Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Тағдырым, саған ризамын!»

22.04.2022
КҮЛТӨБЕ
«Тағдырым, саған ризамын!»
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың жезтаңдай әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетова Нарынқол дейтін киелі өлкенің тумасы. Осында өмірге келіп, Абай атындағы орта мектепті тамамдаған. Сахнаға шығу, тамылжыта ән салу тау қызының бала жастан таудай талабы болатын. Асқақ арман талантты жастың Алматы эстрада-цирк студиясынан білім алуына, одан әрі өнер айдынында еркін самғауына себеп болды.

Дарынды әншінің талантына өнерсүйер қауым зор қошеметпен қол соғып, репертуарындағы «Іңкәрім-ай», «Жақсы көру», «Сарыжайлау», «Ағаларым» атты әндеріне ыстық ықыласы артты. Бұған қоса бауырлас елдердің, соның ішінде қырғыз, өзбек, қарақалпақ, орыс, түрікмен халқының әндерін тамылжыта шырқауымен ерекшеленді. Сахна бұлбұлына айналған әнші С. Нұрмағамбетова еңбек еткен жылдар ішінде республикамыздың бар аймағын аралаумен қатар Польша, Алжир, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстанға гастрольдік сапарларға шығып, қазақ өнерінің көкжиегін кеңейтуге дара талантымен атсалысады. Сөйтіп, Сұлушаш Құлжабайқызының есімі елімізге ғана емес, шет мемлекеттерге де кеңінен танылады.

Алғаш табалдырығын аттаған «Қазақконцерттен» кейін Құрманғазы атындағы оркестрдің құрамында өнер көрсеткені белгілі. Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында аяқтап, зейнетке шыққан майталман әнші әлі күнге өзі сүйген өнерден қол үзбей ел ішіне, алыс-жақын шетелдерге шығып, әнсүйер қауымның ықыласына бөленуде. Әсіресе, әскери бөлімшелерге барып, патриоттық әндерін шырқап, ұландарымыздың рухын көтеруге зор еңбек сіңіруде.

Жазиралы Жетісудың жарық жұлдызына айналған Сұлушаш Нұрмағамбетова былтыр 70 жастың желкенін көтерсе, сахнаның сәніне айналғанына да табаны күректей 50 жыл толып отыр. Айтулы кезеңдерге орай мамыражай мамыр айында Алматы қаласындағы Республика сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетованың «Тағдырым, саған ризамын» атты шығармашылық концерті өтпек.

Жетпіс жылдығым былтыр аталып өтуге тиіс еді. Жер бетін жайлаған індеттің кесірінен кейінге шегерілді. Адам баласын алаңдатқан аурудың саябырсып, қалыпты өмірге орала бастағанымызға қуанамыз. Төрт көзіміз түгел болып, амандықта халықпен қайта қауышатын осы күнімізге де шүкіршілік етеміз, – дейді сахна саңлағы Сұлушаш Нұрмағамбетова.

Сонау арман қуған албырт жаста өнер жолына жетелеген Нарынқол халық театрының режиссері, М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының байырғы актері болған Алдаберген Нұрбековті өнердегі ұстазы санайды. Ал студияда ҚР Халық әртісі, профессор Бекен Жылыспаевтың жеке ән айту класына қабылданып, ән салудың қыр-сырына қаныға жүріп, халқымыздың біртуар өнер тарландарының ортасына түскенін ұмытылмас бақытқа балайды. Сөйтіп, бұйырған бақтың қадірін біліп, қанша қиындық болса да жеңуге ұмтылысы әншіні Хантәңіріндей биік шыңдарға қанаттандырады. «Ән айтсаң да жаныңды жеп айтасың» демекші, еселі еңбек, ащы тер төге жүріп өнердің көгіне көтерілгені де күні кешегідей.

Алдыңғы буынға еліктемейтін адам жоқ. Мен де халық әншісі Роза Бағланова апамыз сияқты болуды армандап өстім. Студияда оқып жүргенімде ұстазым Бекен ағай әр әншінің табиғат берген өз үні, таланты болатынын түсіндіріп, дауысымды қойып берді. Оқуымды бітіргеннен кейін Мәдениет министрлігінің жолдамасымен «Қазақконцертке» жіберді. Жыл бойы гастрольдік сапарда жүретін едік. Арасында отбасын құрып, балалы болдық. Өмірдің ыстық-суығын көрдік. Десе де тағдырыма шынымен ризамын. Жаратқан ием ешкімге ұқсамайтын дауыс берді, соның арқасында жер шарын араладым. Қазағымның даладай кең пейілін, өшпес өнерін таныттым. «Айналайын, халқымнан еркелеткен» деп аты аңызға айналған Тәжібайқызы Роза апам айтпақшы, менің де қадірімді біліп, өнерімді бағалаған халқыма ризашылығым шексіз, – дейді Сұлушаш Құлжабайқызы.

