндік орны бар команда екенін атап өткен. Міне, сол мәселеге сәйкес бүгін «Жетісу» волейбол командасының кедергісіз оқу-жаттығу жиынын өткізетін спорттық кешенін салуды қолға алды. Аймақ басшысы Бейбіт Өксікбайұлы жиын басында команданың бас жаттықтырушысы Елена Павловадан «Жетісу» қыздар волейбол командасының жай-күйін сұрады. Сонымен қатар ел чемпионатының кезекті турында сәтсіз өнер көрсеткен жергілікті команданың ойынына кеңінен тоқталды. Әр ойыншыны жіті бақылап, олардың аяқ алысы мен жіберген қателігін кәсіби тұрғыда талдап, алдағы уақытта осы олқылықтың орнын толтырып, қалған додаларда жеңіске жетуді нақты тапсырды. «АСК Ауыл Құрылыс» ЖШС директоры Анатолий Рябининнің волейбол спорт кешені бойынша дайындаған эскиздік-жобасын талқылады. Ұсынған жоба өте әдемі, көңілден шықты. Тек халықаралық волейболдың талаптарына сай бірқатар өзгеріс енгізіп, жаттығу залының биіктігін 12 метрге көтеруді талап етті. Сонымен қатар, волейбол клубының басшылары, жаттықтырушылармен бірлесе отырып, ойыншылардың алаңсыз жаттығуына керекті өзгерістерді енгізуді және қысқа уақытта жобаны дайындап, көкетемнің алғашқы айларында құрлысты бастап кетуді айтты. Сәтін салса, волейболдың жаттығу базасы 7-8 айда толықтай аяқталып, облыс намысын көтеріп жүрген ұл-қыздарамыз жаңа спорттық кешенде жаттығатын болады. Спорттық кешеннің құрылысына 2022 жылы 330 млн. теңге қаражат бөлінген. «Жетісу» қыздар волейбол командасы еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының 8 дүркін иегері. Жалпы ел чемпионатында Жетісу облысының намысын «Жетісумен» қатар «Айқаракөз» командасы да қорғап жүр. Ерлер командасы да ұлттық лига сапына өту үшін бар күш-жігерін салып келеді. Мұнан кейін спортшылардың тұруына арналған арнайы волейболшылар үйінің жобасымен танысты. Бұл ретте де біраз өзгерістер енгізіп, таланттарымыздың қиналып қалмауына мүмкіндік туғызуды тапсырды. Онда «Жетісу», «Айқаракөз», ұлдар командасы тұратын болады. Мұнда резервтегі ойыншыларға да орын қарастырылған. Ғимаратта жататын бөлме, тамақтану орны, жаттықтырушылардың арнайы бөлмесі, сонымен қатар демалыс бөлмелері болады. Волейболға арналған спорт кешені мен тұрғын үйдің жобасынан кейін Талдықорғандағы үстел теннисі орталығының жобасымен танысты. Бұл нысан да халықаралық стандартқа сай бой көтереді. Болашақ чемпиондардың жаттығатын, қалаға көрік беретін тамаша орталық болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, теннис орталығы мен волейболшылардың тұратын ғимараты жеке демеушілердің есебінен тұрғызылады. Жиын соңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев бұл ілкімді істердің барлығы жергілікті волейболшыларға ғана емес, қазақ волейболына жасалып жатқан қолдау деп түсіну керек екенін тілге тиек етті. «Біз отандық спортшылармен қатар жергілікті ойыншылардың өсуіне мүмкіндік туғызып отырмыз. Жалпы біздің мақсат – командаға қазақстандық және жергілікті ойыншыларды тарту және жаңа ізбасарларды дайындап шығару. Алда бой көтеретін спорт кешенінен жергілікті чемпиондардың шыңдалып шығатыны сөзсіз. Біз алдымен жағдай туғызайық, содан кейін нәтижені талап етеміз», – деді өңір басшысы.

Жалпы  Жетісу облысында 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр және осы жылы 8 спорт кешеннің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл «Жетісу» орталық стадионы мен қосалқы стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүреді. Индорхоккей мен регбиге арналған жаттығу кешендері бой көтереді болады. Болашақта футзал мен баскетболға арналған жаттығу залдарын тұрғызу жоспарда бар. Сонымен қатар қысқы спортты дамытуда да бірқатар істің атқарылатынын естідік.

Ришад Тұрғанбай

 

Қатысты жаңалықтар

Көксу барысы – 2026: Жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алды

Көксу барысы – 2026: Жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алды

28.07.2026
Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

28.07.2026
Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

28.07.2026
Келелі мәселелер сөз болды

Келелі мәселелер сөз болды

28.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.