Талдықорған: +29°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ЖАТҚАН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

20.08.2022
ЭКОНОМИКА
ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ЖАТҚАН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жер – мемлекеттің басты байлығы. Соған сай халықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекеттің меншігіне қайтару – өзекті мәселенің бірі. Қазіргі кезде осы бағытта туындаған мәселелерді шешудің маңызы артып тұр. Осыған орай Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Сәбит СӘДУАҚАСОВҚА жолығып, бірер сауалды көлденең тартқан едік.

– Сәбит Қыдырғалиұлы, Алматы облысы бөлінгеннен кейінгі жер қоры, шаруашылық жүргізуші субъектілер саны туралы айтсаңыз?

– Алматы облысы бөлінгеннен кейінгі облыстың жер қоры – 10,5 миллион гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағысы –  4,2 миллион гектар. Бұлардың қатарына егістік, суармалы, көпжылдық екпелер мен тыңайған жерлер және шабындықтар мен жайылымдық алқаптар кіреді. Шаруашылық жұмыстарын жүргізетін субъектілер саны да азайды.

– Халықтың жайылымдық алқаптарға мұқтаждығын қамтамасыз ету және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары қалай жүргізілуде?

– Өткен жылы аудан және қала әкімдіктері 195,3 мың гектар болатын қоғамдық жайылымдарға қосымша мемлекеттік меншіктен 331,1 мың гектар жайылымды бекітті. Бүгінгі күні облыстың ауылдық әкімдіктеріне бекітілген жайылымдардың ауданы 526,4 мың гектарды құрайды. Қажеттілік – 1,6 миллион гектар.  Қазіргі кезде аудандар мен қалалардың әкімдіктері елдімекендердің маңына орналасқан жайылымдарды халықтың мұқтаждығы үшін мәжбүрлеп алу бойынша жұмыс атқаруда. Алынатын жер телімдеріне бағалау жүргізілуде. Мемлекет жер пайдаланушыға жер телімі үшін өтемақы төлейді. Оның сомасын тәуелсіз бағалау компаниясы анықтайды.

Алматы және Жетісу облыстары бөлінген сәттен бастап (2022 жылғы 20 маусым мен 15 тамыз аралығындағы кезеңде)  пайдаланылмай жатқан 28,57 мың гектар (28,47 мың гектар жайылым, 0,1 мың гектар басқа жерлер) жерлер қайтарылды. Алынған жер телімдерінің  22,17 мың гектары жергілікті халықтың малын жаю үшін ауылдық округ әкімдіктеріне бекітіледі.  Қалғаны жеке және заңды тұлғаларға шаруа қожалығы мен ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурстық негізде берілетін болады (6,4 мың гектар).

– Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады?

– ҚР Жер кодексінің 147-бабына сәйкес, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау жер ресурстарын басқару департаментіне жүктелген. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы 4 мамырдағы №139 бұйрығына сәйкес, облыс бойынша қарамағында 369,9 мың гектар алаң бар 113 субъект тексерілуге  тиісті. Қазірге дейін 87,8 мың гектар алаң бойынша 28 тексеру жүргізіліп, 68,2 мың гектарға қатысты 17 нұсқама берілді. Тексеру аяқталғаннан кейін материалдар пайдаланылмай жатқан жерлерге салықты 20 есе арттыру үшін тиісті органдарға тапсырылады.

Бұл  бағыттағы жұмыстар жалғасады. Сонымен қатар, 1,0 мың гектардан астам жері бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер анықталды. 1 миллион 352 мың гектар жері бар 584 субъектінің ішіндегі 268 субъектінің 574,5 мың гектар алаңда бағылатын мал басы жоқ. Қазіргі уақытта тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинақталуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №971 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының сақталуын тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий жойылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы пайдаланылуын бақылау игерілмей жатқан телімдерді мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз ете отырып, тұрақты негізде жүргізіле береді.

Сұхбаттасқан — Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026
Ардагерлер жарыс жолында

Ардагерлер жарыс жолында

06.05.2026
Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.