Талдықорған: +13°C
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ықыласты елдің ұтары мол

Бүгін, 11:46
КҮНДЕРЕК
Ықыласты елдің ұтары мол
WhatsAppTelegramFacebook

Баспасөзге жазылу науқаны аясында Алакөл ауданына жасаған сапарымыз тек газет таралымын арттырумен шектелген жоқ. Ауыл әкімдерімен кездесіп, сала мамандарымен пікірлестік, кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігімен таныстық. Ел ішіндегі еңбек адамдарының жетістіктерін көзбен көріп, ұсыныстары мен шешімін күткен мәселелеріне құлақ түрдік. Өйткені баспасөздің беделі халықпен тығыз байланыста, тұрғындардың тыныс-тіршілігін шынайы көрсету барысында қалыптасады. 

Кәсіпкерлік көкжиегі:
жетістіктер мен ұсыныстар

Сапар аясында Алакөл аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ғалия Әбутәліпованың бастамасымен Үшарал қаласындағы бірқатар кәсіпкерлерді аралап, олардың жұмысымен таныстық.

Ғалия Әбутәліпова 2020 жылдан бері басқарып келе жатқан іскер әйелдер кеңесінің құрамында белсенді кәсіпкерлер бар. Олардың арасында мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несие арқылы кәсібін дамытқандар аз емес.

Алдымен қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу дәстүрін сақтап отырған Гүлнұр Шайғараның еңбегімен таныстық. Бүгінде жұбайы Тұрар Тұрсын екеуі Үшарал қаласында тұрады. Шағын ғана ауласында ірі қара мен жылқыдан тұратын 30-дан астам мал бағып, саумал мен қымыз дайындап, нәпақасын тауып отыр. Алайда мал өсіруге қажетті жердің жоғы және шаруашылықты дамытуға мемлекеттік қолдау ала алмауы кәсіптерін кеңейтуге кедергі келтіруде.

Үшаралдағы «Кристалл» кафесінде еңбек ететін Райхан Мәдібаева аспаздықты кәсіпке айналдырған. Ол той мәзірін әзірлеумен қатар балық өнімдерін дайындауға маманданған. Сазан, көксерке және басқа да балық түрінен түрлі тағам, қақталған балық, жартылай дайын өнімдер шығарады. «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалисі атанған кәсіпкер 5 миллион теңге гранттан үмітті. Оның пікірінше, туристік өңірде жергілікті балық өнімін өңдеу мен өндіруге қолдау көрсетілсе, кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндігі ашылар еді.

Ұлттық қолөнерді кәсіпке айналдырған Әсем Толғанбай қыз жасауын әзірлеумен айналысады. Отбасылық тігін цехында құрақ көрпе, камзол, төсек жабдықтары және ұлттық нақыштағы басқа да бұйымдар тігіледі. Кәсіпті дамытуға алған 5 миллион теңге грантпен Әсел заманауи тігін жабдықтарын сатып алған. Алайда жалдап отырған ғимараттың тарлығы мен ақысының қымбаттығы өндірісті кеңейтуге кедергі. Кәсіпкер қыз шағын өндіріс орнына қолайлы ғимарат мәселесін шешуге ықпал етуімізді өтінді.

Ет өнімдерін өндіруді қолға алған Динара Әділбаева да мемлекеттік қолдаудың нәтижесін көрген кәсіпкерлердің бірі. Алғашында кәсібін 500 мың теңгеден бастап, кейін 5 миллион теңге қайтарымсыз грант және 28 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Қазір қазы, шұжық, ысталған ет және түрлі жартылай дайын тағамдар шығарып, он шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде кәсіпкер «Дикош» атауымен өзіндік ет өнімдері брендін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келеді. Алдағы мақсаты өндіріс көлемін ұлғайтып, өнім түрлерін көбейту, жергілікті өнімді кеңінен таныту және қосымша жұмыс орындарын ашу.

Ұлттық өнерді кәсіпке айналдырған тағы бір шебер Ертай Байжалғас домбырамен қатар қобыз, дауылпаз және басқа да қазақы бұйымдар жасайды. Сондай-ақ өнеріміздегі «ортеке» дәстүрін жаңғыртып, оны кәдесый ретінде дамытуға күш салып жүр. Шебердің пікірінше, ұлттық бұйымдарды туристерге кеңінен таныстыруға мүмкіндік мол. Алайда сырттан әкелетін арзан музыкалық аспаптар жергілікті қолөнершілерге бәсекелестік туғызуда. Сондықтан отандық шеберлердің еңбегін насихаттап, өнімдерін өткізуге қолдау көрсету маңызды.

