Талдықорған: +14°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТЕКЕЛІГЕ ТАЗА АУЫЗСУ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ? ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВТЫҢ ІССАПАРЫ

13.04.2022
ЭКОНОМИКА
ТЕКЕЛІГЕ ТАЗА АУЫЗСУ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ? ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВТЫҢ ІССАПАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Текелі қаласына мамыр айында таза ауызсу беріледі. Отыз үш мыңдай тұрғыны бар Текелі қаласына ауызсу негізінен Қора өзенінен беріліп келген. Көктем мезгілінде қар суынан, жаңбырдан өзен суы лайланып қала халқы таза суға зәру болып қалатын. «Бұл мәселе түбегейлі шешіледі», — деді Қанат БОЗЫМБАЕВ Текелі қаласының тұрғындарымен кездесуінде. Сондай-ақ, өткен ғасырдан бері шешілмей келе жатқан экология проблемасы да оң шешімін таппақ.

Текеліде облыс әкімі осыдан бір ай бұрын болып, халықтың талап-тілектеріне орай жергілікті атқарушы билікке бірқатар тапсырма берген болатын. Бүгінгі кездесуде сол тапсырмалардың орындалуын баяндап, қаланың алдағы даму бағытын айтты.

Облыс басшысы текеліліктерге күні кеше «Санлайт Инвестментс» ЖШС-мен меморандумға қол қойғанын жеткізді. Келісімге сәйкес Текелідегі зиянды қалдықтар қоймасын рекультивациялап, қойма қалдықтарын жаңадан салынатын  ірі тау-кен байыту комбинатында шикізат ретінде пайдалану қолға алынбақ. Осылайша, қала шетіндегі қалдық қойма толықтай тазартылып, қаладан алыс жерге көшірілмек. Жоба 2022-2032 жылдарда іске асырылады. Бұл текеліліктердің шешімін күткен ең өзекті мәселесінің бірі болатын.

Ал биыл темірді қалпына келтірумен айналысатын, жылдық қуаты 120 мың тонналық «Электромарганец» ЖШС зауыты іске қосылады. Оған 15,6 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1 мыңдай жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, қаладағы апатты үйлердің мәселесі де кезең-кезеңімен шешіледі.

Облыс әкімінің айтуынша, Бөлтірік шешен, Қонаев, Кошевой, Төле би көшелеріндегі апатты үйлердің тұрғындарын көшіріп орналастыруға қажетті қаржы бөлуді мәслихат қарастыруда. Алдыңғы сапарда көтерілген мәселелердің ішінде бірінші, екінші кордон тұрғындарының проблемалары да шешілген.

Атап айтқанда, дәріхана пункті құрылды, Қонаев көшесінің Кошевой көшесіне бұрылысын абаттандыруға, жиырма көшені орташа жөндеуге және бірінші, екінші кордонды жарықтандыруға жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді. Дегенмен, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу ісі әлі де артта қалып келеді. Текелінің инвестиция тартуда облыстағы үлесі небәрі — 0,2%.

— Текелідегі өндірістік аймақта бос жер жоқ, кәсіпорындардың біразы маусымдық кезеңдерде ғана жұмыс істейді, құрал-жабдықтары тозған. Мәселен, «Суффле Қазақстан» ашықты зауытында шикізат жетіспейді, таза сумен қамтуда қиындықтар бар. Сондықтан, облыста арпа өсіру көлемін арттырып, зауытты өз шикізатымызбен қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіпорынды таза сумен қамтуға қажетті құжаттарды тиісті мекеме жылдам дайындап бітіруі керек. Қала әкімінің бұл бағыттағы жұмысы сылбыр. Текелінің табиғи-рекреациялық әлеуеті зор, ішкі туризмді тең дамытуға болады. Ол үшін туристік инфрақұрылымды дамытудың нақты жоспары жасалуы тиіс. Қалада шағын және орта бизнесті де өркендетуге мүмкіндік мол. Соған қарамастан Текелінің облыстағы шағын және орта бизнестегі үлесі 1% ғана. «Талдықорған-Текелі» магистралды газ құбыры 2018 жылы тартылғанымен бүгінге дейін 51 жеке тұрғын үй ғана газға қосылған, — деді Қанат Бозымбаев. Басқа да олқылықтарды атап өткен облыс басшысы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Кездесуге келген тұрғындар облыс басшысына 50-ге жуық сауал қойды. Әсіресе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол-көлік салаларында қордаланған мәселелер көп екені байқалды.

