Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

25.01.2023
ҰЛТ ҰЯТЫ
МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

«Мұғалім – мектептің жүрегі». Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің бұл сөзі бүгінгі қоғамда да өте өзекті.

Елдегі әрбір тұлғаның болашағына айқын бағыт-бағдар беретін бірден-бір тұлға ол – ұстаз! Осы орайда педагог мәртебесінің қандай деңгейде қорғалып жатқанын қарастырып көрейік.
Көптің көкейін осы сұрақ мазалайды. Әлеуметтік желі, интернет басылымдардан ұстаз бен оқушының арасындағы түрлі қарама-қайшылық, келеңсіз оқиғаларды жиі көзіміз шалады. Осы тұста білім нәрімен сусындататын, мамандығына адал ұстаздардың абырой биігінің, беделінің аласарып жатқанын көргенде көңілдің түсіп қалатыны жасырын емес.

Ұстазға қашанда құрмет көрсетіп, мұғалімге мәңгілік қарыздар екенімізді естен шығармауымыз керек. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды. Десе де, «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей, әлдебір жерде болған келеңсіз жайт барлық оқытушының көңіліне қаяу, абыройына нұқсан келтіретіні белгілі. Сондықтан, ұстаз беделін көтереміз десек, ең бірінші оқушы мен ата-ананың арасындағы байланысты дұрыстаған жөн. Әр ұлттың өзіндік мәдениеті бар. Сол секілді қазақ халқындағы ата, әже, әке, ана институтын қайта қалыптастыруымыз қажет. 
Кейбір жастардың мінез-құлқының өзгеріп жүргенін байқаймыз. Осының салдарынан үлкенге құрмет, кішіге ізет те жоғалып бара жатқандай. Қазақта бұрындары, мұғалім зиялылар қатарында есептелетін. Ұстазды барлығы жоғары санап, сыйлап, құрмет тұтатын. Ал қазір керісінше. Мұғалім мәртебесі төмендеп кетті. Оны сыйламай, сөзін жүре тыңдап, айтқан пікірін теріс түсініп, сөз таластырып,  айқайласып, жаға жыртысатын жастар баршылық. 2022 жылдың наурыз айында интернетте Талдықорған қаласындағы №4 орта мектебінің 9-сынып оқушысы 11 жылдық еңбек өтілі бар биология пәнінің мұғаліміне сабақ үстінде дауыс көтеріп, балағаттаған видеожазба жарияланды. Бұл ұстаз мәртебесі деңгейінің төмендегеніне анық дәлел болып отыр. Осы оқиғаның әсерінен үлкен дау туды. Мұғалім қаншама жыл білім алып, ізденіп мектепке осылай оқушыдан балағат сөз естимін деп келмегені анық.   «Тәрбие – тал бесіктен басталады» демекші, баланың тәрбиесі мен жүріс-тұрысына мектептегі ұстазынан бұрын үйдегі ата-анасы жауапты екенін ұмытпаған абзал.
Қазіргі таңдағы тағы бір түйткілді мәселе – «баланың тәрбиесімен мектептегі мұғалімі айналысуы керек» деген теріс ұғым. Соның салдарынан ата-аналар да баласын қызғыштай қорғап, мұғаліммен соттасуға дейін баратын жағдайлар кездеседі.
Кейінгі уақытта мұғалімдер әкімшіліктің тегін жұмыс қолы саналып кеткен бе, әртүрлі науқандық жұмыстардың барлығы олардың қатысуынсыз өтпейді. Мысалы, сайлау секілді саяси науқанның насихаттаушысы да ұстаздар қауымы. Онымен қоймай қандай да бір іс-шараларда мұғалімдерді әкеліп орын толтыру мақсатында сағаттап уақытын ұрлайды. Мектеп ішіндегі мұғалімдердің өз басынан асатын қағаздарға кейде үлгеріп, кейде үлгермей жүретін кезі болады. Бұл жағдайда: «Мұғалімнің басты мақсаты – білім ордасында оқушыларға сабақ өткізіп, тәрбие жұмысымен талапқа сай айналысуына күші жетпей, уақыт тапшылығы туындамайды ма?!» – деген ой келеді.
 Осындай олқылықтарды болдырмау үшін де «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Қоғам қайраткері, құрметті ұстаз Өмір Шыныбекұлы: «Педагог мәртебесін арттырудың ең алғашқы қадамы — басшы да, қосшы да (мұғалімдер мен ата-аналар) қолданыстағы заңдарды құрметтеуге дағдылануы қажет. Өз кезегінде мемлекет азаматтарды заңды құрметтеуге мәжбүрлеуі керек», – деген пікір айтады.
 «Алты Алаштың басы қосылса – төрдегі орын мұғалімдікі», – деп Мағжан Жұмабаевтың айтқан сөзінен-ақ ұстаздың қадір-қасиетін көруге болады. Соңғы жылдары мұғалімдердің жалақысын көтеріп, артық жұмыстан босатуды қолға алды. Осылайша өзгеруге қадам жасай отырып,  мұғалімдерге тиісті құрметті білім ордаларынан көреміз деген сенімдеміз.
Ұстаз – ұлы мамандық. Алайда оның қызықты да, қиындыққа толы жұмыс екенін ұмытпау керек. Адам, ең біріншіден, таңдаған мамандығын жақсы көру арқылы жұмысқа кірсе, биік белестерді бағындырары сөзсіз. Қызметін қиындататын адамдар өз мамандығына қызығушылығы жоқтығын байқатады. Қорыта айтқанда, «ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт», деп халқымыз айтқандай, мұғалім қоғамдағы әрбір басшыдан бастап, қарапайым халыққа дейін жазуды, оқуды үйреткен адам. Ендеше ұстазды сыйлап, мәртебесін көтеру бәріміздің міндетіміз!

 

Гүлнұр МҰРАТБЕК,
 Жетісу  университетінің
3-курс студенті

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

31.01.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

31.01.2026
Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.