Тәуелсіздік мерекесіне орай Қаратал ауданы, Үшкөмей ауылында «Үшкөмей» медициналық пункт ашылды.
Аталған ауылда 200-ге жуық тұрғын бар. Басы ауырып, балтыры сыздаған үшкөмейліктер өзгенің жекеменшігіндегі аядай тар емханаға барып қаралып жүрген болатын. Тұрғындар біраз жылдан бері ауылылда жеке медициналық пункт ашылса деген тілекті жоғары жаққа айтып, өтініш білдірген болатын. Енді міне, ауыл халқының тілегі орындалып, Үшкөмейде жеке медициналық пункт есігін айқара ашты.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан Қаратал ауданының әкімі Ерлан Исабеков сөз сөйлеп, аудан бойынша осындай модульді екі пунктің салынғанын айтты. Бірі бүгінгі Үшкөмей ауылында болса, екіншісі Қарақұм ауылында бой көтерді. Келер жылы бес ауылда модульді медициналық пункт салынатынын айта келе, шараға жиылғандырды Тәуелсіздік мерекесімен және жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады. Артынан жаңа нысанның лентасы қиылып, келген қонақтар ғимараттың ішін аралап көрді.
Жергілікті бюджеттен 37 млн. 296 мың теңге бөлініп, құрлысты «МК СТРОЙ KZ» ЖШС жүргізген. Ішінде аулдық дәрігердің науқастарды қаылдайтын жеке кабинеті, ем-дом өткізетін бөлмелер бар. Барлығы талапқа сай орналасқан, өте жылы, ауыл тұрғындарына өте қолайлы жасалған.
Ришад ТҰРҒАНБАЙ,
Жетісу облысы





