Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ ГҮЛ-ҒҰМЫРДЫ КҮЛГЕ АЙНАЛДЫРАДЫ. ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ

20.10.2022
ҰЛТ ҰЯТЫ
ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ ГҮЛ-ҒҰМЫРДЫ КҮЛГЕ АЙНАЛДЫРАДЫ. ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі қоғамда көк түтінді түйдек-түйдек бұрқыратып, электронды темекіні ермек еткен жастардың қатары артып келеді. Ең сорақысы жасанды шылым шеккендердің ішінде жасөспірім балалар мен қаракөз қарындастарымыз да бар. Неге шегетіндерін сұрасаң бірі «мода», екіншісі «темекіге қарағанда зиянсыз» деп жауап береді. Бірақ, бұл мүлде олай емес.

                                                                                                                           БІЗГЕ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

Жалпы электронды темекі алғаш 2003 жылы шығыпты. Электронды темекі патенттеген қытайлық фармацевт Хон Лик. 2004 жылы Хон Лик Қытай нарығында, сосын халықаралық деңгейде осындай өнім шығаратын және сататын алғашқы адам болды. Темекінің құтысы кішкентай, иісі шықпайтын болған соң жастар қызығып, шылымның шырмауына байланады. Түрлі тәтті иістер қосылғандықтан барлығы жаппай сатып алды. Бірақ, «Вейпингтің» кең таралуы АҚШ-та адамдардың өкпесінің зақымдалуына және өліміне әкеліп соқтырды. Коронавирус пандемиясы басталғанға дейін АҚШ-та вейп пайдаланғандардың «өкпенің ауыр кеселіне» шалдығуының 2 500-ден астам оқиғасы тіркеліп, 50 адам қайтыс болады. Осыдан кейін Америка Президенті 2019 жылы электронды темекілерге тыйым салды. 2020 жылдың басында бүкіл АҚШ-та электронды темекіге арналған жұпар толтырғыштары бар картридждердің көп түрін сатуға тыйым салынды.

Электронды темекінің зияны жайлы қанша айтылса да, бізде шылым шегетіндердің саны азаятын емес. Керісінше, түрлі дәммен «Вейп», «IQOS» (айкос), «Снюс», «Паучи» сан алуан түрі сатылуда. Ата дәстүрімізде жоқ, жаман әдет біздің ұлтқа қайдан келді? Жасанды шылымның адам ағзасына қаншалықты зиян екенін жастардың білгені жөн.

«Снюс» – түтінсіз темекінің бір түрі. Мамандардың айтуынша оның құрамында никотиннің мөлшері темекімен салыстырғанда бірнеше есе көп. Мәселен, 1 дана темекіде – 1,5 миллиграмм болса, «снюста» – 20 миллиграмнан 250-ге дейін болуы мүмкін. Ал «паучиды» еріннің астына салып тартады екен. Айта берсек, бұл заттың адам өміріне тигізер залалды зияны көп. «Жасанды шылым қауіпсіз бе?» деген сұрақтың жауабын осыдан-ақ аңғара беріңіз.

САЯТ «СНЮС», АЙГҮЛ «АЙКОС» ШЕГЕДІ

Өкінішке қарай, бүгінде көңіл көтерудің бір жолы осы болып барады. Мейрамхана, түнгі клубты былай қойғанда жасанды шылымды үйде отырып шегуді әдетке айналдырғандар да аз емес. Саябаққа шықсаң, қу темекінің құрығына түскен жасты да жасамысты да көресің. Үлкендер жасанды шылымды «темекіні тастау үшін шегіп жүрміз» деп ақталады. Бірақ, зерттеулер нәтижесі бойынша, электронды темекіні тартқан сайын, шылым шегуді аңсай түсесіз. Себебі, «сәнді»  қондырғының құрамында никотин бар.  Сондықтан ол шылым шегуді тастауға еш көмектеспейді. Ал санасы қалыптаспаған балалар «ваучерлердің» түрлі дәмі мен түтініне қызығып шегеді. Бірақ, қызығушылықпен шеккен дүние кейін тәуелділікке әкеліп соғады. Темекіге бейімделу кезеңінің бірі – жалындаған жастық шақ. Адамның қызығушылығын арттырып, құмарлыққа тез үйрететін де осы кез. Санаңды улап, шылымға үйір қылып жіберетіні шүбәсіз екенін біле тұра осы жолмен жүргендер азаймай тұр. Жігерлі кезеңде, ой-өрісің дамитын шақта өміріңді арзан қызығушылықпен өткізсең, егде жасқа келгенде сан соғып өкінерің хақ. Бұл қазаққа бөгде елден келген жат қылық. Өзгенің қаңсығын таңсық қылуға бейімделген жастардың еліктеушілігі. Ең жаманы, ата-анасы баласының мұндай зиянды заттарды қолданып жүргенін білмей де қалады. Өйткені, электронды темекі шегіп келген баланың үстінен иіс шықпайды. Бәлкім содан болар Саяттар «Снюс», Айгүлдер «Айкосты» далада емін-еркін шегіп жүреді.

Халқымызда «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген сөз бар. Жаман әдет тез жұғады. Еліміздің санасын улайтын, жұртты адастыратын электронды шылымнан іргемізді аулақ салғанымыз жөн. Бұл үлкен қасірет. Дені сау ұрпақ өсіріп, байтақ жерімізді жасыл етіп сақтағымыз келсе, әр ата-ана жасөспірім балаларын қадағалауы тиіс.

Өскелең ұрпақ көк түтіннің шырмауында қалмасын десек, электронды темекіден бас тартуымыз керек. Болашақ өзіміздің қолымызда. Адамзатқа індет болған жаман әдетке әуес болмай, салауатты өмір салтын ұстанып, жарқын өмірге қадам басайық. Осыны қаперіңнен шығарма, электронды темекіні ермек қылған жас ұрпақ!

ДӘРІГЕР НЕ ДЕЙДІ?

Сая ҚАБДРАХМАНОВА, Жетісу облыстық ауруханасының терапия бөлімі меңгерушісі: «Электронды темекі – ішінде сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин жеткізетін темекінің бір түрі. Қыздырылатын табак қарапайым темекіден де қауіпті. Электронды темекі құрамында никотин, көмір қышқыл газы, көміртек тотығы, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар сияқты 30-дан астам улы зат бар. Электронды темекі адам өкпесін ірітіп жібереді. Бұған  дәлел ретінде, Қырым федералды университетінің ғалымдары электронды темекіден немесе вейптардан шығатын бу өкпе тінін бұзатынын дәлелдеді. Тіпті никотин қосылмаған құрылғының өзі де адам ағзасына аса зиян. Егеуқұйрыққа жүргізілген эксперимент нәтижесінде сұйықтығы құйылған жануардың өкпесі 40 күннен кейін іри бастаған. Бұл дәлел шылым шегушілер арасында кең тараған «электронды темекінің зияны аз» деген пікірді жоққа шығарады. Электронды темекі, вейптар-өзіңізді алдау. Табак өндірушілердің жарнамасына еліктемей, өзіңіздің, келешек ұрпағыңыздың саулығын ойлаңыз. Денсаулық – тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың ұлы игілігі.«

Айдар ҚАЛИЕВ

Жетісу облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.