Қарашаның 20-сы күні өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық шаралары қызу ұйымдастырылуда. Қазақстан халқы үшін аса маңызды саяси науқанға Талғар ауданының тұрғындары да біркісідей атсалыспақ.
Ел тізгінін ұстар болашақ Президентті таңдап, дауыс беру үшін аталған аудан әкімінің шешімімен 81 сайлау үчаскесі құрылған. Оның ішінде, 2 жабық сайлау учаскесі бар. Соның бірі №841 сайлау учаскесі орталық аудандық ауруханада болса, екіншісі — туберкулезге қарсы диспансерде орналасқан №842 сайлау учаскесі.
— Аудандағы 81 сайлау учаскесінің 69-ы жалпы білім беретін мектептерде, 5-уі колледждерде, 2-уі денсаулық сақтау мекемесінде, 1-уі Қызылқайрат ауылындағы Мәдениет үйінде, 1-уі «Керемет» балабақшасында және 1-уі «Элеватормельстрой» АҚ-да орналасқан. Алайда Кеңдала ауылындағы №38 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты №870 сайлау учаскесі осы ауылдың Қабанбай батыр көшесіндегі №42 орта мектепке уақытша ауыстырылды. Сондай-ақ, Гүлдала ауылындағы №21 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №886, 887 сайлау учаскелері Төле би көшесі, №2 мекенжайдағы «Гюзель» дәмханасына уақытша көшірілді. «Керемет» ЖШС жеке балабақшасының жабылуына байланысты №836 сайлау учаскесі Талғар қаласы, Пугачева көшесі, 1 мекенжайдағы ветеринариялық инспекцияның әкімшілік ғимаратына ауысқан. Сайлаушыларды осы өзгерістермен хабардар етудеміз. 2022 жылы жаңадан құрылған немесе жойылған сайлау учаскелері жоқ, – дейді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхит Дүйсебаев.
Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы,
Алматы облысы





