Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАЛАНТТЫ ЖАНДАР ТОҒЫСТЫ

05.12.2022
КҮЛТӨБЕ
ТАЛАНТТЫ ЖАНДАР ТОҒЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Көрме кешенінде «Өңірдің тұрақты дамуындағы әйелдер бастамалары» өңіраралық әйелдер форумы өтті. Оған Жетісу және Алматы облысындағы 400-ге жуық ең табысты, іскер және талантты әйелдер қатысты. 


Қос облыс әкімдігінің қолдауымен өрнек тапқан шараны Жетісу облысының іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, облыстық  мәслихат депутаты Римма Салықова ашып, жүргізіп отырды. Ол  қос аймақтағы басшылар, кәсіпкерлер, қолөнершілер мен өңірлердегі қоғамдық көшбасшылар жиынға арнайы қатысып отырғанын жеткізді.

– Біз өмір сүріп жатқан қоғамның құндылығы, оның әдемі ізі тарихта қалу үшін әрбір тұлға жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен, табысты болуымен ерекшеленуі керек. Кәсіби құзыреттілікке ие әйелдер салмақты шешімдер қабылдауға, ең қиын жағдайларда жауапкершілікті өз мойнына алуға, ең бастысы нәтижеге жұмыс істеуге қабілетті. Бұл үрдісті одан әрі нығайту Мемлекет басшысының саяси бағытына байланысты. Сондықтан еліміздегі барлық салада әйелдердің лайықты өкілдігі құрылатынына сенімдімін, – деді ол.

Бейбіт Исабаев форумның салтанатты бөлімін аша отырып, өңірде әйелдердің әлеуетті мүмкіндіктерін табысты дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Аймақтың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы олардың рөлі жыл сайын артып келе жатқанын тілге тиек етті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемкелұлы Тоқаев  Қазақстан халқына жолдаған   Жолдауында «Біз азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты өзгертеміз. Мемлекет,   ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады… Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді», – деп атап өтті. Сондықтан бүгінгі форум әйелдер бизнесінің дамуына серпін әкеліп, біздің қоғамдағы әйел кәсіпкерлердің мәртебесін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Біздің аймақ халқының 50% -дан астамы әйелдер. Облыста көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл сайын әйелдер кәсіпкерлігінің, оның ішінде ауылдық жерлерде де үлесі артып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша субсидиялау құралы бойынша 20 млрд. теңгеге жуық сомаға 247 жоба әйелдер бастамашылығымен ұсынылған. Кредиттерге кепілдік беру шеңберінде 6,2 млрд. теңге сомасына 317 жоба қолдау тапты. Кәсіпкер әйелдерге 430 млн. теңге сомасына 148 грант берілді. Ағымдағы жылы ШОБ үшін мемлекеттік гранттар беруге облыстық бюджеттен 170 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 575 өтінімнің 324-і әйелдер тарапынан түскен. Соның арқасында қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де дәріханалар, дүкендер, киім, аяқкиім тігу және жөндеу, кондитерлік, нан-тоқаш және сүт өнімдерін өндіру цехтары, сондай-ақ балабақшалар, кафелер, сұлулық салондары, шаштараздар ашылмақ, – деп атап өтті облыс басшысы.

Өз кезегінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев сөз алып, өңірде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

– Бүгінгі іс-шара ерекше. Біз қазірдің өзінде өмірімізді ажарлы етіп жүрген, отбасының қамқоршысы ғана емес, қоғамның тірегі саналған нәзік жанды әйелдердің әлеуетіне, парасатына ризамыз. Олардың отбасының отанасы ғана емес, табысты бизнесмендер, кәсіби мемлекеттік қызметкерлер, саясаткерлер, басшылар екендігіне үйренетін кез келді. Әйелдер біздің облыстың барлық даму салаларында алдан көрініп жүр. Сол үшін жаны көктемдей шұғылалы әйелдер қауымына алғыс айтамыз, – деді ол.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде табысты жандар  өздері өндіретін өнімдерді ұсынды. 

Шара барысында Жетісу облысының әкімі өңір бойынша ең үздік әйел деп танылған фермерлер қауымдастығының жетекшісі Алмагүл Оңғарбаеваны, сондай-ақ, облыстың іскер әйелдерін Грамотамен марапаттады. Алматы облысы әкімнің орынбасары Арслан Дәндібаев та Алматы облысының игілігі үшін еңбек етіп жүрген әйелдерге Грамоталар табыстап, арнайы марапаттады. 

Форум соңында Жетісу облысының іскер әйелдер кеңесі Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.