Қазақстан Республикасы Үкіметінің №735 қаулысы шықты. Онда Алматы және Жетісу облыстарының шекарасын өзгерту, қайта белгілеу туралы жазылған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Алматы облысының шекарасы оның аумағынан Жетісу облысының жалпы ауданы 11848,3 мың гектар жерін шығару жолымен өзгертілсін.
2.Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының шекарасы белгіленсін.
3.Алматы және Жетісу облыстарының әкімдіктері осы Қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4.Осы Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.Смайылов», — делінген Қаулы мәтінінде.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





