Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЭКОЕРІКТІНІҢ ҚҰПТАРЛЫҚ ҚАДАМЫ

20 қаңтар 2023
КҮЛТӨБЕ
ЭКОЕРІКТІНІҢ ҚҰПТАРЛЫҚ ҚАДАМЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған тұрғыны өз еркімен сұрыптап, бөлектеп жинаған тұрмыстық қатты қалдықтардың кәдеге асыратындарын қабылдаушыларға өткізіп, одан түскен ақшаны қайырымдылық қорларына аударады. Ол осылайша қоқысты сұрыптап, қайта өңдеу арқылы экологияның тазалығына үлес қосып қана қоймай, сырт көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, алғыс арқалауда. 


Талдықорғандық экоерікті Ғазиз  Аманжолұлы облыс орталығындағы ғана емес, өңірдегі игі істердің, қайырымдылық қадамдардың, мәдени шаралардың бел ортасынан көрініп, үнемі белсенділігімен ерекшеленіп жүреді. Және ондай істерін жарнамалауға да құштар емес. Содан да болар. Ғазиздің өз үйінен шығатын тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, бөлектеп жинап, қағаз, целлофан, пластик, металл сынды қайта өңдеуге келетіндерін арнайы мекемелерге өткізіп келе жатқанына 2 жыл болғанын жұрт енді біліп жатыр.  

Экоеріктінің айтуынша, сұрыпталған қоқыстан соңғы іріктелген шикізатты қабылдап алушы компанияларға өткізіп, түскен қаржыны қайырымдылық қорларына аударады. Олардың арасында талай жанға үй тарту еткен «Харекет» қоры да бар. 

«Менің бұл бастамам бір оқпен бірнеше қоянды атқандай пайдалы. Үйден шыққан қағаз, металл, пластик, целлофан сияқты қайта өңдеуге жарайтын қалдықтарды сұрыптап, бөшкелер толған кезде арнайы мекемелерден қабылдаушыларға хабарласамын. Олар келіп, жиналған қалдықтарды өлшеп, менен сатып алады. Ал түскен қаржыны бірден  қайырымдылық қорларына жіберемін. Әр келгенде орташа есеппен 2000-3000 теңгеге қалдық өткіземін. Әкем жолаушы тасымалдайтындықтан,  күнделікті көлігінде жолаушылардан қалған 5-6 пластик бөтелкені әкеліп береді. Сондықтан пластикке арналған бөшке тез толады.  Сонымен қатар денсаулыққа қауіпті саналатын жарық бергіш шамдар мен  батареяларды да бөлек сұрыптап, арнайы контейнерлерге тастаймын. Қағаздар бір бөлек, целлофандар бір бөлек дегендей.  Осы ісім арқылы экологияға да өз үлесімді қосамын, қайырымдылықты да назарымда ұстаймын», – деген Ғазиз барша азаматтарды осынай сауапты әрі пайдалы іске шақырады. 

Жалпы, барлығымыз білетіндей, табиғаттың қоқыспен ластануы біздің елдегі ғана емес, бүкіл  әлемдегі басты проблеманың біріне айналып отыр. Дүние жүзіндегі мемлекеттердің аумақтарына, тіпті айдын-шалқар теңіздер мен мұхиттарға, асқар таулар мен ормандарға орны толмас зардап тигізуде. Жанған қоқыстардан улы химикаттар бөлініп, ауаны бүлдіріп, жаны барлардың тірлігіне қауіп төндіре бастады. Өкінішке қарай, соның бәрін күнделікті көріп, естіп, оқып жүрген адамдар қоқысты сұрыптау мәдениетін дамыту арқылы табиғатты қорғап, қоршаған ортаны сақтап қалатынымызды естен жиі шығарып алады. Сондықтан талдықорғандық экоеріктінің қайырымды әрі қайырлы қадамын бүкіл ел болып құптаған жөн. «Таза болса табиғат – аман болса адамзат» дегенді жадыда ұстап,  қоршаған ортаны қорғайық!

Өз тілшіміз
 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.