Талдықорған: +28°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАМБЫЛ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАҒАН

23.02.2022
РУХАНИЯТ
ЖАМБЫЛ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Қаламгер деген қызық қауым. Өмірге көзқарасы жан дүние әлемі өзгеше. Біреулер аузын толтырып дүние-мүлкін, байлығын айтып жатады. Ал бұлар жазған, сызғанына мәз. Оқырман: «Сіздің шығармаңызды оқыдым», не «Өлеңіңіз тамаша» десе олар үшін одан артық мадақ, мәртебе жоқ. Шынында ақын, жазушы осындай аңғал халық! 

 

Шығармашылық адамдарының әлқиссасы осындай жай әңгіме төңірегінде өрбиді. Телефонмен хабарласқан қаламгер інім: «Әпке, Жамбыл бабаңыздың Тараздағы ескерткіші төңірегіндегі әңгімеге алғашқылардың бірі болып, шыр-пыры шыққан Әлібек Әмзеұлының жақында екі кітабы шықты. Тараздықтар жылы қабылдады. Сізге сол кітаптарды жіберейін», – деді. Одан кейін автор жайлы адамды бейжай қалдырмайтын мағлұматтарды ортаға салды. Көп кешікпей «аманаты» қолыма тиді. 
Жасы келген, еліне сыйлы азаматтың қос кітабы да көлемді.  «Менің сырым мен шыным» кітабын, Әлібек Әмзеұлының қаламынан туған «Қара кемпір», «Кейуана», «Қор болған Қодар-ай» және қырғыз тілінен аударған «О, қыздар-ай» драмалық шығармалары мен осы қойылымдар жайлы жазылған рецензияларды оқып, өнер адамының еңбегіне тәнті болдым (кітап 27,8 баспа табақ). 
Әлібек драматургияда қалам тербеумен қатар өзі де сахнада өнер көрсеткен белгілі актер. Бұл жайлы Жолдасбек Дуанабайдың:    «Актер болу – қызығы мен қиындығы мол, үздіксіз іздену мен терең білімділікті талап ететін жауапкершілігі көп, өрісі кең өнерді таңдап алу деген сөз. Актер бойынан табиғи талант пен талап қатар табылуы тиіс. Өзіне бекітілген рольді сахнаға сәтті шығарып, көрермен ілтипатына бөлену актердің жан-жақты қыры мен сырын айқындайды. Облыстық Абай атындағы қазақ драма театрындағы осындай танымал актерлердің бірі – театрда ұзақ жылдардан бері еселі де жемісті еңбек етіп келе жатқан актер – Әлібек Әмзеев», – деген тұжырымы көп жайттан хабар береді. 
Тағы бір жақсы пікірді Ақын Қайырбек Асанов «Жанашыр» деген жырында:
…Оңай емес, 
Өнерді өрге сүйрету,
Өнерпазға 
Көмектесу, үйрету. 
Өңкей нәзік, ұшқыр ойлы жандарға
Өз басыңды қадірлі ету, сыйлы ету. 

Босқа кетпес
Төккен терің ел үшін. 
Тапқан кезде 
Ой мен өнер келісім. 
Абыройың асқақтасын, Әлеке,
Көп болсыншы өмірдегі Жеңісің
! – деп келтіреді. 
Иә, енді әуелде мені елең еткізген, өткен жылы туғанына 175 жыл мерейі аталған жыр алыбы Жамбыл бабаның еңселі ескерткіші төңірегіндегі мәселеге келейін. Бұл жайлы өткен жылдары республика көлемінде қоғамдық пікір өрістеген болатын. Оның басы-қасында Әлібек жүрді. Осы орайда ақын Тұманбай Молдағалиевтің «Алматыдағы Жамбыл ескерткішінің алдындағы ой» деген өлеңінде:
– Ақын елге жасаған соң әкелік,
Ешқашанда көрген емес аты өліп.
Шын жүйрікті қию тұрмақ өлімге,
Іренжіту, көңілін жырту қателік.
Білгендерге: ол – пайғамбар, ол – Құдай,
Көңілі – көктем, көңілі – базар, көңілі бай.
Ақынына тіл тигізген оңбайды
Анасына тіл тигізген сорлыдай
, – деп тебіренгені еріксіз есіме түсті. 
