Талдықорған: +18°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДА ТЕМІРДІ ТІКЕЛЕЙ БАЛҚЫТАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

05.10.2022
ОН САУСАҚ
ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДА ТЕМІРДІ ТІКЕЛЕЙ БАЛҚЫТАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Текеліде темірді тікелей қалпына келтіретін зауыт іске қосылды. Мұнда қолданылатын өндірістік технология экологиялық жағынан ерекше. Мұны отандық қара металлургия саласын дамытудың маңызды қадамы деуге болады. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші кезеңде мұнда 100 жаңа жұмыс орны ашылды, алдағы уақытта жұмысшылар санын 500-ге дейін ұлғайту көзделген. Тартылған инвестиция көлемі 4 млрд.теңгеден асады.

Экспортқа бағытталған кәсіпорынның салтанатты ашылуына Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, «Горное бюро» ЖШС компаниялар тобының директоры Абдраман Еділбаев, зауыт жұмысшылары мен текелелік тұрғындар қатысты.

Текелі тұрғындарын кәсіпорынның ресми ашылуымен құттықтаған Бейбіт Исабаев жыл басынан бері облыс экономикасына 129 млрд.теңге инвестиция тартылып, 15 жоба іске асырылғанын атап өтті. Солардың бірі – Текеліде ашылып отырған «Электромарганец» ЖШС. Бұл кәсіпорын металлургия саласындағы ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізіп отырған айтулы нысан.

— Бүгін ашылып отырған «Электромарганец» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің темірді тікелей қайта қалпына келтіретін зауыты Текелі қаласының ғана емес, тұтас облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді деп ойлаймын. Өндірістің экологиялық жетістігі — ғылыми ізденістер мен заманауи технологияны қабыстырудың қандай табысқа жеткізетінінің айқын айғағы. Ел Президентінің алдымызға қойған басты міндеттерінің бірі де осы. Бұл алғашқы қарлығашы десек те болады. Кәсіпорынның болашағы зор, алдағы жоспары ауқымды. Мұнда бірінші кезеңінде 100 жаңа жұмыс орны ашылды, алда жұмыс орнын бұдан әрі көбейтіп, кәсіпорынның қуатын арттыра түсу межеленіп отыр. Осыған орай жергілікті оқу орындарына технологтар дайындау, өңірдегі колледждерде салаға қажетті жаңа мамандықтар ашу мәселесінің де өзекті екенін айту керек. Сондықтан, біз жаңа кәсіпорындарды заманауи, жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз етуіміз керек, — деді Б.Исабаев.

Өз кезегінде «Горное бюро» ЖШС компаниялар тобының директоры, техника ғылымдарының докторы Абдраман Еділбаев кәсіпорынның ерекшеліктеріне тоқталды.

Оның айтуынша, мұндағы тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғылар әлемдік өнеркәсіптің жаңа талаптарына сай. Зауытта экологиялық таза өндіріске көшуге серпін беретін, темірді тікелей қалпына келтіретін технология енгізілген. Бұл — Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын. Өндірісте отандық концентраттар, кен мен көмір қолданылады, ал өндірілген өнімге сұраныс жоғары.

Қазір Еуропа, Қытай, Түркия, Ресей елдерімен келісім жүріп жатыр. Мұндай өнім әлемдік нарыққа тұңғыш рет шығарылмақ. Сондықтан нарықтағы өз орнын бекітіп, маркасын таныту аса қажет іс. Жаһандық бәсекелестіктегі ең маңыздысы – сапа, сондықтан, өндіріс барысында сапаға ерекше екпін түсіріледі.

— Алдағы уақытта қолданылып отырған технологиямызды одан әрі дамытуға, тұрақты жұмыс орындарын ұлғайта отырып, қуаттылығы жоғары тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғылардың қолданыс аясын кеңейтуге, осылайша Текелінің, жалпы отандық металлургияның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуына атсалысуға ниеттіміз. Жалпы әлемде домендік өндіріс технологиясын қолданатын шамамен 3500 кәсіпорын және темірді тікелей қалпына келтіру технологиясын қолданатын 30-дай кәсіпорын бар екенін атап өткім келеді. Енді бұл технология, міне, біздің елімізде де енгізіліп отыр, — деді А.Еділбаев. Сол сияқты ол тікелей қалпына келтіру мен домендік өндіріс бір-бірімен жақсы үйлесетінін айтты. Бұл тұрақты іске қосылғаннан кейін Текелі тау-кен өңдеу кешенімен өзара бірлесіп жұмыс істеуге, сондай-ақ, оны шикізатпен қамтамасыз ету жағынан жақсы мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Кадр дайындау мәселесіне келсек, кәсіпорын басшылығы Ресейдің Иркутск облысындағы осындай кәсіпорынның мамандарын тарта отырып, бірнеше ай бойы зауыт қызметкерлерін оқытқан, техминимум, өндірістегі қауіпсіздік бойынша, жаңа технологияны қолдану негіздері мен мүмкіндіктері жөнінде дәрістер ұйымдастырған.

Зауыттың салтанатты ашылуында іске қосудың символдық нүктесі басылып, келушілер зауыттың ішкі жұмысымен танысты.

Еске салсақ, Бейбіт Исабаевтың Текелі қаласына жасаған жұмыс сапары жеке азаматтарды қабылдау, моноқала халқымен кездесу іс-шараларымен жалғасты. Атап өтсек, моноқалада құрылыс материалдары (құрылысқа арналған құрғақ қоспалар, бордюр, бетон бұйымдар), ашытқы, таурит, сүт өнімдері және басқа да тауарлар өндіріледі.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026
Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

31.03.2026
Чемпион болғым келеді

Чемпион болғым келеді

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.