Талдықорған: +27°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАЛДЫҚОРҒАН ЦИФРЛАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚҚА КІРЕДІ

29.07.2022
ЭКОНОМИКА
ТАЛДЫҚОРҒАН ЦИФРЛАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚҚА КІРЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат МУСИН Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы бірнеше нысанды аралап, халықпен арнайы кездесіп, өңірдегі интернет жүйесіне қолжетімділікті арттыруды ұйымдастыру жұмыстары жайлы айтты.

Министр әуелі жергілікті ХҚО жұмысымен танысты, жеке азаматтарды қабылдап, сауалдарына жауап берді. Көксу ауданына қарасты Жетіжал ауылынан, Қаратал ауданы Көпбірлік, Дөңши, Байшегір ауылдарынан интернет желісінің жоқтығын, ұялы байланыстың нашарлығын айтып келген тұрғындарға алдағы уақытта арнайы топ құратынын, байланыстың күш-қуатын анықтап, соның нәтижесі бойынша жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Ал Ескелді ауданы Жастар ауылынан келген Еламан Бердіқожа ғаламтордың нашарлығы оқушыларға да, оқытушыларға да қатты әсер етіп жатқанын, айлық есеппен алғанда шығынның да мөлшері көп екенін сөз етті. Өзі жұмыс істейтін колледждің жұмысына тоқталып, еліміздегі жалпы 700-ге жуық колледж арнасын «kundelik.kz» сияқты бір жерге тоғыстырса деген де ұсынысын білдірді. Министр бұл мәселені алдағы уақытта оқу-ағарту министрімен өтетін жиында айтатынын мәлімдеді.

Халықпен кездесу барысында Бағдат Мусин цифрландыру жөніндегі барлық шешімдер бірінші кезекте азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын айтты. Мәселен, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің басым бөлігін EGov порталы МGov мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте Қазақстан азаматтарына қазірдің өзінде жеке куәлік, вакциналау төлқұжаты, туу туралы куәлік және басқалары бар, жалпы саны 18 негізгі құжат цифрлық форматта қолжетімді. Мемлекеттік қызметтердің қолайлы болуы үшін кейбір екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады.

«Осы айда Мемлекет басшысы электронды құжаттарды қағаз құжаттармен тең қолдануға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Енді бір бума қағазды көтеріп жүрудің қажеті жоқ. Құжаттарды телефон арқылы пайдалануға болады», – деді Бағдат Мусин.

Министрдің халықпен кездесуі одан әрі Бикен Римова атындағы драма театрда жалғасты. Кездесуде министр облыс тұрғындарының 98,6 пайызы интернет желісіне қосылғанын, ал қалған 1,4 пайызына интернет 2023 жылға қарай толық қолжетімді болатынын, оның бір бөлігі спутник арқылы берілетінін қуанышпен хабарлады.

Халықты кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында OneWeb, Space X и SES компанияларымен жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ, өңірді ғарыштан бақылау кездесудің маңызды тақырыптарының бірі болды. Ғарыштан мониторинг жасаудың арқасында төтенше жағдайларды алдын ала ескертуге, өз бетімен басып алынған аумақтар мен орман-тоғайларды заңсыз кесу ошақтарын  анықтауға мүмкіндік бар. Жер ресурстарын өңірлерде тиімді қолдануға ғарыштан жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2022 жылдың 1 жартысында Жетісу облысы аумағында 21 224,6 га егістік жердің пайдаланылмай жатқаны, 6 973 га егістік жердің мақсатты пайдаланылмайтыны анықталды. Сонымен қатар, министр 2019 жылдан бері ел қалалары арасында цифрландыру деңгейі жағынан Талдықорған қаласы алғашқы ондықтың ішінде екенін атап өтті. Облыста Open Taldykorgan жобасы мен Smart Taldykorgan мобильді қосымшасы жобасы іске асырылғанын айтты. Бүгінде оларды 9 мыңнан астам адам қолданады.

Жиын соңында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт министрге жылы лебіз білдіріп, Жетісу жерінде атқарылар іске байланысты ойын ортаға салды.

Серік ҚАНТАЙ

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026
Жүргізуші куәлігін алу талабы күшеймек: Автомектептерге жаңа бақылау енгізіледі

Жүргізуші куәлігін алу талабы күшеймек: Автомектептерге жаңа бақылау енгізіледі

06.05.2026
Қыста көлік қыздыру: Жүргізушілер үшін жаңа жеңілдіктер қарастырылуда

Қыста көлік қыздыру: Жүргізушілер үшін жаңа жеңілдіктер қарастырылуда

06.05.2026
Панфиловшылар туралы бірегей құжаттар жарияланды

Панфиловшылар туралы бірегей құжаттар жарияланды

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.