Бұл жолдарды жай келтірмедім. Өйткені 1963 жылы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші сол кездегі ақын атындағы, қазіргі Тараз қаласында орнатылған еді. Соншама жыл халықтың көзайымына айналған ақынның тұғырлы ескерткіші аяқ астынан билікке ұнамай қалыпты…  Автор бұл жөнінде: «Құрастырып айтса құлдікі жөн, біріктіріп айтса бидікі жөн» дегенді де айтқан халық. Ал сараптай алмаған жерде аласапыран сапырылыс басталған. Арты жақсылыққа апармаған. 
Өзгелер тарапынан ешқандай қарсылық, кедергінің болмайтынына іштей сенімді болған облыс әкімі Асқар Мырзахметов қиялына ерік беріп, құлашын кеңге сермеді. (Бұл жерде әкімнің орынды әрі игі істеріне таласымыз жоқ). Оның көзі бұрынғы Көкбазар маңына, 1963 жылдан бері Жамбыл атындағы алаң болып келген жерге түскен. Өйткені мұнда мың адамдық Салтанат сарайы салынып, басқа да нысандармен толықпақ. Хош делік… Тектұрмас тарихи кешені салынып, онда Қазақстанда жоқ алып ескерткіш бой көтеріп жатты. Одан кейін сол жерден көне Таразға келетін аспалы жол салынады екен. Ол үшін Жамбыл атындағы алаңды пайдалану керек болыпты. Ал ол жерде көздеріне шыққан сүйелдей Жамбыл ескерткіші тұр. 
Дәл осы жерде жандайшаптар үлкен қажыр-қайрат таныта бастады. Олар «Не дейсің, Жамбыл Жабаевтың ескерткіші орнатылғалы бері ешқандай күтім көрмепті. Сондықтан шіріп, жарамсыз халге жетіпті. Сыртын қайта-қайта бояй бергеннен алғашқы келбетінен айырылып қалыпты» дегендей жел сөзді өрбітіп жатты… 
Сол екі арада «Жамбыл ескерткішін жамап-жасқап, яғни реставрация жасап облыс әкімдігінің алдына әкеліп қойғалы жатыр екен» деген әңгіме шықты. Көп ұзамай облыс әкімдігінің алдына ескерткіш тұғыры орнатыла бастағанда елдің күмәні қалмады. Ақыры 2018 жылдың 18-қазанында жаңа қонысқа көшкен Жамбыл ескерткішінің шымылдығы салтанатты түрде ашылады. Бұл жиында сөз сөйлеген ардагер Жандар Кәрібайұлы екеуміз едік. Шымылдықты түсіргенде байқамаппыз, кейін анықтап қарасақ, тұғырда Жамбыл ескерткішінің Хәкімжан Наурызбаевтың қолынан шыққан, шойыннан құйылған, ұлттық нақыш бояуы қалың, болмысы түгел бұрынғы нұсқасы емес, мыс қаңылтырдан жасалынған жеңіл-желпілеу, бұрынғы ескерткіштің нашар көшірмесі тұр! Сол жерде облыстық ішкі саясат басқармасының сол кездегі басшысынан мына ескерткіштің авторы кім екенін сұрадым. «Кейін білесіз, кейін айтамын» деген сырғытпа жауаппен ол кетті. Түсініксіз жағдайға тап болдық. Қараған сайын көңіліміз ортая берді. Неге?! Бұл тұрған Жамбыл ескерткішін жаңадан туған өнер туындысы деп айта алмайсың. Орысшалап айтқанда плагиатство. Басшылық дәл осындай оспадарлыққа неге барды? Ешқандай қажеттілік жоқ сияқты. Әлде мұқтаждық па? Түсініксіз», – деп ой түйеді автор.  
«Хәкімжан Наурызбаев жасаған бұрынғы Жамбыл ескерткіші мен кейінгі көшірме арасындағы алшақтықты, тіпті жабайылықты көрген көпшілік қауымның наразылығы күн өткен сайын күшейе берді. Қазақ мүсін өнерінің атасы атанған Хәкімжан Наурызбаев атамыз өткен ғасырдың 60-шы жылдары жасаған Жамбыл Жабаевтың бұл ескерткіші кезінде Кеңестер одағындағы ең таңдаулы 100 ескерткіштің бірі деп бағаланған. Ескерткіш 1963 жылы Ленинград қаласындағы сол кездегі одаққа әйгілі мүсін өнері зауытында қола араластырылған шойыннан құйылған. Сапасы берік, ғасырдан ғасырға баратын осындай өнер туындысының тағдырын тәлкек етіп отырса қалайша күйінбейсің?! «Қол басқарсаң жолың киелі болсын, ел басқарсаң сөзің жүйелі болсын!» деген екен бабаларымыз», – деп күйінеді Әлібек.
