Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАҒА

15 мамыр 2022
КҮЛТӨБЕ
БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАҒА
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы жыл – «Балалар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі», – деп атап өткен болатын. «Балалар жылы» аясында облысымызда қандай іс-шаралар атқарылып жатқаны әрқайсымызды толғандырары анық. Бұл турасында «Жетісу Медиа» ақпараттық алаңында «Балалар жылы: білімдегі басты бағыттар» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан АДАМБЕКОВА баяндады.

– Президентіміз бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде ғана емес, балаларды қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау керектігін тапсырды. Бұл ретте ҚР Үкіметінің қаулысымен 7 бағыт бойынша («Білімді бала», «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «Bala QORGAY». «BALA_TIME.KZ») іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл балалардың сапалы білім алуына, толыққанды қосымша оқумен қамтылуына, денсаулығын нығайтуға, құқықтарын іске асыруға, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Облысымызда «Балалар жылын» өткізу аясында 5 мыңнан астам іс-шара қарастырылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 7 миллиардтан астам қаржы бөлінді, – деді өз сөзінде Айжан Маманқызы. Балалар игілігі үшін биыл 13 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылмақ. Орталықта нейро-ортопедиялық, церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың үздік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілген. Жыл соңына дейін 600 баланы қабылдау жоспарланған. Мүмкіндігі шектеулі балаларды уақытылы сауықтыру үшін НұрСұлтан қаласының «Балаларды оңалтудың ұлттық орталығына» 58 бала жіберілген. Наурыз айында «Қайырымды ұлт» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Айналайын» балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 200-ден астам тәрбиеленушісі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік концерт және дастарқан ұйымдастырылған. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің 210 тәрбиеленушісіне ойыншықтар, спорттық инвентарлар және т.б. сыйлықтар табыс етілген. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайлары мен музейлерге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан жеткіншектерге тегін көрме-экскурсиялар ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері Б. Римова атындағы драма театры 860 балаға қайырымдылық қойылымдарын ұсынды. «Айналайын» және облыстық №1 балалар үйлерінің 194 тәрбиеленушісі үшін демеушілер тарапынан мерекелік дастарқан ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді, бұл шараға 2 миллионнан астам қаражат жұмсалды. Балалар құқықтарын жүзеге асыру, отбасылық және адамгершілікрухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында сурет, мәнерлеп оқу, плакат, патриоттық әндер байқауы, ашық сабақ, тәрбие сағаты, акция, әдеби оқылым, мұражайларға экскурсия, көрме, фестиваль, слет, атааналардың қатысуымен «дөңгелек үстел», кездесулер өтті. Іс-шаралар мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, демеушілер, меценаттар, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылуда. Бұл аталған шаралар «Балалар жылы» аясында жыл соңына дейін жалғасын таппақ.

Алма ЕСЕНБАЙ,
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін, 14:36
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

Бүгін, 13:30
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Бүгін, 12:30
Тәуелсіздік тірегі

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру туралы

Бүгін, 11:22

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.