Талдықорған: -7°C
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ КЕНЖЕЛЕП ТҰР. БАСҚАРМА НЕ ДЕЙДІ?

13.07.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ КЕНЖЕЛЕП ТҰР. БАСҚАРМА НЕ ДЕЙДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Бұқаралық спорт – байрақты бәсекеде ел абыройын асқақтататын сиқырлы өнердің іргетасы. Бірақ қаншама дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, ойын алаңдары салынып жатса да, облысымызда бұқаралық спорттың кенжелеп тұрғаны көңілге қаяу түсіреді. Оның түлеуі мен түрленуіне не кедергі?

Олимпиада чемпиондары ауылда!

Әуелі тау көтерген толағайлар, күрзі жұдырықты боксшылар, желмен жарысқан желаяқ, құлжаның сақасындай кесек бітімді балуандар қайдан шыққанын ойланайықшы? Әрине ауылдан. Бүгінде сол ауылдағы балаларға тиісті деңгейде жағдай жасалған ба? Жоқ. Өкінішке қарай, ауыл спортында арман көп.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Спорт — денсаулық кепілі. Қайталап айтамын, бұқаралық  балалар спортына барлық жағдайды жасау қажет. Облыс әкімдері спорттық инфрақұрылымдардың құрылысын кезең-кезеңмен жүзеге асырулары тиіс», – деді. Ел Президенті айтқан бұқаралық балалар спортын дамытамыз десек, әуелі ауыл спортын дамытуымыз керек.

Өткенімізге үңілсек, кеңес өкіметі тұсында «Қайрат», Тәуелсіздік алғаннан кейін «Ел қайраты» деген ауыл дене шынықтыру спорт қоғамы болды. Олар ауыл-ауылды аралап, жарыс жасап, қара домалақ балалардың томағасын сыпырып, жаттықтырып, кіл мықты өрендерді облыстық, республикалық додаларға шығарды. Соның арқасында байрақты бәсекелерде Көк туымыз желбіреп, Гимніміз шырқалды. Бүгінде ауылдағы спортқа икемі бар балаларды майшаммен іздеп жүргендер аз. Әр ауылда әдіскер-нұсқаушы бар. Бірақ, олардың барлығы өз жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып жүрген жоқ.

2000-шы жылдары ауылдың өзінде балаларды спортқа оқушы кезден баулып, түрлі шаралар ұйымдастыратын. Мектепте оқып жүрген кезімде бұқаралық спортты дамыту үшін көктем келсе футболдан, күз болса баскетболдан, қыста волейболдан оқушылар арасында аудандық жарыстар жиі өткізілетін. Жаз айында әр ауданда «Былғары доп», «Дворовой» сынды екі айға созылатын турнирлердің жалауы желбірейтін. Балаларды спортқа тарту үшін 1000-2000 доп тегін тарататын. Бүгінде ауыл тұрмақ ауданда мұның бірі де жоқ.

Қалалық жерлерде жарыстар өтіп, заманауи спорт кешендері салынып жатқаны рас. Бірақ, елімізді әлемге танытқан спортшылардың көбі ауылдан шыққанын ұмытпайық. Сондықтан, облыс орталықтарына ғана қаржыны үйiп-төкпей, ауыл-аймақтарға да спорт кешендерін салу қажет. Ауыл спортын дамытпай, ел спортын өркендемейді.

Көрсеткіш неге төмендеді?

Қанша қиын кезең болды десек те 2000-шы жылдары олимпиада, әлем, Азия біріншілігінен жерлестеріміз қарсыластарын қоғадай жапырып, уыстап медаль алып қайтатын. Өкінішке қарай, жылдан-жылға қоржынымыз бос қайтатын жарыстар көбейіп барады. Оған дәлел Токио олимпиадасы. Төрткүл дүние көз тіккен дода қазақ спортының қандай деңгейде екенін көрсетті. Алматы облысының қос спортшысы (Игорь Сон, Зульфия Чиншанло) қола жүлдені еншіледі.  Бейжің, Лондон олимпиадасында ел намысын арқалаған саңлақтарымыз қалай өнер көрсетті?! Лондон олимпиадасынан кейін облыс спортшыларының көрсеткіші күрт төмендеп кетті. Олимпиаданы былай қойғанда, әлем біріншіліктері мен Азия ойындарында құралақан қайтқан күндеріміз көп болды.  Әсіресе, командалық ойын түрлерінде аузымызды қу шөппен сүртуге мәжбүрміз. Бұл да бұқаралық спорттың кенжелеп тұрғанының дәлелі.

Басқарма басшысы не дейді?

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлді. Халықтың елу пайзы спортпен шұғылдануға тарту, жасөспірім балалар мен қыздарға тегін спорт үйірмелер ашу  керектігін айтты. Жұмыс істеліп жатыр. Бірақ, жоғары деңгейде деп айта алмаймын. Бұқаралық спорттың кенжелеп тұрғаны рас. Өйткені, ауылдық жерлерге спортты инфрақұрылым қажет. Шындығы керек, мұның барлығы қаражатқа келіп тіреледі. Мәселен, бүгін футболдан облыстық жарыс өтті. Өкінішке қарай, қаржылық қиындықтарға байланысты облысымыздың 5 қана команда өнер көрсетуде. Өйткені, бұрын ауылда 3-4 спорт түрі ғана болатын. Қазір ұлттық спорт түрлерінен бөлек басқа олимпиадалық емес спорт түрлері де кеңінен қанат жайып тұр. Қазір облыс бойынша 435 әдіскер-нұсқаушы бар. Бірақ, олардың жарыс өткізу үшін қаражаты жеткіліксіз. Сонымен қатар, 1 облыстық, 20 бұқаралық спорт шараларын өткізетін орталық құрылды. Әр ауылда бір маман бар. 14 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, футбол алаңдары, 150 үстінде Street Workout алаңы салынды. Дегенмен де, бұл жеткіліксіз. Бұқаралық спортты дамыту үшін ауылдағы қара домалалақ балаларға қысы-жазы дайындалатын замануи кешендер қажет.

ТҮЙІН: Алматы облысы халықты бұқаралық спортқа тарту бойынша бүгінде 34,3 пайызға ғана қол жеткізіп отыр. Бұл өте төмен көрсеткіш. Ауылдағы бұқаралық спорт түрлерін дамытамыз десек спорт кешендерін салу, жарыстар өткізу мәселесі ең өзекті. Осы түйінді аудан басшылығы мен кәсіпкерлер басты назарға алып, жүйелі жұмыстар жасалса, тұралап қалған  спорттан да олжа аларымыз хақ.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

17.03.2026
Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

17.03.2026
Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

17.03.2026
Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

17.03.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.