Облыс әкімінің 2019 жылдың ақпан айында өткен облыстық кеңес алдындағы есеп беру жиынында бұл мәселені Әлібектің көтеруіне тура келеді. Өкініштісі сол, жанындағы жауырды жаба тоқығыш жандайшаптарының қолдауына ие болған облыс әкімі  оның сөзін ауыр қабылдайды. Тіптен біреулер «Наурызбаев қазір Жамбыл ескерткішін қайта жасаса, сол қалпында жасай алмас еді, өзгешелеу болар еді» деп қалады. 
Атақты мүсінші Хәкімжан Наурызбаев Жамбылдың бес ескерткішін жасаған. Және өз жұмысының көшірмесін жасамасы тағы аян…  Ескерткіш жанындағы әңгіме, билік пен ақиық ақынды құрметтеген халық арасындағы келіспеушілік осылай басталады. 
Халықтың талабын Әлібек облыс әкіміне бейнежолдау арқылы жібереді. Жамбыл ескерткішіне қатысты шалағайлық туралы айтып, қателікті түзетуді өтінеді. Бұл ұсыныс, шешімін таппаған мәселе шиеленісе берген.     Арада уақыт өткенде Жеңіс саябағында біраз адаммен осы тақырып талқылауға салынады. Онда жақын аудандардан шақырылғандар да бар.
Көшпелі жиынның мәні мен мақсатын түсіндіріп беруін сұрайды. Жиынның мақсаты – Жамбыл Жабаев ескерткіші турасындағы әртүрлі пікірлерге жол бермей, нүкте қою екені бірден аңғарылыпты. 
Жиын барысында бұрынғы Жамбыл ескерткішін Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылына орнатып, ондағы Жамбыл ескерткішін Шайқорық ауылына апарса деген ұсынысты бір ардагер айтыпты. Оған жауапты Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев береді. «Осыдан біраз жыл бұрын аудан орталығына орнатылған, өзіміздің көзіміз үйреніп қалған, көңіліміз толатын өз ескерткішіміз бар. Ардагерлеріміздің пікірі – өз ескерткішіміз бізді қанағаттандырады», – деп ойын кесіп жеткізеді. 
Ұлы ақынның «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым» деп жырлауы тегін емес. Қанша ғасыр өтсе де жыр дүлділі жайлы жұрттың оң пікірінің арнасынан асып, төгіліп жатуын осы сөздерден іздеген жөн. 
Сонау 1937 жылы Мағжан Жұмабаев Жамбыл ақынға екі шумақ өлеңін жолдаған екен. Өкініштісі, өлеңнің қарт Жамбылға жетпегені. 
Жан аға!
Шықтым өлімнен, 
Халімді менің көрсейші.
Жаның нұрға көмілген,
Нұрыңнан ұшқын берсейші!
–  деген екен жарықтық. Қамқорлыққа зәру Мағжан Жамбылдан сауға сұраған. Енді қараңыз,  сол ұлы ақынның Тараздағы мүсінінің қамқорлыққа мұқтаж болғаны-ай деп күйінген едім өзім де дау-дамай жайлы оқығанда.
Әлібек бабасының алдындағы борышын өтеуді тоқтатпаған. Әділдік іздеп сотқа да жүгінді. Жамбыл облысының әкімі мен оның айналасындағы топтың заңсыз әрекеттерін дәлелдеп бақты. Тіпті нақты дәлелдер келтірген. Біріншіден, Жамбыл Жабаевтың мүсінші Хакімжан Наурызбаев жасаған Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы алаңда тұрған ескерткішінің республикалық мәртебесі бар еді. Ендеше ол ескерткіштің орнын ауыстыру немесе орнынан алу үшін Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің арнайы шешімі керек. Мұндай шешімді қажет деп таппағандар бір   түнде Жамбыл ескерткішін тұғырынан алып, «Жасыл Тараз» деп аталатын мекеменің ауласына апарып тастаған.  Тағы бір уәж – Жамбыл ескерткішінің көшірмесін жасау үшін мұрагерінің рұқсат-келісімі керек. Ол келісімді Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссия келісімімен тағы да Министрлер кабинеті беруі керек еді. Өйткені Жамбыл ескерткішінің мұрагері – мемлекет. 
