Талдықорған: 0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚАЗАҚТАР ҚИЫН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БӘРІН МЕҢГЕРГЕН — АККУМУЛЯТОР ЗАУЫТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

02.10.2022
ЖАНСАРАЙ
ҚАЗАҚТАР ҚИЫН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БӘРІН МЕҢГЕРГЕН - АККУМУЛЯТОР ЗАУЫТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Адамның жақсысы – айналасына пайда келтіретіні», – дейді имандылық шартында. Ендеше, жақсы адамдар жайлы қанша айтсақ та, жазсақ та артық емес. Себебі, олардың өмірі – көпке үлгі. Қазақ: «Күн ортақ, Ай ортақ, жақсы ортақ» дейді. Міне, мұндай тәмсіл Қазақ­­стандағы көлікке арналған бірден-бір аккумулятор шығаратын зауыттың басшысы Қуаныш Әжмағамбетов ағаға арналып айтылғандай.

Талдықорғандағы «Қайнар-АКБ» ЖШС қаланың паспорты деуге болады. Шаһардың тірек өндіріс орны. Кәсіпорынның тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқанына табаны күректей – 50 жыл. Тоқтаусыз деген сөзді айтуымыздың мәні зор. Облыс тарап, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендеп, көптеген кәсіпорын жабылған тоқырау жылдарында да аталмыш зауыт өнім шығарғанын тоқтатқан жоқ. Толыққанды істемесе де, елді аккумуляторсыз қалдырмауға күш салды. Бір өзі бір шаңырақты асырап тұрған азаматтар табыстан айырылмады.

«Елде болса ерінге тиеді» дегендей, зауыт қала халқының ауыр жағдайдан шығуына өз септігін тигізді. 90-шы жылғы тоқырауды еске алған Қуаныш Мәдиұлы: «Асханамызда үздіксіз ыстық тамақтың пісірілуін назарда ұстайтынмын. Қаланың табыссыз қалған біраз отбасын тамақтандыруды мойнымызға алдық. Кейбіреулер үй-ішімен келіп тамақ ішетін. Қала басшылығы әлеуметтік жағдайы қиын отбасылардың тізімін береді. Біз отын-су, азық-түлік жағынан көмектесіп тұрдық», – деп ауыр дерттей елді күйзелткен өтпелі шақты еске алды.

Сондай аумалы-төкпелі кезеңнен елді ертеңгі күнге сендіріп, үмітті үздіртпей алып шыққан осындай атпал азаматтар еді. Әйтпесе, ел өмірден түңіліп, баз кешіп кетудің аз-ақ алдында қалған. Азаматтың адамдығы осы кезде танылды. Бәзбіреулердей жайлы жер іздеп кетпеді. Бар ақшасына алпауыт қалалардан кәсіпорын сатып алып, дүрілдеп кететін жағдайы бар еді. Бірақ ел-жұртын қиындыққа тастамады. «Адал адам айнымас» деген қанатты сөзді Қуаныш Мәдиұлы өмірлік ұстанымына айналдырды.

Бүгінде аккумулятор зауыты то­лыққанды жұмыс істеп тұр. «Үдемелі индустриалды-иннова­циялық даму» бағдарламасы ая­сында «Қайнар» зауыты модер­низ­ациядан өтті. ТМД-дағы бірнеше қалаға, Орта Азия, Парсы шығанағы іспетті елдерге тауар жөнелтеді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы әріптестерінің арасында «Қайнар-АКБ» ЖШС – ең сапалы өнім шығарушы. Аккумуляторының күші қуатты. Өнім ұзақ мерзімге шыдамды. Кәсіпорын басшысының ісіне адалдығы, сөзге беріктігі, табандылығы – жетістікке жетудің кілті. Бизнестік әріптестікте басшының сенімділігі, жауапкершілігі көп мәселені шешуге негіз болады.

Алдына айқын мақсат қойған балаң жігіт Қуаныш Мәдиұлы 1975 жылы Талдықорған қорғасынды аккумулятор зауытына жұмысқа орналасып тұрып, болашақта осы зауыттың басшылық қызметіне көтерілу жайлы мақсат қойды. Химия-технология мамандығын алып келген жас жігіт еңбек жолын шебер, аға шебер, бөлім басшысы, бас инженер дәрежесіне дейін көтеріледі. «Еңбегіне қарай өнбегі» деген. Кез келген жетістіктің темірқазығы табандылық. Ол 1987 жылы директорлық қызметке тағайындалды. Кәсіпті бүге-шігесіне дейін меңгеріп, табысты тасқындатты.

«Қазақстанда аккумулятор шығарғанға мол мүмкіндік бар. Біз аккумулятор құрамына пайдаланатын заттарды сырттан алмаймыз. Қуаттағышты құрауға кіретін қазба байлықтар өзімізде шығарылады. Қорғасын көрші облыстан әкелінуде. Ал енді мұны шетелден алатын болсақ, қыруар қаржы жұмсайтын едік. Сондықтан, Қазақстан – кез келген кәсіппен айналысуға тиімді ел. Жақында зауыттың жұмысымен танысуға басқа ұлттар көп шоғырланған облыстан делегация келді. Солар: «Мынандай қиын технологияны меңгеруге қазақ жігіттерін қалай үйреткенсіз?» – дейді. Сонда қазақтар технологияға жұғымсыз деген ұғым әлі де бар. Мен оларға: «Қазақ жігіттері Айға да ұшып жатыр. Оның қасында аккумулятор шығару деген не тәйірі?» – дедім. «Сенім – құдіретті күш. Мысалы, зауыттағы 1210 адамның сенімі, үміті маған күш береді. Одан артық марапат та керек емес», – дейді Қуаныш Мәдиұлы.

Бүгінде елімен бірге еңсе көтерген Қуаныш Мәдиұлы «Құрмет» орденінің иегері. Кеудесінде «Экономика мақтанышы» ордені жарқырайды. Ал «Қайнар-АКБ» зауыты «Үздік ұлттық бренд», «Қазақстанның үздік тауары» номинацияларын иеленді. Іргелі өндіріс орны «Алтын сапа» жүлдесінің жеңімпазы. Зауыттың басшысы істің тетігін тауып, өндірісті өркендетті. Ал өндіріс басшының абыройын арттырды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

Адам құқықтары және болашаққа бағдар

07.02.2026
Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.