Талдықорған: +35°C
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ОБАЛДЫ БІЛІП ӨССЕҢ, САУАПҚА КЕНЕЛЕСІҢ

07.01.2023
КҮЛТӨБЕ
ОБАЛДЫ БІЛІП ӨССЕҢ, САУАПҚА КЕНЕЛЕСІҢ
WhatsAppTelegramFacebook

Бау-бақшаны суару  әкесінің сүйікті ісі.  Ыстық күндері  үй жанындағы бақша таң сәріден суарылады.  Бала-шаға ұйқыдан тұрғанда өсімдік атаулы шөлі қанып, кешегі  қисая бастаған  бойын қайтадан түзеп, күннен нәр алуға ұмтылады.  Отағасы алақандай жер қалдырмай бәрін суарады.  Әсіресе, тамыры шетте қалған асқабақтың судан  нәр алуын ерекше қадағалайды. «Бірі ішіп, екіншісі ішпей қалса обал болады». Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне қорек керек.  Тілсізге қамқорлық жасау  адамзаттың парызы», – дейді  өмірден көрген-түйгені көп әке.

Атызбен келген су картоп, қызанақ, сәбіз, алма ағашы, бұрыш, қауын бәріне  бірдей жеткізіледі. Оны көрген бала-шаға обал мен сауаптың маңызын біліп, маңызын ұғынып өседі. Жақсы мен жаманды санасына  сіңіреді. «Малды басынан ұрма, обал болады. Қораның құты қашады», – дейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»  деген қағида осыдан қалыптасқан. Бұл шаңырақтың отағасы мен отанасы тәрбиелік маңызы бар әңгімені дастарқан басында айтады. «Пәленбайдың балалары ұйымдасып, бүгін шөптерін шөмелелеп алды. Қандай жақсы. Өздері шетінен жақсы оқиды, тәрбиелі. Айналайындар-ай, бір-біріне дауыс көтеріп сөйлемейді. Көшеде көрсе иіліп, амандасып тұрады»,– деп әңгіме айтқан болып, береке-бірліктің қасиетін балаларының құлағына құйып отырады.  Әкесі көбінесе үйдің жанындағы жалғыз қарағаштың түбінде қамшы өріп, шалғысын қайрап, таспа тілуді машығына айналдырған. Ес білген балаларын жанына шақырып алып, таспаның бір шетін ұстататып қояды. Мақсаты – істің мәнісін біліп, ой түйіп өссін деген ой. Өзінің жәйлі дауысымен қасындағы баласына ақыл айта бастайды. «Балам ұғып ал, Жаратушы  құлдарына, яғни біздерге, мынадай өсиет аманаттаған. «Мені риза еткің келсе, жан-жануарды қамқорлығыңа алғайсың.  Олардың мұңын шағар тілі жоқ. Ғаріп-міскіндерді көрген қорлығы мен азабынан құтқарғайсың. Себебі,  тартысқа түсетіндей қауқары жоқ. Жетім-жесірлер мен панасызға жәрдемші болғайсың, сүйенерлік дымы жоқ.  Айтқанымды  жадыларыңда сақтап, шын пейілмен мейірімділік шапағатын маздатсаңдар, жұмағыңа жол ашық!». Осы қағиданы сен де көкірегіңе құйып алсаң, әр қадамың құт болар, балам! Жүрегіңді таза ұста. Жақсылық та тіл мен жүректен, жамандық та тіл мен жүректен,– дейді  ақылгөй әке.  
Соңғы  жылдары мен шет елдерге жиі шықтым. Оларда әркім өзі үшін ғана өмір сүретіндей. Адамдар бір-біріне қайырымсыз, мейірімсіз болып кеткен. Үлкенге ізет, кішіге құрмет деген дәстүр алпауыт елдерде қалып барады. Әркім өзі өлмейін деген қағидамен өмір сүреді. Бірақ, қазақы ұғымда олай емес. «Адамның күні адаммен». «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас».  «Көппен көрген ұлы той». «Адамға адам ғана ес» деп жатады.  Шетелде психологиялық ауытқу жиі кездеседі. Себебі, олар көппен араласпайды. Жан жарасы жазылмай қалып жатады. Ал бізде басына ауыртпалық түскен адамды жан-жақтан қоштайды. Көңілін аулайды. Қонаққа жиі шақырады. Сүйтіп қалыпты өмірге түскенше  ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң қолтығынан демейді, қалыпты өмірге түсуіне көмектеседі. Шамасы келмей жатқан шаруасына көмектесіп, сауабын алады. Міне, обал-сауаптың  адам үшін бір керек тұсы. Бізде үлкен кісі автобуста түрегеп тұрса, орын беру заңдылық. Дәтің де шыдамайды жасы үлкен  адамның алдында міз бақпай отырғанға. Ал кейбір елдерде қарттық келіп, қалтылдап тұрған адамды көрсе де жастар міз бақпайды. Кім бірінші отырса – орындық сонікі. Жасы үлкен адам қолыңдағы ауыр сөмкеден автобустың есігінен кіре алмай жатса да бедірейіп тұра береді. Көмектеспек түгілі жолында тұрып алғаныңа ренжиді. Бірақ, өмірдің өз заңы бар. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді», –дейді атам қазақ. Мұны басқа тілде – «бумеранг заңы» дейді. Яғни, біреуге істегенің алдыңнан шығатыны рас. Жалпы обал сөзі қандай мағынаны білдіреді?  Обал – қиянат, айып, күнә сөздерімен астасады.  Обалына қалды  – көз жасына қалды, қиянат етті деген түсінікте айтылады. Обалы жібермеді – тақсіретін тартады,  зардабын шегеді дегенді білдіреді.  
Малайсары бидің: «Үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең, халқың соңыңнан қалмас. Ұмытсаң, артыңа ермес. Ол үш сөз ұят, обал, борыш!», – деген насихаты. Ендеше, қазақы қалпымыз, әдет-ғұрпымыздан айырылмайық. Салт-дәстүрдің озығы бар, тозығы бар. Керегін алып, керексізін бойға дарытпаған жөн.  Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Көксу барысы – 2026: Жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алды

Көксу барысы – 2026: Жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алды

28.07.2026
Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

28.07.2026
Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

28.07.2026
Келелі мәселелер сөз болды

Келелі мәселелер сөз болды

28.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.