Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«РЕФЕРЕНДУМ-2022»: ТАРАЗЫ БАСЫНДА – ТӘУЕЛСІЗДІК

06.06.2022
КҮЛТӨБЕ
"РЕФЕРЕНДУМ-2022": ТАРАЗЫ БАСЫНДА – ТӘУЕЛСІЗДІК
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде 5 маусым күні өткен референдум  – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы үшінші референдум.  Алғашқы екеуі 1995 жылы, атап айтқанда,  сәуір айында  Президенттің өкілеттігін әрі қарай созуға байланысты,  екіншісі сол жылдың 30 тамызында Қазақстанның екінші Конституциясын қабылдауға арналды. Осы шаралардың қажеттігіне  кезінде халық сенді. Жақсылыққа бастайды деп есептеді. Алайда, халықтың үміті ақталмады. Түптеп келгенде осы екі референдум да бір адамның, әрі кеткенде бір әулеттің ғана мүддесіне орайластырылып өткізілді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өткен 30 жылдың тәжірибесін қорытындылап, кеткен кемшіліктеріміз бен жіберген қателіктерімізді сараптай келе, елдігіміздің алтын тұғыры  Ата Заңымызға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жайлы бастама көтерген.  Халық тағы да бұл бастамаға сенім білдіріп, өз дауысын берді. Тағы да халықтың үміті жоғары. Енді бұл жолы біз жұртшылықтың сенімін ақтай алмасақ, онда халық пен биліктің арасындағы алшақтық апатты деңгейге дейін өсетінін көретін боламыз. Басқаша айтқанда, күн тәртібіне Конституцияға өзгерістер енгізу ғана емес, таразы басына қазақтың халықтығы, ел болып қалуы, болашағы бар ма, жоқ па деген тағдыршешті сауал қойылып отыр. Демек, үшінші референдумда қабылданған Ата Заңымыз еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін  адал болуды, ел алдындағы, болашақ алдындағы, Отан алдындағы міндеттерін мүлтіксіз орындауды талап етеді. Әркім көрпені өзіне тартып, жекебасының қамын күйттейтін болса онда бізде ештеме қалмайды. 
Жаһандану заманындағы бәсеке, талас Қазақстанның сақталып қалуына қауіп төндіріп тұрғаны жасырын емес. Қазір біздің алдымызда екі түрлі жол, бір ғана таңдау тұр. Бірі – жаңарған Конституциямен өркениетті, демократиялық елдердің қатарына қосылу немесе көштің соңында салпақтап, барлық байлығымыздан, барымыз бен бақытымыздан айырылу қаупі артуда. Былайша айтқанда, болашағымыздың көкжиегі  50/50 деп айтар едім.
Осы бір қауіп-қатерді, сын-қатерді есте ұстап, жұмыс жасауымыз керек. Бізге шегінетін жер қалған жоқ. Таразы басына барлық құндылықтарымызды, қазына-байлығымызды тігіп отырмыз. Халық – Жаңа Қазақстан  жағында. Ал билік сол жарқын болашақты қамтамасыз ету жолында жұмыс жасауы керек. Халық пен биліктің бірлігі, мақсат-мүдделерінің ортақтығы – Қазақстанды аман алып қалудың жалғыз ғана кепілдігі. Басқа нұсқа, басқа жолды көріп отырған жоқпын. 
Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға келер болсақ, менің көңілімнен шыққанын айтар едім. Мұнда, біріншіден, Президент билігінің шектелетіндігі, екіншіден, халықтың мемлекетті басқаруға  қатысуын кеңейту көзделген. Екеуі де әбден толғағы жеткен, шешімін күткен мәселелер.  Бұл референдум бүгінгі күннің «Не істеу керек?» деген сұрағына жауап берген шара болғаны анық.  Осы сауалдың жауабын адаспай табар болсақ жолымыз ашылады. Міне, осындай жаңа қадамдар үшін, мемлекетімнің, халқымның, немере-шөберелерімнің болашағы үшін сайлау учаскесіне барып, өз дауысымды бердім!

Хангелді ӘБЖАНОВ,
тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық академиясының академигі
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026
Сайлау алдында жалған аккаунт пен сайттар бұғатталады

Жаңғырудың негізі

25.07.2026
Оралханды оқыдыңыз ба?

Оралханды оқыдыңыз ба?

25.07.2026
Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.