Талдықорған: +21°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

КҮРІШ ЕГУШІЛЕРДІҢ АЙЛЫҒЫ НАУҚАНДА 400 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН КӨТЕРІЛЕДІ

06.10.2022
ОН САУСАҚ
КҮРІШ ЕГУШІЛЕРДІҢ АЙЛЫҒЫ НАУҚАНДА 400 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН КӨТЕРІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Аграрлы ауданымыздың негізгі саласының бірі егін шаруашылығы болғандықтан өңірімізде егін ору жұмысы дер кезінде басталып, дала төсі дүбірге бөленіп, қызу еңбек қарқын алуда. Аудан диқандары өңіріміздің басты байлығы ақ күрішті  жаз бойы күтіп-баптап, уақытылы қамбаға құйып алудың қамына білек сыбана кірісіп кетті. Өнімді төкпей-шашпай жинауға бар күшін жұмсаған шаруашылықтардың бүгінгі белсенділігі жақсы. Аудан бойынша себілген 6800 гектар күріш дақылының бүгінгі таңда 5459 гектары шабылса, 4400 гектары бастырылды.

Дала төсін дүбірге бөлеп, еңбектің қазанын қайнатқан аудан диқандарының жағдайын бағамдап қайту үшін аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғалым Нарбаевпен бірге аудан іргесінде орналасқан «Марат» шаруа қожалығының егіс алқабына арнайы барып қайттық.

Аталмыш шаруашылықтың егіс алқабында «Марат» ШҚ-нің бригадирі Нұркен Пұшанов, шаруашылықтың механизаторлары Дархан Шыбықбаев, Ғалым Қоржынбаев, Ержан Мәдіғұлов және Серікболсын Сабырхандар еңбектің көрігін қыздырып, күріш орағының қарқынын жеделдетіп жатыр екен. Диқандардың егіс алқабында атқаратын жұмысы шаш етектен болса да, бізді көріп тізгіндерін тежеп, сәл аялдады.

Ерте тұрып, кеш жатып, егін орағын ысырапсыз жинауды мақсат тұтқан еңбеккерлермен сұхбаттасқан едік. Шаруашылық бригадирі Нұркен Пұшанов:

– Биыл күріш тұқымын жаңалау мақсатында Қызылорда өңірінен 20 тонна «Янтарь» атты күріш тұқымын сатып алдық. Жаңа күріш тұқымын 120 гектар жерге сіңіріп, бүгінде сол ақ маржан егілген егіс алқабының соңғы гектарын шауып жатырмыз. Күріштің әр гектарынан 52 центнерден өнім аламыз. Оның себебі, біріншіден жаңа тұқымның нәтижесі болса, екіншіден, биылғы ауа райының күрішке қолайлы болғандығы деп білемін. Жаздағы аптап ыстық күріш дақылының әбден өсіп-жетілуіне мол әсерін тигізді. Ал өздеріңіз білетіндей, күріш – суды да, ыстықты да жаны сүйетін дәнді дақыл. Шаруашылық құрылғалы биыл жетінші жыл. Шаруашылық басшысының тапсыруымен ауыспалы егіс алқабын дұрыс қолданып, ұжымдағылармен жұмыс барысын  жыл басында жоспарлап аламыз. Бұдан бөлек, «Марат» шаруа қожалығы 220 гектарға бидай дақылын егіп, алтын дәннің әр гектарынан 19 центнерден өнім алды. Ал 360 гектар жерге егілген көпжылдық шөптен 12000 орам бастырып,  қысқы мал азығын дайындады. Енді күріш сабағынан 2000 орам бастыруды жоспарлап отырмыз, – деді.

Күріш алқабында ораққа 4 комбайн, астық тасымалдауға 2 «КАМАЗ» көлігі, сондай-ақ, 1 «Т-150», төрт «МТЗ-80» және 2 «МТЗ-1221» тракторы тынымсыз жұмыс істеп жүр. Механизатор Дархан Шыбықбаевтың айтуынша, егіс алқабындағы техниканың қосалқы бөлшегі және жанар-жағармайы жеткілікті. Олар жұмыс барысында бір-біріне қарайласып, жауапты науқан кезінде барлық шаруаны ауызбірлікпен атқарады.

Шаруа қожалығында 10 адам еңбек етеді. Жұмыскерлер науқан кезінде орта есеппен 350-400 мың теңге көлемінде жалақы алады. Мұның сыртында басшылық тарапынан жем-шөп, күріш, тағы басқа да көмек көрсетіліп, отбасы жағдайына да жәрдемдесіп тұрады.

Ерте көктемнен қолдарына алған кетпен-күректерін алажаздай тастамаған диқандардың төккен терінің өтелетін кезі осы. «Төккен тері өтелсін» деген тілекпен қайта жолға шықтық.

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ

Балқаш ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026
Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

31.03.2026
Чемпион болғым келеді

Чемпион болғым келеді

31.03.2026
Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушысын қабылдады

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушысын қабылдады

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.