Тағам өндірісін табысты кәсіпке айналдырған Ғайни Жанболсынова бүгінде 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Оның өндіріс орнында бауырсақ, кондитерлік тағамдар және мұздатылған жартылай дайын өнімдер әзірленеді. Кәсіпкер алдағы уақытта өндірісін кеңейтіп, жеке бренд қалыптастыруды, өнімдерін сертификаттауды және жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді. Бұл бағытта мемлекеттік қолдауға үміт артады.

Аудан кәсіпкерлігінің тағы бір табысты үлгісі Лепсідегі бал өндірісінен көрінеді. Кәсіпорын технологы Зарина Абузярова-ның айтуынша, мұнда балдың сапасы арнайы зертханада тексеріліп, халықаралық Organic сертификатының талаптары сақталады. Лепсі балы 2016 жылы халықаралық «Апиславия» конгресінде алтын медаль иеленген. Бүгінде кәсіпорын бал өнімдерімен қатар табиғи косметика шығарып, шамамен 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жергілікті шикізатты пайдалану, өнім сапасын халықаралық талаптарға сәйкестендіру және ұлттық брендті дамыту кәсіпорын жұмысының басты бағыты саналады.

Кездесу барысында Ғалия Әбутәліпова кәсіпкер әйелдерге арналған орталық ашу қажеттігін де көтерді.

– Алакөл – туристік әлеуеті жоғары аудан. Кәсіпкер әйелдерге арналған орталық ашылып, олардың өнімдерін туристерге тұрақты ұсынуға жағдай жасалса, жергілікті кәсіптің дамуына мүмкіндік туар еді. Сонымен бірге, кәсіпкерлердің жетістіктері мен ұсыныстарын баспасөз арқылы кеңінен таныстыру қажет. Ол үшін ақпарат құралдарымен тұрақты байланыс орнатуға дайынбыз, – дейді Ғалия Әбутәліпова.

Әр кәсіпкердің жетістігі мен ұсынысын шағын мақалаға толық сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан алдағы уақытта олардың әрқайсысына жеке тоқталатын боламыз. Бұл баспасөздің жергілікті кәсіпкерлікке көрсеткен нақты қолдауы. Ал қолдау біржақты болмауы тиіс. Әр кәсіпкердің айналасында еңбек ұжымы, отбасы, тұтынушылары бар. Олар газетіміздің бүгінгі және болашақ оқырмандары.

Баспасөз бен ауыл
арасында байланыс керек

Парасат Қожабеков 2024 жылы Жанама ауылдық округі әкімінің сайлауына қатысып, тұрғындардың қолдауымен әкім болып сайланған. Ауылдық округінің құрамына Жанама, Қарабала және Ескі Жанама ауылдары кіреді. Округте 1907-ге жуық тұрғын, 400-ге тарта үй бар. Мұнда 2 мектеп пен 2 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. Білім беру саласында сексенге жуық мұғалім, медицинада алты қызметкер еңбек етеді.

Ауыл экономикасының негізі – егін және мал шаруашылығы. Округте 113 шаруа қожалығы бар. Соңғы жылдары мал санының өсуімен қатар жайылым, шабындық және жемшөп мәселесі де өзекті бола бастаған.

Ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына «Ауыл аманаты» бағдарламасы да мүмкіндік берген. Бірнеше тұрғын осы жоба арқылы өз кәсібін қолға алыпты. Алдағы міндеттердің бірі – кооперативтер құрып, жергілікті өнімді өндіру мен өткізудің тиімді жолдарын қалыптастыру. Ауыл әкімінің айтуынша, ауылға инвестиция құю да маңызды бағытқа айналып, жол бойынан қызмет көрсету орталығын салу бастамасы қарастырылып жатқан көрінеді.

Парасат Қожабековтің пікірінше, облыстық және аудандық газеттер ауыл тұрғындарына, әсіресе шаруаларға мемлекеттік бағдарламалар, субсидиялар, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтар туралы пайдалы ақпарат бере алады. Сонымен бірге, ауылдағы еңбек адамдарын көпшілікке таныту маңызды.

Жанама ауылдық округі әкімінің бұл пікірі Алакөлдегі өзге ауылдық округ әкімдеріне де ортақ түсінік деп санаймыз. Өйткені ауылдағы жақсы істі елге танытып, өзекті мәселені қоғамға жеткізуде баспасөз бен жергілікті биліктің өзара ықпалдастығы маңызды.

