Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ»: ЕРБОЛДЫ ӘЛІ ТАНИ АЛМАЙ ЖҮРМІЗ

15.12.2022
КҮЛТӨБЕ
"ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ": ЕРБОЛДЫ ӘЛІ ТАНИ АЛМАЙ ЖҮРМІЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Мұз қатқан қабағы түксиген, жат жүзді жендеттер, сары аязы сойылдай желтоқсанның азынаған шағында суық су атқылаған көліктер, мұздай құрсанған жалдамалы әскер көз алдыңа келгенде Тәуелсіздіктің тегін келмегенін айқын сезінесің. Ал  Ербол Сыпатаев сынды Алаштың арда азаматтарының қыршын кеткен ғұмырының бодауын кімнен сұрарыңды білмей, сұрқай жылдардан түршігіп, түңілетінің де бар.

Жазиралы Жаркент өңіріндегі бұрнағы жылдары «Қызыл еспе» аталған елді мекенде от жүрегін тулатып өмірге келген Ербол үлкендердің бауырында өскен аға буынның бірі. Қоңыр тірлік қоңсытқан малшының баласы демесе, ата-анасы өнерден кенде емес еді. Тұла бойы тұңғышын қазақы дәстүр бойынша әкесі  Бейсен Алшынбеков перзенті жоқ жақын туысы Мұқажан Сыпатаев қария мен жеңгесі Тұрған апайдың бауырына салып берген-ді. Осылайша артынан ерген Ержан, Тұрсын, Тұрыскелді, Назгүл есімді іні-қарындастарынан бөлек, арда өскен азамат туған жердің бар қасиетін бойына дарытып, ел руханиятынан мейірлене шөл қандырып сомдалып шықты. 
Азаттық алған 1991 жылы КСРО Журналистер одағының мүшесі  Нұрәділ Бегімбет жазған «Осы жұрт Ербол жайлы біле ме екен?!» атты мақалада ұлт перзенті, желтоқсанның алғашқы көксерке құрбандығына айналған, «балаң демократия мен тегеурінді тоталитарлық жүйенің арасындағы күресте жан тәсілім еткен» Ербол Сыпатаевтың өміріне қатысты көптеген дерек бар. Қаһарман ұлдың әке-шешесінің, ет жақын бауырларының да пікірлері анық көрсетілген.
Рас,  ғасырлар бойы бостандық тілеген киіз туырлықты Алаш жұртының шешуші «тұяқ серперіндей» көрінген Желтоқсан көтерілісі бастау алған уақытта Ербол Сыпатаев Алматы энергетика институтының 2-курсында білім алып жүрген. Алаңсыз жастығының гүлзарын жаныштап бара жатқан тоталитарлық табанның уытты ізі тәнін қоса таптағандай кеудесін намыс кернеген замандастарымен бірге «атой» салды. Қыршын кетті. 
Ерболдың азаматтық портреті, кісілік тұрпаты сомдалған, ерлігі жырланған сан тараулы материалдар бүгінге дейін баспа бетінен жарық көрді. Кітап болып шықты. Жинақтарға енді. Соларды парақтап-тарақтап отырсаңыз, Желтоқсан оқиғасында көз жұмған боздақтардың өлу себебі егіздің сыңарындай дүние екеніне көз жеткізесіз. Мәселен, сол 1986 жылдың аяз буырқанған желтоқсанында ауылдық кеңсенің алдына келіп тоқтаған «Рафик» шағын автобусынан түскен бес-алты адам: «Біз Ербол Сыпатаевтың мұғалімдері едік, ол 15-ші  қабаттан өзін-өзі тастап жіберіп, қайтыс болды. Біз оны жерлеп болған соң бір-ақ қайтамыз. Сіздер жерлеуді тездету жағын қарастырыңыздар. Ешқандай айқай-шу болмасын», – деп жергілікті әкімшілікке тізе батыра әмір етіп, ауыр қазаны ауызекі әңгімедей естіртуі қай қазақтың салтына жарасып еді?  Сөйтіп сол кездегі  аудандық  партия комитетінің басшы қызметкері А. Доценко бастаған арнайы штабтағылар көмекке келіп, «мұғалімдердің» қадағалауымен Ерболдың жерлеу рәсімі шұғыл  ұйымдастырылады. Бұл жайлы мақаласында анық көрсеткен журналист боздақтың туысы Тұрағалды Сәлімбаевтан алған пікірінде біраз дүниені аңғартқан. «Ербол менің әкемнің інісінің баласы еді. Ал ол кісілер қыстауда мал бағып отыратын. Олар келгенше  мән-жайды анықтайын деп  әлгі біресе «мұғаліміміз»,  біресе  «бірге оқитын жолдастарымыз» дегендерден жөн сұрасам, жартымды ештеңе айтпайды. Әйтеуір  «Сүйегін алып келе жатыр екен, Қапшағайдан өтіпті, Көкталға жетіпті, қазір әкеліп қалады» деген хабарды естіп тұрдық. Сонымен түнгі сағат 12 жарымда сүйегін де әкелді. Орыстардың дәстүрімен жасалған  табытты  үйге кіргізер алдында  есікті кеудеммен қалқалап тұрып алдым. «Көрсет, мүмкін  менің інім емес шығар?» деймін. Алғашында  әлгілер көнбегенмен  көпшілік мені қолдап кеткеннен кейін амалсыз ағаш табытты ашты. Бауыр етім – бауырым  мұрты қияқтай, өңі аппақ қауындай болып жатыр екен. Тек көздерінің алды көгілдір тартқан. Үйге кіргізген соң туысқандарымызбен бірігіп тағы да бір рет мұқият қарап шықтық. Шүйдесі ойылған. Шамасы не күрек, не темір сойыл тиген. Ішін  жарып,  қайта тігіпті», – делінген пікірде. Онымен қоймай әлгі ұстазсымақтардың азаматты басынып, шу шығарсаңдар тігерге тұяқ қалдырмай жер аударамыз деп сес көрсеткені де жазылған. Біз бұл пікірді бір дүниені дәлелдейік деп немесе сан жылдан кейін айқын ой тастайық деп көрсетіп отырғанымыз жоқ. Тек жоғарыда айтқанымыздай егіздің сыңарындай болған өлім дерегі айшықталар, ел ешқашан шындығынан ажырамайды, ақиқатты құмшауыт бүркеп, шаңдақ жаппайды дегіміз келді. Әйтпегенде Шығыста қызғыштай қатарластарын қорғап көз жұмған Сәбира, Жетісудың жұлдызы Ләззат, ер тұлғалы Ербол да «ғимараттан ұшып» өлер жасықтар ма еді? Тіпті, кейбір боздақты Желтоқсанға қатыспады деп бүгін аузын көпіртіп жүрген қандастарымыз мұндай қыршын кеткен жастардың өліміне берілген «анықтаманы» сонау Мәскеуден қойылған диагноз екенін неге бажайламайды деп таңданасың?!
Хош, Қайраттай қабылан жүрек, Сәбира мен Ләззаттай 16 жасында опат болған қарғалдақ ғұмырлы батырлардың ерлігіне елден қырағылық жоғалмаса, көлеңке түсе қоймас. Ел Ербол Сыпатаевтың тиянақты ғұмырбаяндық-хамсасын тарқатып айтар болсақ, сонау жылы әкесі Бейсен Алшынбековтың берген сұхбатын назардан тыс қалтыра алмаймыз. Арыс кеуде азаматынан, тұяғының алдынан айырылған әке: «Ербол біздің де, бауырына салған ата-анасының да көңіліне еш сызат түсірген жоқ. Оған барлық туысқандарым, күллі ауыл куә. Кейін  Ерболдың зиратының құлыптасына да «Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы» деп жаздырдық. Жасынан бауырмал, елгезек, еті тірі болып өскен Ербол әскери борышын ойдағыдай атқарып келіп, институтқа түскенде қалған балаларымды «осы сүйреп адам етер»  деп ойлаушы едім. Амал қанша, жазмыштан – озмыш жоқ екен… Ербол қаза тапқан соң Алматыға үш рет бардым.  1987жылы ақпан және наурыз айларында. Соңғы рет былтырғы желтоқсанда. Алайда, ізденгенімнен түк те шықпады. Құры киімдерін құшақтап, ботасынан айырылған аруанадай боздап, қайта оралдым. Ұлымның қасындағы балалардың да, Ерболдың ісіне байланысты жұмыс жүргізген тергеушілердің  айтқанынан ұққаным бұлыңғыр бірдеңе. Алғашында тергеушілер тіпті өзімді тергеп «Қытайдан қашан келіп едің, балаң бұрын бұзақылық жасады ма?» деп әуреледі», – деп толғаныпты. Расында, ботасын жоғалтқан бозінгендей боздап боз даладан бәймәлім хабар күтіп қалған әкенің осы бір пікірін оқыған сайын жаның ауырады. Біз осынау әке толғанысын бекер беріп отырғанымыз жоқ. Өйткені күні бүгінге дейін Ербол Сыпатаев туралы берілген анықтамалар мен деректерде «жетім» деп көрсетіліп келеді. Әке-шешесі, бауырлары бар Ерболды қазақ халық болып әлі тани алмай жатыр деген сөз бұл. 

