Мені көптен ойландырған мәселе жаңалық ашуға түрткі болды. Ол биология, анатомия, физика және астрономия салаларын қамтиды. Бұл орайда өзіме «Күн ысыған кезде неге адамдардың қан қысымы көтеріледі? Жауын-шашын не боранды күндері электромагниттік приборлар неге істен шығып қалады?» деген сұрақтар қойдым. Сіздер бұл екі сұрақтың бір-біріне қандай катысы бар дейтін шығарсыздар? Мен олардың тура мағынада қатысы бар деймін.
Егер «табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адам табиғатсыз өмір сүре алмайды» деген тұжырымды еске түсірсек, жер шары ол үлкен магнит. Ал жер бетіндегі тірі ағзалар солардың катарында. Адамдар да сол жердің бетімен үздіксіз тарап тұратын электромагниттік толқындарға тәуелді. Себебі жердің тартылыс күші мен элек- тромагниттік толқындар болмаса, біз адамдар ғарыштағыдай ауада қалықтап жүрер едік. Мен адамның басы мен шашын электромагниттік толқындарды қабылдағыш дер едім, оның құлағын айтпағанда. Мысалы: бастағы шашты кез келген қысқа толқынды радионың антеннасы деп алайық. Қазіргі дамыған заманда жер бетіндегі элек- тромагнит толқындары арқылы иитернет желісі дамыған. Егер жерде электромагнит толқындары болмаса интернет болмас еді. Сол бұрынғы газет-журнал ғана ақпарат көзі болып табылар еді.
Енді мына бір ерекшелік бар күн жүйесі сияқты. Егер күн басқа планеталарға әсер етіп өз орбитасында ұстаса, тура сол сияқты бір білімді жас ғалым делік, жаңағы мен айтқан қысқатолқынды радиоантеннасы арқылы басқа ғалым, не жай адамның басындағы білімді, ойын, есептеу жүйесін электромагнит толқындары деңгейінде ақпарат ала алады. Бастапқы ғалым, екінші немесе үшінші т.б. жай адамдардың, жанында 1 метрден 10 метр арақашықтықта басқа адаммен сөйлеспей-ақ оның басындағы, анығырақ айтсақ, миындағы ақпаратты оқи алады және ол электромагниттік деңгейде болмақ.
Егер адам денесі электр тоғын өткізгіш болса, оның айналасында міндетті түрде электромагниттік толқындар болады.
Менің айтқым келіп отырғаны, биомагниттік толқын және оның ақпаратты тірі ағзаларға тасымалдауы туралы. Бұл ретте адам бірінші орында деуге болады.
Біз ашқалы отырған жаналық «Биомагниттік толқындар мен биомагниттік толқындар деңгейінде ақпарат алмасу» деп аталады. Күн жүйесінде планеталарды магнит күшімен орбитасында ұстаса, жер де жер бетіндегі тірі ағзаларды биомагнит толқындарымен ұстап тұрады. Бірақ, ол білінер-білінбес. Біз оны тек күн қатты ысыған кезде ғана адам ағзасына әсер етіп, адамдардың қан қысымының көтерілгенін байқаймыз.
Егер адамды тоқ соқса, ол оның бойымен өтеді. Яғни, адам мыс не сым темір сияқты өткізгіш болып табылады. Ал, біз білетін кез келген ток өткізетін заттың айналасында магнит толқыны болады. Бұл толқын адамда да бар, ол биомагниттік толқын деп аталады. Де Бройль 1924 жылы толқындық бөлшекті дуализм фотонмен қатар басқа да микробөлшектерге тән деген гипотеза айтты. Де Бройль гипотезасы бойынша кез келген козғалыстағы бөлшек электронды толқындық қасиетке ие. Ал, биомагниттік толқындар деңгейінде ақпарат алмасуға келетін болсақ, бор постулаттары еске түседі. Бірінші постулатта атомды электрондар қозғалатын стационар орбиталар бар. Стационар орбитадағы электрондар сәуле шығармайды. Осы бірінші постулаттардағыдай адам бойында биомагниттік толқындар бар, бірақ ақпарат алмаспайды.
Екінші постулаты: электрон энергиясы Еn стационар орбитадан энергиясы Еm стационар орбитаға ауысқанда энергия кванты жұтылады не шығарылады. Ол энергия мына түрде анықталады: һv = Еn – Еm.
Адамның басындағы шаш та антенна сияқты ақпарат қабылдайды. Ми шаш арқылы 1 метрден 10 метрге дейінгі қалаған адамның биомагнит толқындары деңгейінде мидағы ақпаратты оқи алады. Бір сөзбен айтқанда ақпарат алмаса алады. Мен болашақта білімді адамдар бір-бірімен ұялы телефонсыз сөйлесетін болса, таң қалмас едім. Уақыт соған әкеле жатыр.
Әнуар Рахметоллаев,
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің радиоэлектроника және
байланыс мамандығының 2-курс студенті