Пошта қызметі
болдырып тұр

Лепсі өлкетану музейінің қызметкері Муқарам Хайбуллиннің айтуынша, кей жағдайда басылымдар оқырманның қолына уақытында тимей, бірнеше нөмірі жиналып, айына бір рет қана жеткізіледі.

– Газетке жазылған адамдар оның әр нөмірін уақытында алғысы келеді. Бізде кейде бірнеше газет жиналып, бір-ақ келеді. Ол кезде ондағы жаңалықтар мен хабарландырулардың біразы ескіріп қалады. Газеттің құндылығы ақпараттың оқырманға дер кезінде жетуінде, – дейді ол.

Муқарам Хайбуллин, әсіресе ауыл тұрғындарының арасында газетті тұрақты оқитын адамдар әлі де көп екенін айтады. Оның пікірінше, интернет қаншалықты дамыса да мерзімді баспасөздің өзіндік орны бар.

– Үлкен кісілердің көбі газетті қолына алып оқығанды қалайды. Оның үстіне газет бүгінгі күннің ғана ақпараты емес, кейін тарихи дерек болып қалады. Біз музей жұмысында ескі газеттерден көптеген мәлімет табамыз. Сондықтан басылымның уақытында жеткізілуі маңызды, – дейді Муқарам Хайбуллин.

Ол бұл мәселені белгілі бір мекемені сынау ретінде емес, ауылдық жерлердегі пошта және мерзімді баспасөз тарату қызметін жетілдіру қажеттілігі ретінде қарастырған жөн деп санайды. Біз оның өтінішін басылым басшыларына жеткізіп, мәселенің шешілуіне ықпал ететін болып келістік.

Орман – елдің тірегі

Үйгентас орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Ерікжан Жүкенұлының айтуынша, мекеме облыстық газетпен бұрыннан байланыс орнатып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы тұрақты түрде материал ұсынып келеді. Жылына шамамен 15-20 мақала жарияланып, онда орманды қорғау, көшет өсіру, ағаш отырғызу, зиянкестермен күрес, экологиялық тәрбие және табиғатты сақтау бағытындағы жұмыстар қамтылады.

Оның пікірінше, қазіргі кезде ақпарат тарату тәсілі өзгерген. Көпшілік жаңалықты әлеуметтік желілер мен ауылдық чаттардан алғанымен газет өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Әсіресе орман шаруашылығы секілді көп жағдайда көпшілік назарынан тыс қалатын саланың жұмысын жүйелі әрі нақты көрсету үшін баспасөзге жазылу қажет.

Мекеме басшысы орманшылардың күнделікті еңбегін қоғамға танытудың маңызын да атап өтті. Орманды қорғау, қалпына келтіру, көшет өсіру, ағаш отырғызу, зиянкестерге қарсы күрес сияқты жұмыстар үздіксіз жүргізілгенімен оның бәрі бірдей халыққа жете бермейді. Сондықтан ақпарат құралдары осы еңбекті көпшілікке жеткізетін маңызды байланыстырушы құрал болуы тиіс.

Ерікжан Жүкенұлы мектеп оқушыларымен жүргізілетін экологиялық жұмыстарды да жұртшылыққа кеңірек таныстырған жөн деп есептейді. Қазір бес мектепте мектеп орманшылықтары жұмыс істейді. Оқушылар табиғатты танып-білуге, жер-су атауларын зерттеуге, ағаш тұқымдарын жинауға, көшет өсіруге және қоршаған ортаны қорғау шараларына қатысады.

Сапар барысында кездескен ауыл әкімдері, сала мамандары мен кәсіпкерлердің баспасөзге деген ықыласы жоғары екенін аңғардық. Олар газетпен тұрақты байланыс орнатып, қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. Біз де өз тарапымыздан олардың еңбегін насихаттап, ұсыныстары мен өзекті мәселелерін көпшілікке жеткізуге ниетті екенімізді айттық. Қысқасы, елдің баспасөзге деген ықыласы жақсы, сенімі де бар. Ендігі міндет сенімді нығайтып, өзара қолдауды нақты іске айналдыру.

 

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Шығыс пен Батыс: шекарасыз бизнес

Шығыс пен Батыс: шекарасыз бизнес

Бүгін, 10:45
Халықтық Конституция – жаңа басқарушылық мәдениет

Ұлттың ертеңгі қадамын айқындайды

Бүгін, 10:30
Түркістандағы екінші жеңіс

Түркістандағы екінші жеңіс

Бүгін, 08:46
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технология мен жасанды интеллектіні қолдануға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технология мен жасанды интеллектіні қолдануға шақырды

16 қазан 2026
Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндік

Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндік

16 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.