Талдықорған: +36°C
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛАШ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АТАСЫ

20.05.2022
РУХАНИЯТ
АЛАШ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АТАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ахметтану ғылымының үлкен бір тарауы газет шығару ісіне, оның ішінде, шоқтығы биік «Қазақ» басылымын зерттеу мәселесіне тиесілі. «Қазақ» газетін өткен ғасыр басындағы Алаш қозғалысының негізгі өзегі, ұлтты ояту идеясының қайнар-бұлағы десек, қателеспесіміз анық. Алаш идеясына үңіліп, зерделеген адам Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмір жолын, «Қазақ» газетін бастырудағы ерен еңбегін, сан тақырыпты қозғаған мақалаларын айналып өтуі мүмкін емес. Әсіресе, Ахаң және «Қазақ» газеті бағдарында талай зерттеу еңбектері жарық көрсе де, әлі де талдауды, әлі де сараптап, тыңнан түрен салуды қажет ететін сүбелі дүниелер жеткілікті. Мақаламыздың бесінші топтамасында Байтұрсынұлының бас редактор ретіндегі жанкешті жұмысын көрсетіп, «Қазақтың» қилы жолынан там-тұм мәлімет берумен бірге сол кездегі ұлттық идеяның ұшқынын да өз күшімізбен және бір өрнектей кетуді көздеп отырмыз. Ахаң мен «Қазақ» газетін ажыратып қарасақ, ақиқаттан алыстайтынымыз секілді бұл тұста Әлихан мен Міржақыпты да назардан тыс қалдыруымыз үлкен қателік саналар еді. Алаштың алғашқы үні – 1913-1918 жылдар аралығында таралған «Қазақ» газеті жайлы қалай десек те, бір нәрсе анық, ол – басылым арқылы тұтас ұлттың рухы сілкініп, білімге, ғылымға, демократиялық құндылықтарға, құқық, заң аясында мемлекеттік жүйе құруға деген ынта-ықыластың оянғаны. Мұндай ұлы қозғалыстың алғы шебінен – «Қазақтың» мінберінен Әлихан-Ахаң-Міржақып үштігі үн қатып тұрды.

«Қазақ» газеті бес жыл көлемінде жарық көріп, Алаш идеясының орны бөлек жалғыз үнпарағы саналды. Рас, ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың басқы кезеңінде аз уақыт шығып, тоқтап қалып отырған мерзімді басылымдар көп еді. Оның үстіне, отаршыл Ресей патшалығы қазақ даласындағы сауат ашу мәселесіне үрке қарап, үнемі мерзімді басылымдарды тұншықтыруға тырысты. Оған шыдас бермеген талай газет санаулы санын шығарумен шектелді. Ал «Қазақ» газеті сол кездегі басылымдардың ішінде бәрінен биік тұрды. Редакция ұжымы да ұлт мүддесі ұранымен бір шаңырақ астында ұйымдаса білді. Газеттің атауы да көп нәрсені аңғартты. Ресей патшалығы қазақ ұлтын дала тағыларына теңеп, тарихи атауынан айырып, «киргиз-кайсак» сөзін жиі қолданып жүрген шақта Алаш зиялылары күтпеген жаңалық жасады. Қуғын-сүргіннен көз ашпаса да аз ғана шоғыр – Алаш ардақтылары Орынбор қаласында «Қазақ» газетінің негізін қалады.

Газет шығару ісінде елді елең еткізгені әрі қызықтырғаны – атауымен қоса рәміздік таңбасы еді. Газеттің негізгі таңбасы ретінде қазақтың киіз үйі таңдалды. Ғалымдардың зерттеуінше, киіз үйдің түндігі батыс жақтан ашылған. Бұл да терең мағынаға ие. Яғни, қазақ даласына өркениет батыс Еуропадан келуі тиіс. Батыстың ілім-білімін игеріп, мәдениетін өзіміздің дәстүр-салтымызбен ұштастыруымыз тиіс. Төтеше графикамен «Қазақ» сөзі киіз үйдің есігіне жазылды. Бір көрген адамды газеттің қысқа да нұсқа әрі таза қазақ тілінде басылған мақалалары баурап әкететін. Дизайны да өзге газет-журналдан ерекшеленіп тұрды. «Қазақ» газетінің мұндай артықшылықтары Ахаңның ешкімге ұқсамайтын ұшқыр идеяларымен астасып жатты. Сөйтіп, патша билігінің зәре-құтын қашырған «Қазақ» газетінің бірінші саны 1913 жылдың 2 ақпанында басылып шықты. Алғашқы екі жылында басылым апталық болды. Соңғы үш жылында оқырман сұранысына орай аптасына екі реттен жарық көрді.

