Талдықорған: +16°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ: «ЖЫЛЫ КАБИНЕТТЕ ОТЫРЫП, ЖАҚСЫ КӨЛІК МІНУМЕН ІС БІТПЕЙДІ»

03.03.2022
ӘЛЕУМЕТ
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ: "ЖЫЛЫ КАБИНЕТТЕ ОТЫРЫП, ЖАҚСЫ КӨЛІК МІНУМЕН ІС БІТПЕЙДІ"
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының бірқатар ауданында дақыл тұқымын жақсартуға мән берілмейді. Көктемгі дала жұмыстары басталатын уақыт жақындағанымен минералды тыңайтқыштарға тиісті өтінім берілмеген. Жанар-жағармай қорын жинақтау жұмысы нашар. Осы және басқа да кемшіліктер облыс әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1297 гектарға көбейіп, жалпы 974 мың гектарға тұқым себіледі, оның ішінде дәнді дақылдар – 484 мың және майлы дақылдар – 132 мың гектар. Қажетті 202 мың тонна тұқым толығымен даярланды. Дегенмен, аудандарда тұқымдардың сортын жаңартуға аса мән берілмей келеді, Ақсу, Балқаш, Жамбыл аудандары мен Талдықорған қаласындағы тұқым шаруашылықтарынан жоғары репродукциялы тұқым алынбаған. Жалпы, облыстағы құйылған барлық тұқымның 10 мың тоннасы ғана аттестталған субъектілердің өнімі.

– Жалпы, облыс және Алматы қаласы тұрғындарының қажеттілігін қамтуға маусым аралығына 280 мың тонна картоп керек, ал облыстағы 53 қойманың сыйымдылығы 52,4 мың тонна немесе қажеттіліктің 37% ғана жабады. Алматы агломерациясын дамытуға тиісті Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары мен Қапшағай қаласында бір қоймадан ғана бар, яғни заманауи қоймаларды салуға инвесторлар тартуды жандандыруымыз қажет, – деді Ә.Жақанбаев.

Бүгінге дейін минералды тыңайтқыш сатып алуға Райымбек, Балқаш аудандары өтінім бермеген, ал Жамбыл, Көксу, Ұйғыр, Ескелді, Ақсу аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары жоспарланған көлемнің 6% дейін ғана алған.

Шаруашылықтарда жанар-жағармайдың қажетті қорын қалыптастыру нашар жүргізілуде. Облыстық бюджеттен 12,5 млрд.теңге жұмсалып, 1331 дана техникамен қамтылған 56 сервистік-дайындау орталығының (СДО) бүгінде тек бесеуі ғана тиімді жұмыс жасайды. Ал 12 СДО өз міндеттемелерін орындамағандықтан олармен арадағы келісімшарт бұзылған. 13 СДО-ның лизингтік төлемінде 373 млн. теңге қарыз бар. Осы мәселелерге терең талдау жасаған Ә.Жақанбаев: «Аталмыш орталықтарды құрудағы негізгі мақсат – шағын фермерлерге тікелей қызмет көрсету болатын, алайда көбінің толыққанды жұмыс жасамауы ұсақ шаруалар арасында наразылық тудыруда. Сервистік дайындау орталықтары аудан, қала әкімдерінің өтінішімен құрылғандығын ескеріп, олардың жұмысын оңалтуда нақты шаралар қабылдаулары қажет», – деді. Сол сияқты ол су үнемдеу технологиясын қолдану, су каналдарын қалпына келтіру, мал азығы дақылдарының егістігін ұлғайту, ауыл тұрғындарының жайылымдық алқаптарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету және тағы басқа да мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.

«Қазсушар» РМК Алматы филиалының директоры С.Құдайбергеновтің сөзіне сүйенсек, өткен жылы жалпы көлемі 134,4 мың гектарға ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен 7 866 келісімшарт жасалып, 133,1 мың гектарға 1 065 470 м3 көлемде су жеткізілген. Биылғы жылы да осы шамада су беру жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев Ақсу, Кербұлақ, Ұйғыр аудандарының әкімдерінен кемшіліктерді қалай түзететінін сұрады. Мәселен, Ақсу ауданында төл алу деңгейі облыстың орташа көрсеткішінен төмен. Минералды тыңайтқышқа өтінім беруде сылбырлық танытып отыр. Қант қызылшасының белгіленген көлемін тиісті деңгейде орындай алмаған. Аудан әкімінің жұмысын сынға алған облыс басшысы:

– Ақсу ауданында халық негізінен ауылшаруашылығымен күн көріп отыр. Ендеше ауылшаруашылығының мәселелерін қалай назардан тыс қалдыруға болады? Сонда сіз немен айналысып, не істеп жүрсіз? Жылы кабинетте отырып, жақсы көлік мінумен іс бітпейді. Әлібек Әскербекұлы, Ақсу ауданына арнайы барып, жағдайды тексеріп көріп қайтыңыз, – деп тапсырды өз орынбасарына Қанат Бозымбаев. Сонымен бірге, Кербұлақ ауданындағы мал азығы мен минералды тыңайтқыш дайындаудың төмендігі, Ұйғыр ауданында кейбір дақылдар көлемінің азайтылғаны, оның себебі мен салдарлары сөз болды.

– Бүгінгі жиында аграрлық саланың көптеген өзекті мәселелері айтылды. Бұл проблемалар облыстың ауылшаруашылығында бірыңғай саясаттың жоқ екенін көрсетіп отыр. Бір аудан бір дақылды азайтса, екіншісі оны көбейтеді, қалыптасқан бір реттік жүйе жоқ. Сондықтан бұл жұмыста жіберілген олқылықтарды ескере келе ауылшаруашылығы саласын дамыту жоспарын өзектендіру керек, – дей келе, облыс әкімі Қанат Бозымбаев көктемгі егіс науқанын мерзімінде әрі сапалы өткізуге байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Алматы облысының ауылшаруашылығы саласын дамытуға 47 млрд.теңге бөлінген. Оның ішінде мал шаруашылығына  21 млрд.теңге, өсімдік шаруашылығына 6,7 млрд., инвестициялық субсидиялауға 12 млрд., су шаруашылығына 2,5 млрд. және қайта өндеуге 2 млрд.теңге, ауыл халқын несиелендіруге 3,6  млрд.теңге қарастырылған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.