Талдықорған: +30°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ БІРНЕШЕ ЕСЕГЕ ТӨМЕН — МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ

21.12.2022
ЭКОНОМИКА
ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ БІРНЕШЕ ЕСЕГЕ ТӨМЕН - МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті. Агробизнес және менеджмент колледжінің мәжіліс залында өткен жиында ине шаншар орын болмады. Жұртшылық аймақ басшысына өңірде шешімін таппай жатқан өзекті мәселелерді қозғап, сан түрлі сауалдар қойды. Сұрақтар назардан тыс қалмады. Барлығына нақты жауаптар қайтарылды.

Кездесу тәртібіне сәйкес ең алдымен Талғар ауданының әкімі Қайдар Абдыхановтың баяндамасы тыңдалды. Ол 11 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді цифрларды сөйлете отырып паш етті. Мәселен, ауылшаруашылық саласында 75,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. 1,5 миллиард теңге болатын 3 инвестициялық жоба жүзеге асқан. Соның нәтижесінде 29 жаңа жұмыс орны ашылған.

Өнеркәсіп саласында да атқарылған жұмыстар аз емес. Биыл бұл бойынша 76,3 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, 2,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. 3 өндіріс орындары бой көтерген. Жалпы алғанда аудан бойынша инвестицияның көлемі 69,8 милилард теңгені құрапты.

— Маусым айында өзіңіз аудан халқымен кездескен едіңіз. Сонда көтерілген 43 сұрақтың 14-і ойдағыдай орындалды. Қалған мәселенің шешілуін кезең-кезеңімен қарастырып жатырмыз. Тұрғындар тарапынан айтылатын өтініштердің көбі — суару каналдарын салу және жайылым жерлермен қамтамасыз ету. Осыған байланысты облыстық құрылыс басқармасымен 11,8 миллиард теңгеге жобалық құжаттар әзірленіп, алдағы уақытта 403,8 шақырым арналарға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, тұрғындарды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мақсатында  6,4 мың гектар жерге меморандум жасалды. Осы бағыттағы істер ары қарай жалғаса береді, — деді аудан әкімі Қайдар Абдыханов.

Баяндамада ауыз су, газ тарту, жол құрылысы, мектеп салу мәселесі де кеңінен сөз болды. Ауданда 6 мектеп 3 ауысыммен жұмыс істеп тұр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін 2024 жылға қарай 14 жаңа мектептің құрылысы жоспарға енгізілген.

Жиында аудан әкімі саяжай туралы да әңгіме қозғады. Бүгінде ауданда 152 саяжай қауымдастығы тіркелген. Онда 30 мыңға жуық адам тұрады. Солардың ішінде 113 саяжайдың елдімекенге қосылу мүмкіндігі бар. Ал 27 саяжай ауылға алыс орналасқандықтан әзірге реті келмей жатқанын айтып өтті.

Бұдан кейін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының облыстағы үлесіне тоқталып, әлеуеті зор өңір бола тұра өз мүмкіндігін толық көрсете алмай отырғанын тілге тиек етті.

— Ағымдағы жылдың 11 айында облыс экономикасының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында барлық салаларда оң динамика байқалады. Алайда Талғар ауданы қомақты үлес қосуда деп айта алмаймыз. Мәселен, ауданның облыс өнеркәсібіндегі үлесі небәрі 5,3 пайыз ғана. Салыстыратын болсақ, дәл осындай әлеуетке ие болып отырған Іле ауданының үлесі 42 пайыз, Қарасай ауданының үлесі 33 пайызға жеткен. Талғар ауданы олардан 6-8 есе төмен болып тұр, — деді Марат Елеусізұлы.

Облыс әкімі, Талғар ауданында егіс алқаптары 5,2 мың гектарға азайғанын да атап көрсетті.

