Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

МАҒЖАН, ХӘКІМ АБАЙЛАРДАН ІЛИЯСТЫ КЕМ КӨРМЕ! АҚЫН ҚЫЗДЫҢ АРНАУЫ

1 маусым 2022
АРДЫҢ ІСІ
МАҒЖАН, ХӘКІМ АБАЙЛАРДАН ІЛИЯСТЫ КЕМ КӨРМЕ! АҚЫН ҚЫЗДЫҢ АРНАУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласына қарасты Көктал шағына ауданында Е.Берліқожанұлы атындағы мектеп бар. Мектептің атын асқақтатып, абыройын көтеріп жүрген дарынды шәкірттері де аз емес. Солардың бірі — Шолпан Жандосқызы. Өте талантты оқушы. Қазақтың қасиетті қара өлеңіне өзіндік үн қосып келе жатқан ақын қызымыздың жетістіктері де көз қуантады. Бүгінгі мерекеде асқан асуларына арнайы тоқталып, оқырманмен таныстыра келе, Құлагер ақын Ілияс атасына арнаған өлеңін ұсынып отырмыз.

Шолпан 2021-2022 оқу жылында Талдықорған қалалық «Ілияс оқуларының» Бас жүлдегері болса, «Мағжан және Қадыр оқуларынан» жүлделі 2-орын, ал «Мұқағали оқыларынан» 3-орын иегері атанды. Өлеңмен ғана айналыспай, жаратылыстану бағытында да зерек оқушы математика пәні бойынша «Дарын» ғылыми-жобасы мен «Алтын түлек» олимпиадасынан 2-орынды қанжығасына байлаған. Облыстық «Ілияс оқуларының» бірінші, «Абай оқуларынан» үшінші орыннан көрінген зерделі Шолпан «Дарын» ғылыми-жобасынан да үшінші орын алса, республикалық «Ілияс оқуларының» екінші орын иегері. Осындай зейінді оқушы Шолпан Қылышханның жыр бұлағының дәмін татыңыздар.

Қара өлеңнің Құлагері

(Ілияс атам)

Қара өлеңі ақыл-ой мен парасаттан құралған,

Шабыттанып күннен жылу, айдан нұрлы жыр алған.

Қазағым деп отқа түсіп, суға батар Ілияс,

От кеудесін оққа тосып, халық үшін тұра алған.

 

Ілиясым, жанашырым, ұланы едің халықтың,

Өнеріңді өзгелерге қара сөзбен таныттың.

Аз ғұмырда айыпталып, құрбаны боп жаланың,

Көре алмадың бар қызығын мына жалған жарықтың.

 

Ардақтадың адамзаттың бойдағы бар киесін,

Өрнектедің кесте сөзбен қара өлеңнің жүйесін.

Тарих сені басқаша етіп танытса да кезінде,

Мен білемін қазағыңды жан-тәніңмен сүйесің.

 

Жетісудың желбіреттің ақ байрағын ғаламға,

Ақиқаттың ұлағатын ұғындырдың адамға.

Ей, замандас, еріп кетпей бұрмаланған тарихқа,

Нұрлы ақылмен сергек қара Ілияс өткен заманға. 

 

Менен сұра өлеңдерін, шын болмысын ақынның,

Жүрегіме дауа болған ол жақыны жақынның.

Оқып берем Ілиястың жанға сая жырларын,

Ұғындырам жоқ екенін жамандауға хақыңның.

 

Мағжан, хәкім Абайлардан Ілиясты кем көрме,

Келмейді олар бірін-бірі салыстырып, теңдеуге.

Тар заманның тауқыметін жырлап өткен ақынның,

Өлеңдерін жүректе ұстар махаббатпен кең кеуде.

Шолпан ҚЫЛЫШХАН

Талдықорған қаласы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.