Кейбір деректерге сүйенсек, газет таралымы тез өскен. Кей жылдары 3000-нан 8000 данаға дейін жеткендігі айтылады. Газеттің редакторы болып Ахмет Байтұрсынұлы, өкілетті өкілі ретінде Міржақып Дулатұлы тағайындалды. Ал 1918 жылғы сандарына Жанұзақ Жәнібеков есімді журналист жетекшілік еткен. Газет «Азамат» серіктестігіне қараған. Орынбордағы Құсайын Кәрімовтің баспаханасы «Қазақ» газетін бірнеше мың данамен бастырып, еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіп отырған. Бес жыл ішінде «Қазақтың» 266 саны жарыққа шыққан. Кейінгі зерттеулерде газеттің тұрақты оқырмандары қазақ даласынан бөлек, алыс-жақын шетелде де болғандығы айтылады.

Алаштанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелді «Қазақ» газетінің халық ағарту ісіне қосқан үлесіне арнайы тоқталған. Автор өзінің әйгілі «Алаш қозғалысы» жинағының екінші томында: «Бүкіл Алаш жұртына тараған «Қазақ» газеті білім мен ғылымға үміт артқан қазақ баласының санасына сенім отын жақты. Осы тарихи кезеңде қазақ халқының ең үздік ойшыл тұлағалары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы «Қазақ» газеті арқылы қазақ қоғамының ең өзекті мәселелеріне байланысты ойларын ортаға салып, қоғамның белсенділігін арттырып, алдында тұрған міндеттерін анықтады», – деп жазды.

Газеттің алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен арнау сөз жазылды. «Құрметті оқушылар!» деп басталатын мақалада мерзімді баспасөздің қоғамдағы орны, халықтың сауатын ашудағы пайдасы жеке-жеке талдау арқылы көрсетілген. Ахаң осы үндеуінде газет шығарудың төрт артықшылығын түсіндіре отырып, неліктен «Қазақ» атауы таңдалғанына тоқталады. Бірінші кезекте газетсіз адам мылқау, көкірек көзі бітеу болады. Сондықтан, халық ішіндегі сауатты, түйгені көп жандар газет арқылы өз ойын жазып, оқырманды сауат ашуға үндеуі тиіс. Өзара пікір алмасу көбейіп, газет беті ұлттық мәселелерді талқылау алаңына айналады. Сондай-ақ, газеттің білім таратушы, халық даушысы сияқты қызметтері бар. Газет елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға, сол арқылы мұқтаждықты жоюға көмектеседі. Ахаң газеттің артықшылықтарын осылай жіліктей талдайды да, өнер-білімге шын ынтасы бар жандар газет оқу арқылы алға қойған мақсатына жететінін, дамыған мемлекеттерде газет саны өте көп екенін алға тартады.

Басылымның алғашқы санында газеттің атауы мен мақсат-міндетіне қатысты: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың ардақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып көмектесіп, қызмет ету – қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі осы», – деп жазылды. Жан-жақтан мақала жолдайтын авторлар көп болғанымен газеттің негізгі қара жұмысы Ахаң мен Міржақыпқа артылды. Ахаң мәдениет, білім, сауат ашу бағытында мақалалар ұсынса, Міржақып өнер, тарих тақырыбында қалам тербеді.

«Қазақ» газеті ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының пікір алмасатын алаңы болды. Онда Жүсіпбек Аймауытов, Жақып Ақбаев, Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннен бастап мыңдаған автордың материалдары тұрақты жарияланып отырды. Өлкетанушы Қайролла Мұқановтың («Ана тілі» газеті, 2018 жыл, ақпан) зерттеуінде «Қазақ» газетінің тұрақты авторларына мүмкіндігінше жекелей тоқталып шыққан. Оның ішінде бізді қызықтырғаны газеттің соңғы редакторы Жанұзақ Жәнібеков болды.

Автордың айтуынша, Жанұзақ «Қазақ» газетінде бұрыннан істеген, еңбегі сіңген адам. Ахаң мен Міржақып ел ішіндегі азамат соғысына байланысты газет шығару ісін Жанұзаққа жүктеп, өздері қоғамдық-саяси жұмыстарға араласқан. Бір қызығы, патшалы Ресей «Қазақ» газетінің басылуына кедергі жасап, кейбір сандарының таралуын тоқтатқанымен түбегейлі жаппаған. Газет жабылсын деп ресми нұсқау берген – Кеңес билігі. Жабу туралы қаулыда алашордашылардың газет арқылы большевизмге ашықтан-ашық қарсы шығып жатқаны айтылған. Сөйтіп, Алаш қозғалысына жасалған қысастық қызылдар империясында да жалғасты. Екі биліктен де қуғын-сүргін көрген Ахаң бастаған зиялы топ ұлтқа қызмет ету принципінен айныған жоқ. Қандай кедергіге ұшыраса да, халықтың санасын ояту, ғылымын дамытып, сауатын ашу бағытындағы қасиетті парызын адал атқара берді.

