Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ Жаркент қаласындағы резиденциясын балаларды оңалту орталығы жасауды ұсынды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Панфилов ауданында тұрғындармен кездесу өткізген Қанат Бозымбаев: «Сөз реті келгенде айта кетейін, осы Жаркент қаласында облыс әкімінің резиденциясы тұр. Жерінің көлемі — 1 гектар. Ауданда қонатын жап-жақсы қонақүйлер бар. Тамақты дәмді дайындайтын дәмханалар да көп. Сондықтан, резиденцияны балаларды оңалту орталығына өткізіп беремін. Бұл баласының келешегі үшін мың толғанып, әр күнін күреспен өткізіп келе жатқан ата-аналар үшін аса қажетті орын болар еді», – деді.
Жалпы Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы 2013 жылы салынған. Бір қабатты ғимараттың көлемі — 910 шаршы метр.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





