Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЗІРЛІКТЕ ІРКІЛІС ЖОҚ

22 тамыз 2022
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистер үйінде «Жаңа оқу жылына дайындық»  тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Аталмыш жиында облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова сөз алып, Жетісу облысы бойынша баяндама жасады.


– ҚР Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды. Жаңа оқу жылы 36 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады, – деген Айжан Маманқызы, білім саласы бойынша жалпы мәліметтерді баяндады.

Биыл Жетісу облысында 130 мың бала мектепке барады деп күтілуде. Ол өткен жылмен салыстырғанда 3 мың оқушыға көп. Облыс колледждеріне 4 мыңнан астам студент қабылдау жоспарлануда. 73,3 млн. теңгеге облыстың барлық мектептеріне қажетті санитарлық-дезинфекциялық заттар сатып алынған. 

– 2022 жылы 12 мектеп құрылысы салынуда. Оның ішінде 10 мектеп қолданысқа беріледі. Панфилов ауданы Басқұншы ауылындағы 300 орынды орта мектепті оқу жылының басында аяқтау жоспарда, қалған 9 мектеп ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Биыл 9 білім беру нысанының күрделі жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланып, оған бюджеттен 4977,7 млн. теңге қаржы бөлінді, – деді басқарма басшысы. 

Жиын барысында баяндамашы білім саласына қатысты өзге де шараларды пысықтап өтті. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары, саяжай, шағын елді мекендерден қатынап оқитын оқушыларды тасымалдау жүйелі ұйымдастырылып, «Мектепке жол» акциясы қолға алынғаны баяндалды. Сонымен қатар, журналистердің сауалына тұшымды жауап берген басқарма басшысы білім саласы бойынша жаңа оқу жылына дайындық барысында ешқандай іркіліс жоғын атап өтті. 

АРДА БИ
Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

22 қараша 2026
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

22 қараша 2026
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

22 қараша 2026
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

22 қараша 2026
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

22 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.