Талдықорған: +27°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТӨРТ ТҮЛІК КӨП, БІРАҚ ОНЫ БАҒАТЫН МАЛШЫ ТАБУ ҚИЫН

16.08.2022
ЭКОНОМИКА
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТӨРТ ТҮЛІК КӨП, БІРАҚ ОНЫ БАҒАТЫН МАЛШЫ ТАБУ ҚИЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жерінде мал басы өсіп жатыр. Бірақ малшы іздегендердің қарасы көп. Мұндай жарнама басылым беттерінде, әлеуметтік желілерде толып тұр. Оны қойшы, Талдықорған қаласының орталығындағы «Арбат» демалыс орнына барсаңыз, демалыс күні малшы іздегендерді жиі кездестіресіз.

Малшы жайлы сөз болса, елдің бәрі меценат Бауыржан Оспановтың жылқышы мен сауыншыға, шопандарға қалай жағдай жасап отырғанын әңгімелей бастайды. Расында әр жылқы басына 1300 теңгеден еңбекақы төлеп отырған шаруашылықта жылқышылардың бар жағдайы жасалған. Осы мақсатта малшылардың жатақханасы салынып, жуынатын ыстық-суық суын дайындап, әжетхана, кинотеатр, кітапхана, кір-қоң жуатын орындарын заман талабына сай жабдықтап тастаған. Мұнан бөлек, бір үйірде төрт жылқышы болса, олар кезектесіп вахта тәртібі бойынша бағады. Он бес күн бағып, он бес күн демалады. Әрі өздері де 100 басқа дейін жылқыларын өсіруге рұқсат берілген. Жемшөп, барлығы шаруашылық есебінен қарастырылып, шаруашылық есебінен тегін асылдандырылады. Бір үйірде 500-800 бас жылқы болса, әр басына 1300 теңгеден шаққандағы табысты төрт жылқышыға бөліп көріңіз. Жыл соңына қарай әр жылқыға 1500 теңгеден, ал келесі жылы жылқы басына 2000 теңгеден төлемек. Осыған орай, малшының да жағдайы жақсара түседі.

Малмен айналысатын барлық шаруашылық өз жұмысшыларына мұндай жағдай жасап бере алмайды. Өйткені, ол – қаржымен есептеледі. Мал басын өсіре ме, малшыға жалақы төлей ме, оның жағдайына қарайласа ма, қиындық шаш етектен. Жалпы, мал өсіру қиындығы көп кәсіп. Алайда әуресі көп екен деп атакәсіптен аулақ кетуге болмайды. Оны қойшы, ет жемесе түсіне кіретін қазақ үшін малдың маңыздылығы да басым. Шетелдерге ет экспорттаймыз деп жасалған талай келісімнің куәсі болдық. Орындалғанын көрмедік. Өкінішке қарай, өзіміз сол шетелдіктер дайындаған етке тәуелді болып барамыз. Мұның түпкілікті себебі – малшының тапшылығы.

Малшы тапшылығын туындатып отырған бірінші мәселе – кәсіби біліктіліктің жоқтығы. «Австралияда қойды ұшақпен бағады екен» деген дақпыртты естігенімізге біраз жыл болды. Расында қазір асыл тұқымды малдың төлін солардан сатып алып, аспанмен жеткізіп, жерсіндіріп жатырмыз. Бірақ сол асыл тұқымды малды асылдандырып, оның игілігін көру үшін де малшы білікті болуы керек. Алайда біз дәстүрлі мал шаруашылығынан алыстай алмай қойдық. Сондықтан білімді де білікті малшы дайындайтын, орта білім беретін мекеме бағдарламасын қайта қарап, осы мамандық иелеріне қолдау көрсетілуі керек. Жастарды соған бағыттаған жөн. Осы арқылы кабинетте отырып, малдың жайын біліп, ұшақпен жүріп мал қайыратын малшылар буынын қалыптастыруға болады.

Ауыл және мал шарушылығы жайлы сөз болса: «Мемлекет барынша қолдау көрсетіп жатыр», – деп ауыз аштырмайтындар жетеді. Оны жоққа шығармаймыз. Қазір елімізде ауыл шаруашылығына 350 млрд. теңге демеуқаржы беріледі екен. Оның 150 млрд. теңгесі инвестицялық бағытқа, 200 млрд. теңгенің жартысынан көбі егіншілікке, қалғаны мал шаруашылығына тиесілі. Өкінішке қарай, демеуқаржының көлемі өскенімен, мал шаруашылығының өнімділігі өскен жоқ.

Демеуқаржының төңірегінде былық көп. Жалған құжат, жасырын жолмен қаржыны жымқыру тыйылатын емес. Мәселен, өткен жылы 16 мың гектарға қант қызылшасы себілді дегенмен, анығында, 8 мың гектардан ғана өнім алынған. Демеуқаржы 16 мың гектарға берілгені бесенеден белгілі. Нәтижесінде, қант таппай сандалып жүрміз. Мал шаруашылығында да осы жағдай. Өтірік есеп, жең ұшынан жалғасқан ағайындықтың салдарынан шаруалар демеуқаржыға қол жеткізе алмай, қаражаты болмағасын малшысын жарылқай алмай, шаруашылығын тұралатып отыр.

Біздің ойымызша, демеуқаржы дегенді алып тастап, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге төмен пайызбен, ұзақ жылға несие беріліп, өндірген өнімін сатқаннан кейінгі кірісі арқылы төлейтін жағдай жасау керек. Бұл – Қытай елінде дәлелденген тәжірибе. Олар осы тәсіл арқылы өздерінің бір жарым миллиард халқын асыраумен қатар, жарты әлемді ет-сүт, азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.  Осы жол ғана ұрлықтың алдын алады және малшы тапшылығын жояды.

Қажет АНДАС

Жетісу облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026
Ардагерлер жарыс жолында

Ардагерлер жарыс жолында

06.05.2026
Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.