Талдықорған: +28°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАЗІР БИДАЙ САТЫП, МАЛ САУДАЛАЙТЫН ЗАМАН ЕМЕС — ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

01.09.2022
ЭКОНОМИКА
ҚАЗІР БИДАЙ САТЫП, МАЛ САУДАЛАЙТЫН ЗАМАН ЕМЕС - ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы ел көңілінен шықты деп ойлаймын. Маңызды құжатта ел экономикасын алға жылжыту мақсатында алдағы уақытта іске асырылуы тиіс жұмыстар сараланып, бағыт-бағдар айқындалды.

Президент әр салаға жеке-жеке тоқталып, ел көкейінде жүрген өзекті мәселелерді қозғады. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласы бойынша біраз мәселелерге тоқталды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл — стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс», — деп айтты. Сондай-ақ, бюджет қаражатының қайтарымы болуы қажеттігін, Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейтінін, субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек екенін жеткізді. Президент сөзінше, шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашпақ.

Өздеріңіз білесіздер, қазіргі кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Бүгінде бос жатқан жерлерді тиімді пайдалану маңызды болып отыр. Осыған байланысты Президент жыл соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отырғанын, игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуық екенін атап өтті. Президент Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешімдер қабылдауы тиіс екенін жеткізді.

Су шаруашылығы да қазір өзекті. «Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес», — деген Мемлекет басшысы бұл салада инфрақұрылымның әбден тозғанын, автоматтандыру және цифрландыру деңгейінің төмен екенін, ғылыми негіздеменің жоқтығын және мамандар тапшы екенін назарға алды.

ҚР Президенті осы ретте бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыруды, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту қажет екенін жеткізді. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орындарын анықтап, су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керектігін тілге тиек етті.

Ендігі кезекте Президент айтқандарын бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, орындау басты мақсат деп білемін. Осы бағытта жұмысымыз ары қарай жалғасатын болады.

Дастан ҚҰДАБАЕВ,

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026
Ардагерлер жарыс жолында

Ардагерлер жарыс жолында

06.05.2026
Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.