— Ауданда 2,6 мың басқа арналған 4 бордақылау алаңы және 5,7 мың басқа арналған 8 сүт-тауарлық фермасы бар. Бірақ соның ішінде «Хайроев» шаруа қожалығының 200 басқа арналған мал бордақылау алаңы мен «Ниязов Санат» жеке кәсіпкердің 100 басқа арналған сүт фермасы жұмыс істемей тұр. Талғар ауданы Алматы агломерациясының аймағында орналасқандықтан, ет, сүт сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде басым бағыт алуы тиіс, — деді Марат Сұлтанғазиев.

Талғар өңірі еліміздің туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым аумақтарының «ТОП-10» тізбесіне енгізілген. Сондықтан туризм саласына ерекше назар аудару қажет екені де қадап айтылды. Баяндама соңында облыс әкімі ауданның әлеуетін көтеру үшін жұмыла жұмыс істеп, қолға алған жобаларды тиянақты орындауды тапсырды.

Ары қарай кездесудің форматы сұрақ-жауапқа ұласты. Тұрғындар ойларын ортаға салып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ашып айтты.

Мәселен, бүгінгі таңда ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 4 инватакси қызмет көрсетеді екен. Бірақ, бұл аздық етеді дейді сол қызметке зәру адамдар. Облыс әкімі келесі жылдан бастап ауданға қосымша 6 инватакси бөлінетінін хабарлады. Және бұл таксилер аудан аумағымен шектеліп қалмай, Алматыға барып ем алатындар үшін де қызмет көрсететін болады деді.

Бесағаш ауылдық округі аумағындағы «Нүрия-1», «Алматау» көпқабатты тұрғын үй кешенінің тұрғындары да өкпе-назын білдірді. Олардың айтуынша, әлеуметтік ғимараттар салынады деген жер телімдеріне үй құрылысы түсіп кеткен. 12 қабаттан тұратын 16 үй бой көтеріп үлгеріпті. Тұрғындар мектептің қайда салынатынын, балалардың қайда барып оқитыны назардан тыс қалғанына қапалы.

Марат Елеусізұлы аталған тұрғын үй кешендерінің тек әлеуметтік ғимарат емес, инженерлік инфрақұрылымдары да дұрыс жолға қойылмағанын айтты. Сондықтан жиыннан кейін сол аумаққа арнайы барып, осы мәселенің тез арада шешімін табуы үшін тиісті орындарға нақты тапсырмалар жүктелетінін көпшіліктің назарына салды.

Жиында Талғар мен Алматының арасындағы көлік кептелісі де назардан тыс қалмады. Жолаушылар таңғы сағат 5:00-де үйінен шығып, Алматыға 9:00-де әрең жететіндерін жасырмады. Әкім бұл мәселе күн тәртібінен түспегенін, кептелісті жою мақсатында Үкіметпен кеңесіп, алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар қолға алынатынын жеткізді. Сол сияқты Кіші Бәйсерке ауылындағы мектепте жылудың жоқтығы белгілі болды. Жол қауіпсіздігі мәселесі де ортаға салынды.

Марат Елеусізұлы облыстағы тас жолдарда «Сергек» камералары орнатыла бастағанын, соның нәтижесінде жылдамдықты асыратын жүргізушілер саны біршама азайғанын айтты. Мәселен, бір ай ішінде жол ережесін сақтамағандарға 270 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Тәртіпті қатаң бақылайтын шаралар ары қарай да жалғасын табатын болады.

Осы тектес сұрақ-жауаптар көптің көкейінде жүрген мәселелерді дөп басты. Кездесуден кейін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке өтініштері бойынша қабылдады.

Болат МӘЖИТ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Талғар ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ұлт қауіпсіздігінің қалқаны

Ұлт қауіпсіздігінің қалқаны

07.05.2026
Баспаналы болған бақытты сәт

Баспаналы болған бақытты сәт

07.05.2026
40 күндік әскер

40 күндік әскер

07.05.2026
Талдықорғандық оқушылар десантшылар өмірімен танысты

Талдықорғандық оқушылар десантшылар өмірімен танысты

07.05.2026
Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.