Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
КҮНДЕРЕК
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Суретті түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл аспанын ақ мамық бұлт торлағанымен бұл күннің шуағы адам жанына ерекше жылылық сыйлап тұр. Көл жағасын мамыражай тыныштық көмкерген. Толқындар баяу ғана жағаны сипап, саф ауа жанды сергітеді. Күн арқан бойы көтерілгенде ғана тыныштықты шат күлкі бұзды. «Жалын» лагерінен шыққан балалардың көңілді үні көл жағасына жетіп, айналаны балалық шақтың шаттығына бөлеп жіберді. Бірі ән айтып, енді бірі жарыса жүгіріп, достарымен әзілдесіп мәз. Олардың жүзіндегі қуаныш – жазғы демалыстың ең әдемі көрінісі.

Жаз – әр баланың асыға күтетін мезгілі. Үш айлық демалыс тынығуға, жаңа достар тауып, қызықты сәттерге толы естеліктер жинауға мүмкіндік береді. Осындай ұмытылмас сәттерді балаларға сыйлаған демалыс орындарының бірі – Ақшидегі «Жалын» жазғы сауықтыру орталығы.

Бұл жақтағы демалушылардың қал-жағдайын білмекке біз де арнайы ат басын бұрдық. Мекеме басшысы Айдос Көкебаевпен танысып, орталықты араладық.

– «Жалын» жазғы сауықтыру орталығы 2023 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Биылға 8 ауысым жоспарланған. Біз қазір алтыншы маусымды өткізіп жатырмыз. Әр маусым сайын түрлі әлемеуттік топтағы 110 баланы қабылдаймыз. Ауысым аяқталған кезде балалардың көбі лагерьді қимай қайтады. «Ақша төлеп қалса бола ма?» деген ұсыныстарын айтады. Оның бәрі бұл жердегі қызметкерлердің қолында емес. Соған қараймыз да еткен еңбегіміздің нәтижесін көреміз. Іштей өз жұмысымызға деген сүйіспеншілігіміз артады. Содан шабыт алып, шаршағанымызды басамыз. Ертеңгі күнге жаңа идеялар ойластырамыз. Үнемі ата-аналармен кері байланыс жасаймыз. Өткен әрбір іс-шараны әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жариялаймыз, – дейді Айдос Ержанұлы.

Жазғы сауықтыру орталығындағы балалар күнделікті тіршілігін таңғы жаттығумен бастайды. Жүгіреді, секіреді, бұлшық еттерін қозғалысқа келтіріп, кезегімен кермеге тартылып, өз-өздерін шынықтырады. Алғаш келушілер әуелде бірден үйреніп кете алмауы мүмкін, дегенмен көштен қалмас үшін өзін қамшылауға тура келетіні шындық. Былайғы күні үйлерінде артық қозғалмайтын жеткіншектер мұндағы тәртіпке бой ұсынады. Саламатты өмір салтына дағдыланады.

– Бастапқы күндері қиналдық. Ерте тұрып жаттығу жасау ауыр тиді. Бірақ ағайларымыз бізге ерекше күш-жігер беріп, сергек жүруімізге себепкер болды. Ақыл-кеңестерін тыңдағандықтан қазір ширақпыз. Бой үйретіп алған соң берілген тапсырмаларды бір-бірімізбен жарыса істейміз. Бұл бізге қуаныш сыйлайды, – дейді Қайнар орта мектебінің оқушысы Нұр Манарбек.

Орталықта балалардың қауіпсіздігіне, денсаулығына және жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлінген. Тәжірибелі тәрбиешілер мен жетекшілер әр күнді мазмұнды әрі қызықты өткізуді басты міндет санайды.

– Мұнда барлық жағдай жасалған. Тамақтары дәмді. Тазалық жағына теріс пікір айта алмаймыз. Себебі лагерьдің іші де, сырты да мұнтаздай. Жеткіншектердің тәрбиесіне, денсаулығына баса назар аударып жүрген орталық қызметкерлеріне деген құрметіміз айрықша. Ізденіп, тың дүниелерді үйретіп жатқандарына дән ризамыз. Тобымдағы ұлдар үйлеріне қайтқысы келмейтіні бір-біріне бауыр басып, бой үйреткендіктен шығар деп ойлаймын. Балалар өзара тату-тәтті, өміріндегі ең қызықты сәттерін осында өткізіп жатқанына еш күмәнім жоқ. Біз олардың іс-қимылынан-ақ бәрін біліп, түсініп тұрамыз, – дейді Үшарал қаласы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясының тарих пәні мұғалімі, жетекші Бексұлтан Серікқали.

Орталықтың тіршілігін көзбен көрген адам бұл жердің тек демалыс орны ғана емес, нағыз достықтың мекені, тәрбиенің ордасы, балалық шақтың ең жарқын естеліктері қалыптасатын орта екеніне баға берер еді. Мұнда әр бала өз қабілетін ашып, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа үйренеді. Балалар таңғы жаттығудан кейін бөлмелерін ретке келтіріп, жуынып, таңғы ас ішеді.

– Демалушыларға 4 уақыт тамақ беріледі. Барынша денсаулыққа пайдалы, дәрумені мол тағам түрлерін алдарына тосамыз, – дейді бас аспаз Перизат Сегізбаева.

Ас ішіп ауқаттанған оқушылар араға аздаған уақыт салып қаз-қатар басып жағалауды бетке алады. Кие дарыған, суы шипалы Алакөлге бас қоя сүңгіп, асыр салып мәз болысады. Шадыман шаттықтары шашыраған су тамшыларымен еселеніп жатқандай көрінетінін қалай айтпай өтейік?! Риясыз күлкілері көл жағалап қашқандай болады да бір сәтте сол орнынан қайта-қайта бастау алады. Сықылықтаған мөлдір таза күлкілері осы қалпында сақталып қалуын іштей тілейсің.

– Біз суға күніне екі мәрте шомыламыз. Жалығып, шаршаған емеспіз. Керісінше, қызық. Бұл жерге бірінші рет келіп тұрмын. Лагерьдегі ойын алаңдары, көлдің суы, бәрі көңілімізден шықты. Осындай керемет демалыс сыйлаған ұстаздарға, жоғарыдағы ағаларға алғыс айтамын, – дейді Жанама ауылынан келген Әмина Жандосқызы.

«Жалын» жазғы сауықтыру лагерінде 100 адамға шақталған акт залы, компьютерлік бөлме, психологиялық тренинг, танымдық ойын өткізуге арналған екі кабинет және кітапхана бар. Мұнда балаларға арналаған робототехика, домбыра, шахмат, сурет салу үйірмелері жұмыс істейді. Оқушылардың демалыстарын жақсы өткізуге барлық жағдай қарастырылған.

Мұндағы қызметкерлер: «Балалар өздерінің жазғы демалысын қызықты өткізсе, осы жерден дұрыс тәлім-тәрбие алса екен», – дейді. Сондықтан тәрбиеленушілерге телефон ұстауға шектеу қойылған. Олар тек ұялы байланыстарын түскі уақытта 2 сағат қана қолдана алады. Сол кезде ата-аналарымен сөйлеседі, ал аса қажет болған жағдайда ата-аналар жетекшілерімен байланысқа шығады.

Демалушы жеткіншектердің жүзінен үйлеріне қайтуға асыққандық байқамадық. Керсінше, тілеулері әлі де осы жерде жүре беру екенін аңғардық.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Шекара шебінде өткен шаралар

Шекара шебінде өткен шаралар

28.07.2026
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.