…Ауыр істен емес, ауыр сөзден қорқатын халық едік. Сан ғасыр даналығын сүйегіне сіңіріп, ұрпақтарына мұралап отырған, досының асыл қасиетін қадірлеп, дұшпанның да артықшылығын бағалай білген құдіретті елміз. Сондықтан да болар, бабаларымыз «Ей, Алла! Қарнымды ашырсаң да қадірімізді қашырма!» деп Жаратқанға жалбарынып ғұмыр кешкен. Соншалық даналықты тұла бойына жинаған халқымыздың арасында «Көңілденсе – ұлым, ашуланса – құлым» деушілердің бары да рас…
Оқи отырып шындық үшін шырылдаған азаматтың жанайқайы өзіңді де бейжай қалдырмайды. Ол ақын ескерткішінің сәл ғана жөндейтін жерлерін қалпына келтіруге болатынын осылайша дәлелдейді. Сол кездегі даулы мәселелер жайлы «Ана тілі» газеті, тағы басқа басылымдар жан-жақты жазды. Өйткені жыр алыбы Жамбыл бабаның аруағы алдындағы борыш бар қазаққа, Алашқа сын. Әлібек Әмзеұлының тағы да өз сөзін келтірейін. «Енді жасыратын ештеңесі жоқ, Жамбыл ескерткішін Алматыға апарған соң бір мүсінші азаматқа өтініш жасап, екі күн сайын барып бақылап тұруын өтіндім. Ондағым, әлгі 80 пайыз жарамсыз дегендерін дәлелдеу үшін ескерткішке қиянат жасап жүре ме деген ойдан да ада емес едім. Бірақ Алматыда пәлендей күрделі реставрация жасалынған жоқ. Жамбыл ескерткішінің үстіндегі бұрынғы бояуының үстінен қайта бояды. Өздерінің ары-бері тасып, кранмен, троспен көтергендегі келтірген зияндарын жамап-жасқады». 
«Төрде отырып теріс сөйлегеннен без, есікте отырып керіс сөйлегеннен без» деген халықтың ұрпағы едік, қайтейік, заманына сай адамы осындай болса. Әйтпесе сол мамандығының нанын жеп жүрген тарихшы, археолог (аты-жөнін атамай-ақ қояйын – К. Б.) ұлы жырау Жамбыл ескерткішінің обалына қала жаздаған. 
Міне, ағайын, бір жылға жуық уақытқа созылған текетіресте кімнің-кім екені айқын болады. 2019 жылдың 27 қарашасы күні Жамбыл ескерткішінің сол кездегі жаңадан жасалған көшірмесі облыс әкімдігінің алдындағы тұғырынан тағы да бір  түнде алынды. Хакімжан Наурызбаев жасаған жүз жыл жыр төккен Жамбыл бабаның еңселі мүсіні сол жерге орнады. 
Жамбыл бабамның аруағы, рухы да биік-ау. Сол рух Әлібекке де жігер берген шығар. Болмаса суырылып шығып, денсаулығы сыр берсе де ақын ескерткішінің тұғырына қайта орнатылуына қаншама ұйқысыз, мазасыз күндер мен түндерді арнапты. Мұны ұлы күш – баба рухының тірілуі деген жөн шығар. Өкініштісі, Әмзе замандасым осы мақала жазылғанға дейін дүниеден озыпты. Жүрегі сыр берген екен.  
Осы Әлібектің бойындағы талантты тап басқан кім дейсіз ғой? Ол – 1999 жылы Жамбыл облысына әкім болып тағайындалған Серік Әбікенұлы Үмбетов екен. «Ізгілік қалдырған азамат» деген жазбасында қаламгер сол жылдарды еске алыпты. 
«1999 жыл. Ақпан айының екінші жартысы болуы керек,  облысымыздың бірінші басшысы ауысып, басшылыққа Алматыдан Серік Үмбетов келді. 
Ел іші біраз гуілдеді. Кейбіреулердің езуінің қышуы қанып, жаны кіріп жатты. «Қолынан не келеді дейсің?! Мұның алдындағы пәленшенің де қолынан түк келмеген. Оның алдындағы түгенше де түк бітірмей кеткен. Бұл да солардың кезектегі бірі шығар» деген әрі ащы, әрі қоймалжың ойлары мен сөздерін үйіп-төкті. Осы сөздердің ел аузынан шығуының жөн-жосығы да бар еді. Шындыққа тура қарасақ, сол кездері халқымыздың шаршағаны да рас болатын. Облыс орталығы басшылық орталығына айнала алмай сансыраса, аудандардың жағдайы одан да төмен еді. Елді мекендер жайлы айтудың өзі артық. Ол кез қазақшалап айтқанда «өлара кез» болатын. 
