Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Журналист болу – арманым

29 сәуір 2022
КҮЛТӨБЕ
Журналист болу – арманым
WhatsAppTelegramFacebook

   Бала кезден бергі арманым – журналист болу. Журналистикаға деген қызығушылығым сонау 3-сыныптан бастау алды. Теледидардағы тілшілерді көрген кезде, солардың сөзін қайталауды ұнататынмын. Кейіннен осы саланың маманы болсам деген шешімге келдім. Осы орайда түрлі өзекті мәселелерді қамтитын жұмыстарымды облыстық, республикалық жобаларда қорғадым. Журналистикаға бір қадам жасау үшін облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыстым. Ерікті ретінде де түрлі іс-шараларға белсене атсалыстым. 2020-2021 жылы “ELBASY MEDALI” жобасының қола медаль иегері атандым.

Журналистика – жай мамандық емес, ол менің жүрегімнен ойып тұрып орын алатын асқан арман. Бүгінгі таңда мен жарқын болашақты жасаушы жастардың бірі ретінде Халықаралық ақпараттық-технологиялық университетінің журналистика мамандығын таңдаудамын. Дәл осы университетті таңдауыма өзім оқитын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің 2018 жылғы түлегі, қазіргі таңда ХАТУ-дың журналистика факультетінің 4-курсында білім алып жатқан Аружан Ербатырованың ықпалы болды.

«ХАТУ-дың журналистикасы – менің таңдауым. Дұрыс таңдау жасағаныма жүз пайыз сенімдімін», – деген Аружанның сөзі менің жүрегімнің түкпіріндегі қызығушылықты арттыра түсті. Ол кезде 7-сыныпта оқып жүргенмін. Сол кезден бастап алдыма нақты мақсат қойдым.

   Журналистикаға жасаған алғашқы қадамым, 10-сыныпта оқып жүрген кезімде ХАТУ-дың «IT NATION» пәндік олимпиадасына қатыстым. Екінші кезеңге өткендердің арасынан өз аты-жөнімді оқыған сәтте жүрегімде үміт пайда болды. Бұрыннан бергі арманым жақындай түскендей қуандым. Университеттің атмосферасын, профессорлық оқытушылар құрамын өз көзіммен көріп ерекше әсерлендім. Сол бір күннің әр сәтін сезіне алуға тырыстым. Солай мен “Алғыс хатқа” ие болдым.

   Осы саланы зерттей жүріп, түсінгенім ХХІ ғасырдың басты трендтерінің бірі – цифрлық журналистика. Себебі оған қазіргі заманға сай жылдамдылық, интерактивтілік, өзектілік тән. Халық бір оқиға бола қалса, оны дереу ғаламтордан немесе әлеуметтік желілерден біле қояды. Сондықтан халыққа дұрыс ақпарат жеткізу мақсатында цифрлық журналистиканың мәні зор.

     Қазіргі ақпаратты жылдам әрі шынайы жеткізетін сайттар – цифрлық журналистиканың көрінісі. Сондықтан бұл саланың келешегі зор деп ойлаймын. Халық әрдайым дұрыс, тексерілген ақпаратқа мұқтаж. Болашақта осы мамандық иесі атанып, цифрлық журналистиканың ары қарайғы дамуына үлес қоссам деймін.

Аяжан Серік,
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы
№24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің 11-сынып оқушысы

Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Бүгін, 12:30
Тәуелсіздік тірегі

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру туралы

Бүгін, 11:22
Тынысы кең, тұрмысы айшықты

Тынысы кең, тұрмысы айшықты

Бүгін, 10:30
Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

21 қараша 2026
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.