Мерейлі жасқа жеткен сахна саңлағы өзі ерекше еліктеп өскен әлемге танымал әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай ел астанасы мен Алматы қалаларында ұйымдастырылған концерттерге қатысып, «Сәулемсің», «Еркежан» әндерін тамылжыта шырқап тыңдарманын қуантса, ендігі сапары әншінің кіндік қаны тамған Сыр елінде жалғасатындығын тілге тиек етті.

Ән падишасы атанған Роза Бағланованың орындауындағы халық әндерін барынша айнытпай орындауға төселген Сұлушаш Нұрмағамбетова «Қазақконцертке» келгеннен кейін арман еткен Роза Тәжібайқызын көргендегі алғашқы әсерін әлі күнге әсерлі етіп әңгімелеуден жаңылмаған.

Атақты әншіні көрудің өзі бір ғанибет еді ғой. Ол кісі «Қазақконцерттің» табалдырығын аттағаннан-ақ айналасына нұрын шашып тұратын. Роза апайдың киім киісі, әсіресе, аяғындағы биік өкшелі, платформа туфлилері қандай әдемі еді, таңырқап, тамсанатын едік. Өнердің қарашаңырағына келгенімде апай орта жаста екен. Қуыршақтай құлпырған өте көрікті, хас сұлу, ботадай көздері жайнап тұратын. Апаймен амандасудан әрі аса алмаймыз. Атақты әншімен Алматы қаласында өтетін концерттерге бірге қатысып жүрдім. Роза апайдың орындауындағы «Іңкәрім-ай» әнінің нағыз шарықтап тұрған кезі. Бір күні радиоға бардым. Алдымнан атақты диктор Әнуар Байжанбаевтың ұлы Арыс кездесіп қалды. Амандық-саулықтан кейін «Іңкәрім-айды» айтасың ба, Роза апайдың минусовкасы бар» деді. Әрине, қуанып кеттім. Бірақ апайдың тональсімен екен. Сонда да айттым. Қуанышымда шек жоқ. Менің орындауымдағы «Іңкәрім-ай» әнін алтын қорға қабылдап, радиодан эфирге жіберіп тұрды.

Күндер өтіп жатты. Бір күні «Қазақконцертте» екінші қабаттан баспалдақпен түсіп келе жатсам қарсы алдымда Роза апай көтеріліп келеді екен. «Сәлеметсіз бе?» деп өте беріп едім:

  • Әй, мында кел, иә, «Іңкәрімді» айтыпсың ғой?.. – деп сұраулы жүзбен саңқ ете қалды.
  • Иә, апай.., – дегенімше:
  • Мм, ничего, – деп ботадай көзін жарқ еткізді де көтеріліп кетті. Мен апай ұрсатын шығар деп ойлап едім. Апайдың ренжімегеніне қуанып жүгіре жөнелдім. Содан бері де жарты ғасырға жуықтап барады, – деп өткен күндерін сағынышпен еске алады.

Сөйтіп, Кеңес Одағының Халық әртісі Роза Бағланова, Қазақстанның Халық әртістері биші Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Тапалова, Мүсілім Абдуллин, Жүсіпбек Елебеков, басқа да өнердің таудай тұлғаларының тәлім-тәрбиесін көріп, киелі өнерді ұлықтап өскен Сұлушаш Нұрмағамбетованың жетпіс жасқа зор жетістікпен жетіп, елінің еркесіне айналуы  елі ардақтаған арда азаматтардан сіңірген асыл қасиеттердің жемісі мен бойындағы әншілік өнер қуатының көрінісі дер едік.

Ұлбосын ИСАБЕК,
Алматы қаласы

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда мемлекеттік балабақшалардың қызметі тексеріліп жатыр

Жетісуда мемлекеттік балабақшалардың қызметі тексеріліп жатыр

24.07.2026
ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

24.07.2026
Автонесие алу жеңілдейді

Автонесие алу жеңілдейді

24.07.2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 680 мыңға жетті

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 680 мыңға жетті

24.07.2026
Жаңа әдіспен ота жасалады

Жаңа әдіспен ота жасалады

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.