Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КӨКСУДАҒЫ АУЫЛДАР ШЕТІНЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛЫП ЖАТЫР — ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

14.10.2022
ЭКОНОМИКА
КӨКСУДАҒЫ АУЫЛДАР ШЕТІНЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛЫП ЖАТЫР - ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданына қарасты Бесқайнар ауылының тұрғындары табиғи газға қосылды. Жергілікті халық осындай тарихи сәттің куәсі болды. Шараға аудан әкімі Марлен Көлбаев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

– Бесқайнар ауылында 152 түтін бар. Бұл Көксу ауданы бойынша көгілдір отынға қосылып жатқан төртінші ауыл. 18 қазан күні тағы 3 ауыл (Жамбыл, Мәмбет, Амангелді) газбен қамтылмақ. Жыл соңына дейін тағы 4 ауылға газ тартылса, 12 ауылдың жобалық-сметалық құжаттары дайын болады. Келесі жылы тағы 12 ауылға газ тартылмақ. Осылайша аудандағы барлық ауылды газдандыруды жоспарлап отырмыз, – дей келе салтанатты шараға жиналған көпшілікке ақжарма ниетін білдірді.

Өз кезегінде сөз алған Жетісу облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ернат Бәзіл – Қарапайым халыққа ең алдымен жылу, таза су керек. Осыған орай өңірге газ тартылды. Жетісу өз алдына облыс болғаннан кейін облыс әкімінің тапсырмасымен қанша ауылға газ тарту керектігін тексердік. Нәтижесінде 192 ауыл газға қосылу керектігі анықталды. Биыл бізде 22 жоба басталды. Оны келесі жылы аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. 28 жобаның сметалық-құжаттары дайын, – деген басқарма басшысы 2025 жылға дейін Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Ескелді аудандары мен Текелі және Талдықорған қаласы толықтай көгілдір отынмен қамтылатынын айтты.

Жиын барысында ақжаулықты әжелер ауылға келген газды жағып, шашу шашты. Ауылдың құрметті ақсақалы Болат Хисметов батасын беріп, жылы лебізін білдірді.

Газды үйіне алғашқылардың бірі болып, Бибігүл Көбегенова қосты. Көпбалалы отбасына газ мемлекет тарапынан тегін қосылды.

«Осы үйде 1978 жылдан бері тұрамыз. Күйеуімнің қайтыс болғанына 22 жыл болды. 10 жылдан кейін үлкен қызым өмірден өтіп, артында үш бала қалды. Отбасымызда 2 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Жалпы 11 адам тұрамыз. Бұрын біз көмір тасып, ағаш кесетінбіз», – деп көмек қолын созып, көгілдір отынды үйіне кіргізіп берген облыс, аудан басшылығана алғысын жаудырды.

Айта кетейік, ауданда газға қосылу жұмыстарының құны 170 мың теңге. Сондай-ақ, «Жетісуоблгаз» ЖШС-нен материалдар мен газ қазандығын 10 айға дейін бөліп төлеу және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін «BSP GROUP LTD» ЖШС-нен 20%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Газға қосуды «ST LTD», «ST GAZ», «CК МУСЛИМ», «АЯКС-78» және «СҰҢҚАР-2002» ЖШС-тері жүргізеді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Көксу ауданы,

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.