Талдықорған: +29°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫТАЙДЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

26.08.2022
ЭКОНОМИКА
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫТАЙДЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян ВЭЙ бастаған көрші ел өкілдерімен кездесті. Кездесуде екі жақты ынтымақтастық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ресми қонақтарды жылы ілтипат білдірген Бейбіт Исабаев Бас консулдың кездесу туралы өтінішін ризашылықпен қабылдағанын және олардың ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін айтты.

Өз кезегінде Цзян Вэй биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнағанына 30 жыл толғанына, осы жылдар ішінде жан-жақты қарым-қатынастар тереңдей түскеніне тоқталды. Соның ішінде олар Қытаймен шектесіп жатқан Жетісу облысымен әлеуметтік-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі. Осыған орай ол бірнеше ұсыныс-тілектерін білдірді. Атап айтқанда, Жетісу облысы мен шекаралас Шыңжаң өлкесі арасында бауырластық байланыс орнатылса дейді. Сонымен бірге мәдени-рухани бағытта да әріптестікке дайын. Оған қоса іскерлік қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеріп, «Қорғас» аймағында ірі жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысуға ниетті. Бұл ретте туындаған мәселелерді жедел шешуге ықпал ететін өңірлік деңгейде үйлестіру механизмін құру туралы тілегін жеткізді.

— Өйткені, шекара аймағында жергілікті билік деңгейінде шешілетін мәселелер туындаған жағдайда тек орталық органдар арқылы жұмыс істеуге тура келеді және ол біршама уақытты алады. Сондықтан бізге іс барысында туындаған мәселелерді талқылап, шешуге жергілікті билікпен жұмыс істеген әлдеқайда тиімді болар еді, — деді Ц.Вэй.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өз сөзінде алдымен жалпы Жетісу өлкесінің Қытаймен шекаралас аймақтарының халықаралық көлік дәлізі ретіндегі, экономикалық, туристік және басқа да бағыттардағы инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталды. Соның ішінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы, Достық бекетіндегі қолға алынатын жобалар жайында да қысқаша айтып өтті. Мәселен, АЭА аумағында қазір 600 гектардан астам жерге инженерлік инфрақұрылым тартылған. Бүгінде бірыңғай реестрде жобаларының жалпы сомасы 500 млрд. теңге болатын 28 қатысушы тіркелген. 2016 жылға дейін соның 20 жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Қытаймен арадағы сауда, экономикалық, инвестициялық ынтымақтастыққа кейінгі жылдардағы індеттің өршуі біраз тежеу болды. Бірақ қос тарап та эпидемиологиялық жағдайдың реттелетіне сенім артады.

Екінші тараптың ұсынысына қатысты Бейбіт Исабаев Шыңжаң өлкесімен әріптестік қатынастарды орнықтыруға қазақстандық тараптың да ықыласты екенін айтты. Ал «Қорғас» ХШЫО орталық органға қарайтын болғандықтан, бұл мәселені өзара ақылдаса отырып шешетінін жеткізді. Жетісулықтар рухани-мәдени байланыстарды орнықтыруға қарсы емес. Сол сияқты «Қорғас» аймағында аса ірі қытайлық инвестордың бастаған үлкен жобасы індеттің кесірінен үш жылдан бері тек 10 % ғана ілгері жылжығанын тілге тиек етіп, Бас консулдан осы жобаның сәтті іске асырылуына ықпал етуді сұрады.

— Облыстың 2026 жылға дейінгі инвестициялық портфелі жасақталған. Оған жалпы сомасы 1 трлн.теңге болатын, 8 мың жұмыс орнын құратын 172 жоба енгізілген. Бірақ соның ішінде қытайлық ірі инвесторлар жоқ, — деді Б.Исабаев. Және ірі компанияларды Жетісу жеріндегі инвестициялық мүмкіндіктерден хабардар ете жүруді сұрады. Сол сияқты біздің өңірден Қытайға қарай бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталады. Соған байланысты Қытай тарапы өз стандарттарына сай зертхананы қазіргідей тек Қытай жағында ғана емес, шекараның Қазақстан жақ бетіне де салса, экспорттау барысындағы процедураларды біршама жеңілдетер еді деген тілегін білдірді.

— Сіздің бүгінгі сапарыңыз дер кезінде жасалып отыр деп есептеймін. Өйткені қазір Жетісудың өз алдына бір аймақ ретінде қайта құрылуына қатысты бөлініс процедуралары жүріп жатыр. Қыркүйектен бастап біз жеке облыс ретінде әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған іс-жоспарларымызға толық көлемде кірісеміз. Сондықтан бүгінгі айтылған мәселелердің бәрін ескере отырып, сіздермен жан-жақты ынтымақтастық орнатуға әзірміз, — деді Б.Исабаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026
Ардагерлер жарыс жолында

Ардагерлер жарыс жолында

06.05.2026
Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.