Талдықорған: +10°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

«АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ»

06.07.2022
ДЕНСАУЛЫҚ
«АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ»
WhatsAppTelegramFacebook

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Жетісу облысын аралап, халыққа тегін дәрігерлік қызмет көрсетуде.  Айнабұлақ стансысынан басталған сапар Көксу, Егінсу, Бескөл, Жайпақ, Достық стансыларына бағыт алды.

Мамандар  кеңес жүргізіп, диагностика, ем-шара жасап, алғашқы медициналық көмек көрсетумен шұғылдануда. Кеңестік-диагностикалық пойыздың мамандары  мүмкіндігінше көп пациент қабылдап,  тексеріп, ем тағайындап,  қажет болса аудандық, облыстық ауруханаларға  жіберуге тырысуда.  Пойыздағы кеңесші-дәрігерлердің айтуынша, емделушілердің көбі терапевт дәрігерге  жүгінген. Балалар дәрігеріне кезекке тұрушылар көп.  Офтальмолог пен  хирургке тексерілушілер  саны артқан.  Пойызда ЭКГ, УДЗ және флюорография аппараттары бар.  
Мамандандырылған медициналық пойызда кішігірім хирургиялық оталар да жасалуда.  Пойыздағы жоғары санатты офтальмолог дәрігер Сәкен Какпенов:  «Мен мұндай сапарға  бірінші рет шығуым емес. 3 жыл бұрын  «Жәрдем» медициналық пойызымен  елді аралап, қызмет көрсеткенмін.  Ол кезде оңтүстік өңірлерде болғанбыз.  Шалғай ауылдардағы көру қабілеті нашарлаған бірнеше адамға көмектесіп, ризашылығын естіп, ұмытылмас сәттерді бастан өткердім.  Біз глаукома және катаракта сияқты ауруларды ерте  анықтап, хирургиялық жолмен емдеу арқылы көру қабілетін жақсартудың маңыздылығын түсіндік.  Медициналық пойыздың жұмыс тәжірибесі ұнайды. Ел арасында қандай сырқаттар барын бағамдаймыз. Оларға қандай көмек көрсету керегін  саралаймыз.  Сырқаттардың орын алу себептерін анықтаймыз.  Сол арқылы алдын алу шараларын жасаймыз», – дейді ол. 
Жетісу өңірін аралап жүрген пойыз бүгінге дейін 1007 адамға қызмет көрсеткен.  Көбіне  дәрігерлік нақтама қойылып,  ем-шара жасалып, дәрі-дәрмек тағайындалды.  Біразы жергілікті ауруханаларға жатқызылды. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жетісу облысынан кейін Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарына жол тартпақ.  

Гүлжан Мұқашқызы

Қатысты жаңалықтар

Көмек пен кеңес

Көмек пен кеңес

21.03.2026
Үш мың түп ағаш отырғызды

Үш мың түп ағаш отырғызды

21.03.2026
Болашақ – бүгіннен басталады

Болашақ – бүгіннен басталады

21.03.2026
Сатириктің серігі

Сатириктің серігі

21.03.2026
Айшықты ізі қалды

Айшықты ізі қалды

21.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.