Серік Үмбетовті тосып тұрғандай Жаңатас жақтан суыт хабар жетті. Таразға жаяулап бет алғандардың мақсаты – темір жолға жатып, қатынасты тоқтату. Облыстық, қалалық әкімдіктердің алдына күнде жиналып шу көтергендерге ол кезде ет үйренген. Отбасын асырау үшін көптеген сала мамандары ала дорба арқалап кетті. Айта берсе атанға жүк боларлық қиындықтар көп еді. Облыс халқының алдағы жарқын болашаққа үлкен күдікпен, жаңа басшыға сенімсіздікпен қарауының себебін осыдан іздеген жөн болатын. 
Жаңа әкім келген күннің ертеңіне «Мызғымайтын мықты» аталып жүрген бір басшыны орнынан алып тастайды. Осыдан кейін талайлар ішін тартып қалады. Жылдар бойы мемлекетке салығын төлемей келген еркетотайлар, әртүрлі қитұрқы жолмен заңды айналып өтіп жүрген жылпостар момақан кейіпке түсіп, тәртіпке бас иетін халге жетеді».  
Сабақ болған осы қадамы болмаса, Серік Әбікенұлы мекемелер мен аудан басшыларын сапырылыстырып ауыстыруға ниет танытпаған. Басшы сенген соң басшылар да жан-тәнімен еңбектеніп, өздерін көрсетуге күш салады. Жаңа басшы күндіз-түні ел аралады. Ашынғаннан көздері шатынап, тамырлары адырайып кеткен Жаңатастың жұмысшыларының жанайқайын сағаттар бойына ашық аспан астында тұрып тыңдаған әкім сабырлылық танытады. Алаңда жандауысы шыққан олармен ілесіп босағаларын да аттаған. Нәтижесінде басшы да, айқайшы қауым да шындықтың бетіне тура қараған. Бұл – басшының алғашқы жеңісінің бірі екені кітапта жақсы келтірілген. 
Автор сол сәтті есіне алғанда:
«Өз басым облыс басшылығына Үмбетов келіпті дегенді естігенде қуандым… күдіктендім… абдырадым… Жарты айдан астам жүріп ақыры бардым. Бірер күн өткізіп барып қабылдады. Шамасы менің кім болғанымды, не істегенімді тексерді-ау деймін. «Өзімізден хабар болар. Күтіңіз!» деп шығарып салды. Сол хабар бір айға жуық уақыттан соң болды-ау. «Бірақ мен күтпеген іс болды. Сәуірдің жетісі күні облыстық мәдениет басқармасының басшысы етіп тағайындап, келесі күні орныма отырғызды. Осылайша менің жығылған жағам, еңкейген еңсем қайта тіктелді. Оны істеген – Серік Үмбетов болатын. Ол маған сенді! Сол сенімге селкеу түсірмеу үшін мен де аянбадым» деген еді ол ағынан жарылып.  
Жаны жай таппаған Әлібек облыс көлеміндегі жабылып қалған мәдени ошақтарды қайта ашу үшін жанталасқан. Ашылған мекемелердің жұмысшыларына жартылай болса да айлық төлене бастайды. Бұл да үлкен жеңіс. Бес-алты ай бойы айлық ала алмай жүрген театр, музей, кітапхана қызметкерлері жалақыларын алып жырғап қалады. Аудандар мен ауылдардағы мәдениет қызметкері үшін ақ түйенің қарны жарылған. Бұл орайда облыс басшысының бәрімізді жинап: «Аянбай жұмыс істейтін кездерің келді. Облыстың бір миллион халқы бізге сеніп, бізге қарап отыр. Егер істей алмасаңдар, өздеріңе өкпелеңдер!» деген сөзі оларға түрткі, әрі демеу болған.
Облыс әкімінің пәрменімен мәдениетке көңіл қатты бөліне бастағанына риза болған таластық ақын, сол кезде Талас аудандық мәдениет бөлімінің бастығы қызметін атқарған Нарша Қашағанұлы 2000 жылдардың басында Серік Үмбетовке арнап өлең жазыпты.    
