Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.
Жол-көлік оқиғасы Кәлпе ауылының маңында болды. Жапондық «Mazda Cronos» автокөлігін 31 жастағы ер адам басқарған. Машина Тельман-Кәлпе автожолының 8-нші шақырымында аударылып қалған. Өкінішке қарай, көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Жол апатынан оның екі жолаушысы зардап шекті, олар түрлі жарақатпен Үштөбе қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша іс қозғалды.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





