«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөліміне ағымдағы жылдың тамыз айынан бері 1578 өтініш түсті. Оның 900-і оң шешімін тапса, 678-не түсініктеме берілді.
Өтініштер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және елді мекендердің инфрақұрылымы мәселесі, жер телімін бөлу, құжаттарды ресімдеу, денсаулық, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, еңбек дауларына қатысты.
Облыстың барлық аудан-қаласындағы партия филиалы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қостанай облысының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету мақсатында азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалы, тағы басқа да материалдық және қаржылық көмек көрсетті.
Жуырда өткен ҚР Президентін сайлау кезінде облыстық филиал өнімді жұмыс істеді. Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабының қоғамдық қабылдау бөлмесіне сайлаушыла тарапынан 5311 өтініш, ұсыныс және тілек келіп түссе, 2800 азамат қабылдауда болды. Қазір сол бойынша жұмыс істелуде.
Асхат Досмұхамбетов,
«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі





