Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ

15 тамыз 2022
КҮЛТӨБЕ
ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауында жеңімпаз атанған Текелі қаласындағы №2 балабақша тәрбиешісі Айжан   Маткаримова Елорда төрінде «ҚР білім және ғылым саласына қосқан ерен еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды.


Байқауды ұйымдастырған «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы республика бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің байқауға өткізген жұмыстарын сараптап, осыған дейінгі жетістіктерін ескерді. І дәрежелі дипломмен марапатталған  А. Манапқызы төсбелгімен бірге өзінің өмірбаяны енген «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» кітабын иеленді.

14 жыл балабақша тәрбиешісі болып, бүлдіршіндердің жүрек түкпірінен орын алған үздік тәрбиешінің ізденіске, жаңашылдыққа толы еңбегін әріптестері де, балаларын қолына сеніп тапсыратын ата-аналар да жоғары бағалайды.

Бастапқыда банк саласында қызмет істеген Айжанның бүйрегі педагогтік жұмысқа бұрды да тұрды. 2008 жылы №2 балабақшаға тәрбиеші болып орналасты. Құштарлықпен айналысқан әр ісі жемісін беріп жатты. Бірде баламен бала болды, бірде мейірімді ана, ұлағатты ұстаз, тіпті, кей балаға әже де болды.  «Балдәурен» санаторлық-сауықтыру тобында тәрбиешілік еткелі әр баланың денсаулық жағдайына, ой-өрісімен қатар, физикалық тұрғыдан жетілуіне ерекше мән берді. Тәрбиеші ағылшын тіліне де жүйрік. Бос уақытында әдеби, тарихи кітаптар оқиды, компьютерлік бағдарламаларды да шырқ үйіреді. 

– Әдіскерлермен, жоғары санатты тәрбиешілермен бірігіп «Табысты тәрбиеші» атты педагогтер альянсын құрдық. Тәлімгерлік көмек көрсету мақсатында «Шеберлік баспалдағы» атты жас мамандар мектебі жұмыс істейді. Енді жергілікті әдістемелік кабинетпен ақылдасып, қалалық «Үздік тәрбиешілер» қауымдастығын құру жоспарда бар, – деген Айжан Манапқызы ұрпақ тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап келеді.

Тәрбиешілік міндетіне адал Айжан – көпбалалы ана, отбасының ұйытқысы. Өмірлік серігі Асыл Тайыржанұлының үнемі қолдап-қуаттауы оған күш-жігер сыйлап, шығармашылық еркіндікпен алаңсыз айналысуына мүмкіндік береді. 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ
Текелі қаласы
Жетісу облысы
 

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

22 қараша 2026
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

22 қараша 2026
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

22 қараша 2026
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

22 қараша 2026
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

22 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.