Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚЫТАЙ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕСЕЙДІ «БӨЛГЕНІ» РАС ПА? ЖАЛҒАН КАРТАНЫҢ ШЫНДЫҒЫ

3 мамыр 2022
КҮНДЕРЕК
ҚЫТАЙ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕСЕЙДІ "БӨЛГЕНІ" РАС ПА? ЖАЛҒАН КАРТАНЫҢ ШЫНДЫҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясы ыдыраса, көрші елдер аумағын қалай бөліп алуы мүмкін деген жалған карта тараған болатын. Әрі бұл тақырыпты Қытайдың ең үлкен CCTV орталық телеарнасы талқылап, көрсетіпті. Бұған дәлел ретінде суреттер де жарияланған. Алайда…

Бұл — фейк. Сурет қолдан жасалған. Оның үстіне CCTV телеарнасының бұған ешқандай қатысы жоқ. CCTV телеарнасының логотипі көбіне экранның сол жақ жоғары шетінде тұрады. Ал суреттің оң жақ жоғары шетінде тұрған логотип мүлдем басқа арнаға тиесілі. Нақтырақ айтсақ, Шаңхай қаласынан тарайтын China Dragon TV арнасы. Телеарнаның YouTube-тегі сілтемесіне кіріп, видеоларын көріп шықсаңыз, логотипі сол жақ жоғары шетінде тұрғанын байқайсыз.

Экранның төменгі жағында жазылып тұрған қытай тіліндегі жазулардың да Ресей жерін бөлу мәселесіне еш қатысы жоқ. Мұнда экономика тақырыбына байланысты сөздер жазылған. Яғни, құрылымдық экономикалық акцияның төмендеуі деп тұр. Сонымен бірге, құнды қағаздарға инвестиция құйғысы келетіндер үшін индкс көрсетілген. Ал бұл бадарлама «Нарыққа көзқарас» деп аталады. Бағдарламаның түпнұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Тағы бір назар аударатын жайт – тележүргізушінің кім екендігі. Шын мәнінде ол саясатқа еш қатысы жоқ адам. Ресей жерінің бөлінуі туралы айтатын спикер де емес. Ол Қытайдағы белгілі бір компанияның инвестициялық кеңесші боп жұмыс істейді. Есімі Тау Иэ. Компанияның ресми сайтында оның фотосы ілініп, қызметі жайлы жазылған.

Анығында картаны осыдан екі жыл бұрын Reddit сайты жариялаған. Сол кезде сайт оны — “Ресей тұрғындары орналасқан жеріне байланысты көршілес елдердің қайсысына жақын” деген тақырыппен таратқан екен.

Қысқасы бұл жалған қапарат. Қытай телеарнасы таратты дейтіндей еш негіз жоқ.

Мұхит ТОҚТАСЫН

Қатысты жаңалықтар

Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

Бүгін, 13:30
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Бүгін, 12:30
Тәуелсіздік тірегі

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру туралы

Бүгін, 11:22
Тынысы кең, тұрмысы айшықты

Тынысы кең, тұрмысы айшықты

Бүгін, 10:30
Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.