Тарихшы Мәмбет Қойгелдінің жуырда «Қазақ әдебиеті» (29 сәуір, 2022 жыл) газетіне шыққан сұхбатында Алаш идеясы тағы да кеңінен айтылды. Сол сұхбатта ғалым «Қазақ» газетіне тоқталып: «1913 жылдан бастап «Қазақ» газеті шыға бастады. Бұл – бірінші жалпыұлттық газет. Бүкіл қазақ даласына, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Ресейге тарады. «Қазақ» газеті арқылы қазақ өзін ұлт сезініп, ұлттық мәселелер көтеріліп, талқыға түсті», – деді. Ал Хайреддин Болғамбаев есімді азаматтың сотта берген мына тұжырымына назар аударыңызшы:

«Дулатов және Байтұрсыновпен мен 1913 жылы медреседе оқып жүргенде таныстым. Олар «Қазақ» газетін шығаратын. 16-ншы жылға дейін Орынборға келген сайын мен олармен кездесіп тұрдым. Өйткені, оларды қазақтың жол бастаушы көсемдері санадым. Ал «Қазақ» газеті таза ұлтшылдық ұстанымдағы басылым болды» (Бұл дерек «Алаш қозғалысы» кітабында бар).

«Қазақ» газеті тек ақпараттандырумен шектелмей, қоғамдық-саяси жұмыстарға да белсене араласты. Аумалы-төкпелі дәуірде жарық көрген газет халықты арандап қалудан сақтандырып, ресми дереккөздерден материалдар ұсынып отырды. Тіпті, патшалы Ресей Бірінші дүниежүзілік соғысқа араласқан кезде қазақ жігіттеріне көмек көрсету мақсатында редакция ұжымы майданға баратын жастардың тізімін бекітті. Сөйтіп, «Қазақ» газетінің арқасында мыңдаған қазақ қан майданнан аман оралды. Соғыс даласында оларға психологиялық қолдау жасалды. От шашқан қаруға жүгіре бермей, өзіне жүктелген міндетті қалай орындау керектігі түсіндірілді. Ахаңдар патша билігіне қарсы тұрған халықтың босқа қынадай қырылып қалатынын білді. Сондықтан, халқын сабырға шақырып, отаршыл жүйені тек біліммен, оқумен, ғылыммен күйрету қажеттігін түсіндіріп бақты. Бірінші дүниежүзілік соғыс, Ұлт-азаттық көтеріліс, ақтар мен қызылдардың шайқасы, аштық, дүрбелең, бәрі айналдырған 4-5 жылда бүкіл елді есеңгіретіп тастады. Осы уақытта «Қазақ» газеті өзінің жеделдігімен танылды. Үрейі ұшқан ел-жұртқа дұрыс жол нұсқады. Газет бетінде әлем елдерінің тәжірибесі, саяси өмірі, мәдениеті қазақша аударылып, дәйекті, дәлелді ақпараттар таралды.

Ахаңның шәкірті Мұхтар Әуезов: «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Мұның шындығына ешкім дауласпайды», – деп әділ бағалады. Ал 1918 жылы басылған «Абай» журналында Мұхаң Жүсіпбек Аймауытұлымен бірігіп: «Оянған ойдың бетін түзеп, жолға салып, ілгерілеуіне қамшы болған – «Қазақ» газеті. Бұл газет халықтың саяси көз ашылуына, жұрттық деген ойдың кіруіне қандай себеп болса, әдебиеттің гүлденіп, өркендеуіне де сондай себеп болды», – деген пікір қалдырды.

«Қазақ» газеті алғаш басылған 1913 жылы 10 облысқа тарағандығы айтылады. Ғалым Әбдуәлі Нысанбаевтың зерттеуінде ең көп оқырман Торғай облысында тіркелгендігі жазылған: 694 адам! Екінші орында Семейден 612 оқырман газет алдырып тұрған. Одан кейінгі тізім Ақмоладан 584, Сырдәриядан 327, Оралдан 301, Жетісудан 157, Ферғанадан 30, Самарқаннан 8, Закаспийден 5 адам болып жалғасады. Тіпті, алғашқы жылы Қытай елінен 10, Түркиядан 5, Мәскеу мен Томсктан 3, Петербургтан 5 адам жазылып, газеттің мәртебесін асқақтатқан. Сонымен бірге, газеттің қағазы мен жалпы баспахана шығынын өтеуге қаржылай көмектескен демеушілер де көп кездескен. Таңғалдырғаны газетке қолдау танытқандардың арасында Қытай елі, оның ішінде, Күнес қазақтарының жомарттығы. Олар басылым арқылы арнайы үндеу жариялап, қалың ноғай жұртынының күлкісіне қалмас үшін 600 сом ақша салып жібергенін жеткізеді. Тіпті, олардың есімдері де газетке шыққан. Мақсұттәжі Сасанұлы, Молда Нұрбекұлы, Қосболат Байболатұлы бастаған алты адам көрсетілген.