Иә, сан тараулы жолды жүріп өткен, қысқа ғана ғұмырында ізгілік ізін қалдырған, ерлік бедерін нақыштаған Ербол Желтоқсанның боздағына айналардан бұрын өскен жеріне барып аунап-қунап, жеңгесіндей көрген анасына еркелеп қайтыпты. Сол жолы ол «Жаңа жылда келін әкеп түсірем» деп өмірлік қосағын тапқанын суыртпақтата жеткізген-ді. Аяз-ызғар қаншық иттей ұлыған сол алапатқа асыл нәсілін табыстап, тәнін табытқа орап алып келерін сол шақта білді дейсіз бе?! Жалынды жастығының ең ұлы кезеңінде, күші мен білімі «зар күйінде» тұрған шақта сонда кім үшін құрбан болды, Ерболды көпшілік жете тани алмай жатса?! Осылайша кеудедегі азғантай өкпені желеу ете отырып, бір топырақтан түлеген Ербол мен Ләззатқа әлі талай ұлы туындылар арналарына сенеміз. Жалпы, Желтоқсанда жанқиярлыққа басқан бүкіл аға ұрпаққа Тәуелсіздік жылдары жарық ғаламмен жанар суарған жас буын қарыздармыз дегім келеді.
 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ,
Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Елдік дәстүрдің өзегі

28.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Тиімді диалог алаңы

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.