Талғарда шағын футболдан 2007-2011 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық біріншілік өтті. Облыстық бұқаралық спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа әр өңірден жиналған 45 команда қатысты.
Кіл мықтылар іріктеліп келген турнирдегі тартыс көрермендердің де көңілінен шықты. Алғашқы кезеңнен-ақ шағын футбол шеберлері бұл сайысқа тыңғылықты дайындықпен келгенін көрсетіп, ала допты ұршықша иірді. Олар бірде шабуылдағы қарқынын үдетіп толассыз соққылар жұмсауға көшсе, енді бірде қарымта шабуылдарға ойысты. Кәсіби футболшылардай ұйымдастырылған жүйелі шабуылдар. Жоғары дәрежеде өткен бәсеке жиналған жұртты бір серпілтіп тастады. Тартысты өткен доданың нәтижесі төмендегідей:
2007-2008 жылғы жасөспірімдер
1-орын «МБЖСМ» (Ынтымақ)
2-орын «МБЖСМ» (Қаскелең)
3-орын «Қапшағай»
2009-2010 жылғы жасөспірімдер
1-орын «БЖСМ» (Талғар)
2-орын «Шамалған»
3-орын «МБЖСМ» (Талғар )
2011 жылғы жасөспірімдер
1-орын «Қарқаралы»
2-орын «МБЖСМ» (Ынтымақ)
3-орын «Талдықорған – 2011»
Айдар ҚАЛИЕВ,
Алматы облысы