Қапаста жатқан «Қазақ» газеті жайлы алғаш зерттеу жасаған тарихшы ғалым – Үшкүлтай Субханбердина. Оның еңбектерінде де құнды деректер көп. Ал Ғарифолла Әнес құрастырған Алаш энциклопедиясында «Қазақ» газетін шығарған «Азамат» серіктестігі қайырымдылық шараларын көп ұйымдастырғаны туралы деректер келтірілген. Бұл ұйымға мүше адамдар тұрақты жарна төлеген. Ол ақша газет шығару ісіне жұмсалған. Қазақтың дәулетті азаматтарының көбі газетке демеушілік көрсеткен. Мамания туралы тарихи деректер жинағында да «Қазақ» газетіне қатысты мәліметтер бар. Әсіресе, Есенқұл қажы Мамановтың газет бетінде роман жазуға бәйге жариялағаны туралы хабарландыру қалың оқырман арасында сілкініс тудырғаны айтылады.

Сөз түйінінде, «Қазақ» газетін шығару Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметінде маңызды рөл ойнайтын, ұлт болашағы үшін атқарылған ұлы істің бірі деп бағаласақ артық кетпегеніміз. Ахаңдай дара тұлға дәл осы басылымға жетекшілік жасай отырып, ұлтты бір тудың астына ұйыстыра білді. Кейінгі жастардың бойына Алаш идеясын сіңірді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт тарихын зерттеушілер большевизм мен феодализм ағымына малынбай, «Қазақта» шыққан материалдарды тарихи негіз етсе, дәлел-дәйек ретінде пайдаланса, шындықтан алыстамасы анық. Өйткені, дәл сол кезеңнің тарихи шындығын санаулы басылымдардан, оның ішінде, «Қазақ» газетінен ғана таба аласыз. «Қазақ» газеті Алашорда билігінің ресми үнпарағы еді.

Профессор Мәмбет Қойгелді «Қазақ» газеті баспаханасының тәркіленуі жайында мынадай дерек келтіреді: «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысын біржола жою жолына түскен кеңес өкіметіне үлкен қолайсыздық тудырған, әрине, тәуелсіз қазақ тіліндегі басылымдар еді. соған байланысты «Қазақ», «Бірлік туы», «Сарыарқа» сияқты басылымдарды жауып, олардың орнына кеңестік ұстанымдағы газет-журналдар, кітаптар шығару – жаңа биліктің негізгі міндетінің біріне айналды». Сөйтіп, 1918 жылы 21 наурыз-3 сәуір аралығындағы Торғай облыстық съезінің шешіміне сүйеніп, жергілікті билік «Азамат» серіктестігінің меншігі болып табылатын баспахананы иеленіп алады. Бұл 1913 жылдан бері ұлт азаттығы жайлы үгіт-насихат жүргізген «Қазақ» газетін іс жүзінде жабудың алғашқы қадамы еді.

«Қазақ» газетінің 1917 жылғы №23 санында Міржақып Дулатұлының өр лепеске толы мақаласы жарияланған. Онда Міржақып патша билігі келмеске кеткенін, газет енді бұрынғыдай әр сөйлеміне, сөзіне алаңдамай, еркін басылымға айналатынын, бұрынғыдан да дами түсетінін айтып, қалың оқырманға сүйіншілей жеткізеді. «Қазақты» қай күні жауып тастайды, өзімізді қай күні айдап жібереді деген қауіп зор еді. Құдайдың не салғанына көнуге ырза болып, жолымыздан тоқтамадық. Ақыры бұл күнге де жеттік», – деп жазды Міржақып Дулатұлы. Әттең, Әлихан, Ахаң, Міржақып бастаған ұлт қайраткерлері большевизмнің қаһары тіптен ауыр екенін кеш ұғынды. 1920 жылдары Алашорда мен кеңес билігі бейбіт диалог орнатқанымен мұның соңы жақсылыққа апармады. Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газеті жабылғаннан кейін бірер жылда коммунистер партиясына кіргені туралы мәлімдеп, артынан ұлтқа жасалған қиянатын көріп, қайта шығып кетеді. Өкініштісі, қазақ оқығандарын қудалау, қуғын-сүргінге ұшырату, шеттету ісі жаңадан орнаған большевизм өкілдерімен ары қарай жалғасын тапты.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Қатысты жаңалықтар

7-сыныпқа дейінгі оқушыларға смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейінгі оқушыларға смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026
Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

26.06.2026
«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

26.06.2026
Жетісу облысында 38 градусқа дейін ыстық күтілуде

Жаңбыр мен аптап қатар келеді: Елдегі ауа райы қандай болады?

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.