Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Қыздың көркі – тақия

22.04.2022
ҰЛТ ҰЯТЫ
Қыздың көркі – тақия
WhatsAppTelegramFacebook

 Елді елең еткізген жаңалық – қыздар тақия кие бастады.  Тамаша! Шіркін-ай, бойжеткеннің көркі – баскиім екен ғой.  Қазақ қыздарының бұрынғы сүйкімділігі сүйкімділік  пе, тақия киіп еді, тіпті сыпайыланып, әрленіп шыға келді. 

   Шашын жалбыратып жүргендерге ренжуші едік.  Тақия кигеннен кейін  шашыраған шаштары жиналып,  бет әлпеті ашылып,  қарлығаштың қанатымен әрлеген қасы-көзі айшықталып, маңдайлары жарқырап шыға келді.  Тақия кез-келген жастағы нәзік жандыға жарасады екен.  Жасөспірімдер тұлымшағы желбіреп  сәндене қалды. Бойжеткендерге тіпті келісе кетті.  

   Қыздар талғамға келгенде алдына жан салмайды ғой. Әркім өзіне жарасымдысын таңдап алыпты. Бірі көкшілін, екіншісі жасылын, тағы бірі ақшыл түстісін киген. Кейбіреуінің шетінде салпыншағы бар.  Ойпырым-ай деймін де, бұрыннан осы дәстүрді  қайта қалыптастыруды неге ойламағанбыз?  Тақия киген соң қыздар да бойын түзеп ала қойған.  Бұрынғы ардың-гүрдің жүрістілері кербезденіпті. Жан-жағындағылардың өзіне ерекше назар аударғанын байқап наздана қалған.   

   Қыз – қылығымен  сүйкімді.  Қарсы алдынан қарасаң жып-жылы жүзі  назарыңды аударады. Қырынан қарасаң тақияның жанындағы  салпыншағы зер салдырады.  Әдемі сырғасы да анық көрініп тұр.  Ең бастысы,  жалаңбас емес.  Хиджап киіп тұмшаланғаннан әлдеқайда  келісті. Ұлттық дәстүрімізге де сай келеді.  Қазақ қызының еркіндігі мен еркелігінен де сыр береді.  

   Тақия – қазақта ежелден бар. Оны қыздар ғана емес, келіншектер де киген. Бөпесін ерткен жас ана  жүріс-тұрысына кедергі жасамасын деп тақиясын киіп, оны қысқышпен ұстатып қойса, бір жағынан әдемі, екінші жағынан жинақы емес пе?! Бір жерде тақияны кепеш, енді бір аймақта телпек,  тағы бір аймақта  сораба деп атаған.

   Біз сыншыл халықпыз ғой. Енді осыны сан-саққа жүгіртіп, жақсы бастамаға бас бұрған қыздардың бетін қайтарып тастамасақ екен.  Заманына сай біраз өзгешеліктері болуы да заңдылық.    Жайнатып, заманауи матадан тіккізсе несі айып?!  Кезінде де тақияға күміс, алтын салпыншақтар таққан. Үкі қадаған. Кейбірі желке тұсын жауып тұратын жапқышымен  тіккізген.  Тақияның жан-жағын құндыз, кәмшатпен көмкерген. Осының көбі қыздарға көз тимесін деген ниетте ойластырылған.

   Жаппай бас киім кию көптеген салт-дәстүріміздің қайтып оралуына септігін тигізері хақ. Мысалы, бас киімді ауыстырмайды. Санитарлық тазалық па, тазалық! Оны жерге қоймайды. Адамның басына деген құрмет пе, құрмет!  Өз бас киімін ет жақынынан басқаға бермейді.  Яғни, бұл – басындағы бақ-дәулет басқаға ауысып кетпесін деген ырым.  Бұл да дұрыс.  Сонымен,  баскиіммен бірге салт-дәстүріміз де қайта айналып келіп, ізет пен ибалылыққа толы мінезіміз бойымызға дарып жатса неге қуанбасқа!

   Түркия жерінде білім алып жатқан қызым Анадолы елінде оқитын қазақ қыздарының да тақия кие бастағанын айтып, қайдан алсам екен деп ақылдасып еді. Интернетті ашып, сыртта жүрсе де елінің салт-дәстүрін сақтауға  қанатымен су сепкен балапандай атсалысып жүрген қызыма тақия жіберудің қамын жасайын. Ал, аналар, балаларымыздың бойына ұлттық дәстүрді сіңіруге бірлесіп атсалысайық. 

Гүлжан ТҰРСЫН,
Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Тиімді тәсіл

Тиімді тәсіл

31.01.2026
Бағыт жақсы, маман тапшы, қаржы аз

Бағыт жақсы, маман тапшы, қаржы аз

31.01.2026
Жаңа аудан көбейді

Жаңа аудан көбейді

31.01.2026
Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

31.01.2026
Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.