Мәселен, бірнеше жыл бұрын бірқатар отбасы газ қостыруға жеке компаниямен келісім жасап, ақшасын төлеген, алайда үйлеріне әлі күнге құбыр тартылмаған. Текелілік құқық қорғаушылар бұл мәселені тек сот арқылы шешуге болады дейді. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев өз орынбасары Ж.Тұяқовқа ақшасын төлесе де газ қостыра алмай жүрген отбасыларды анықтап, оларға тиісті құқықтық көмек көрсетуді тапсырды.

Қала тұрғыны Наталья Хабарова ауызсу сапасын жақсарту туралы мәселе көтерді.

— Сіз өз баяндамаңызда «Текеліге таза ауызсу береміз» дедіңіз. Бірақ бұл сөзді естіп келе жатқанымызға жиырма жыл болды. Мәселе күні бүгінге дейін шешілген жоқ. Краннан «сүтті кофені» қашанғы ішіп отырамыз? Осы мәселенің қысқа мерзімде шешіп берсеңіз дейміз, — деді ол.

— Өткен жолы келгенде бұл мәселені естігенмін, орынбасарым проблеманы зерделеп көрді. Көктемгі су тасқыны кезінде Қора өзенінің суы лайланады. Бұл су көзіне қойылған екі сорғы істен шыққан. Қандай шара атқарасыздар, Жеңіс Шылбынұлы? – деп орынбасарын орнынан тұрғызды облыс әкімі.

— Қазір Шажа өзеніне қойылған бір сорғыға қосымша тағы екі сусорғы орнатамыз. Сонда қалаға ауызсу тек Шажа өзенінен берілетін болады.

— Таза ауызсу қашан беріледі, нақты айтыңызшы?

— 1 мамырда береміз, — деді Ж.Тұяқов.

Бұл сөзді естіген қала тұрғындары ду қол шапалақтады.

Текелілік Марина Шашканова егде жастағыларға лайық қоғамдық жұмысқа тұрғысы келетінін, сол сияқты қазақ тілін үйрететін тегін курсқа қатысуға ниетті екенін жеткізді. М.Шашканованы биылдан бастап зейнет жасына таяған азаматтар үшін арнайы іске қосылған «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа жіберуге мүмкіндік жасалатын болды. Сол сияқты Текелідегі «Тіл» оқыту орталығында қазақ тілін тегін үйрене алатыны туралы мәлімет берілді.

Жеке ісін ашқысы келетін Ш.Бегімбетовке де бизнес бастау жолдары жайлы бағыт беріледі. Сондай-ақ, дәрігерлер жетіспеушілігі, тұрғын үй кезегіне тұру, қала ішілік және Текелі-Талдықорған бағытындағы қоғамдық көлік, ішкі туризмді дамыту және басқа да тақырыптарға қатысты сауалдар қойылды. Кездесуде айтылған ұсыныс-тілектердің негізінде арнайы іс-қимыл жоспары әзірленіп, БАҚ беттерінде жарияланатын болады.

Облыс әкімі Текеліге сапары барысында азаматтар үшін жеке қабылдау өткізді. Кездесудің бейненұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

05.05.2026
Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

05.05.2026
Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

05.05.2026
«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

05.05.2026
Шәкірт шамшырағы

Шәкірт шамшырағы

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.