– Мәдениет деген сұлу ауыл бар,
Сол ауылда кілең кедей қауым бар.
Таршылықтың тартқан талай қорлығын
Бір жасады-ау жаны жақсы бауырлар!…

…Әлпештейін әнші менен ақынды,
Құдай бізге бұйыртыпты әкімді.
Болдырдыңыз болмай жүрген бір істі,
Толдырдыңыз толмай жүрген тақымды.

Бұл өлкеге кім келмеді, кім кетіп,
Өтті бәрі өзгеретін күн жетіп.
Кетті бірі кетігімізді көбейтіп,
Жыртық-жыртық көңілімізді мұңды етіп.
Әлі талай әкімдерді көрерміз,
Ел есінде қалар бірақ Үмбетов!
– деген екен ол.
Жамбыл облысының халқы қазаққа тән қоңырқай тірлікті, басалқалығы басым. Бұл – ұлтымыздың ерекшелігі. Және бір айтарым – әсте қарағайдай қақайып, сіресіп, астамшылық танытатын басшылық жұртқа онша сүйкімді болмаған. Көзінше сыпайылық танытқанымен ондайлардың жақсы аты ел аузында қалмайды. Осы орайда облысты басқарған Серік Әбікен-­ұлының   артықшылығы – механизатормен механизаторша, шопанмен шопанша, қариямен де өз тілінде сөйлесе білетіндігі. Бұл оның қанына біткен қазақы қарапайымдылығы. Ақжарқын, ақтарыла күліп тұрғанда айналасындағылар көңілдеріндегі кірбіңдерін ұмытады. Бұл – қасиет! Мұны да кейіпкеріміз ерекше таныған.
Кейде ел басқарып, танымал болып жүрген кейбір биік лауазым иелеріне қарап отырып, неге бұлай деп еріксіз ойланасың. Білімі бар, биік кресло иесі, талай қызметтің қызығын көрген, тіптен шыққан тегі де кінәратсыз сияқты. Бірақ … осы «бірақта» талай «брак» жатыр ма дейсің. Ол азаматтың бойындағы кінә бір ғана тетіктен, айналасындағыны көрсе де көңіліне тоқымағандығынан аңғарылады. Бұл жағынан санасы жетілмеген бе дейсің. Әлгі лауазым иесі адам емес, бетоннан жасалған қабырға сияқты… Алдынан жадап-жүдеп шығасың. Тура бір роботқа жолыққандайсың. Міне, бұл халық үшін қорлық емей немене деп жаның жабырқайтыны бар.  
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлының кітаптарын оқып, парақтап өзімше осындай ой қорыттым. Қоғамдағы келеңсіздіктерге тайсалмай қарсылық танытып, айналасындағы адамдардың ізгі істеріне қуана білетіндігінің өзі оның ой-өрісінің тереңдігімен өлшенсе керек. Сонымен қатар, қасиетті Әулиеата жеріндегі рухани салада кездескен, жолықтырған азаматтар жайлы, олардың ұрпаққа ұлағат болатын жақсы қасиеттерін ашуымен ерекшеленеді. Ұлт асылдары – Баһадүр Көшек батыр, Өзбекәлі Жәнібеков, Шерхан Мұртаза, Шәмші Қалдаяқов, тағысын тағы алып тұлғалар жайлы да тебірене жазған. 
Адам өмірге келген қонақ, демек оның алатыны да, беретіні де бар. Бұл жағынан қарағанда марқұм Әлібек Әмзе Жамбыл бабасының ескерткішін тұғырына қайта орнату жолында «айқасқа тайсалмай» түсті. Мұндай жігер екінің бірінің бойынан табылмайды. Ұлы ақынның рухы қолдады оны. Рух деген ұлы күш. Ол тек Алладан келетін күш-қуат, ғажайып! Әлібекті сол ғажайып қорғаған. Болмаса орта жолда қолын бір сілтеп кетіп қалар еді. Дүлдүл ақын Жамбыл: «Жамбыл менің жай атым, Халық менің шын атым» деп бекер айтпапты. Жүз жасаған жыр дүлдүліне бұдан кейін тағы да Жаратқанның  нұры түскен демей көріңіз. Қазақ барда, мақала кейіпкеріндей ұлттың азаматтары барда мың жылдардың жетегінде ұлы жырау Жамбыл бабамның рухы бірге болатыны анық.

Күмісжан Байжан, 
Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты

 

Қатысты жаңалықтар

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.